Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні


Құлқожа Ахмет Иассауидың «Диуани хикмет» атты еңбегінің маңызы



бет9/16
Дата07.01.2022
өлшемі78,82 Kb.
#17393
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Құлқожа Ахмет Иассауидың «Диуани хикмет» атты еңбегінің маңызы
Түркі тілдес халықтардың Орта ғасырдағы данышпан ақыны, сопылық әдепті үйретуші ғұлама, есімі ислам әлеміне белгілі болған әулие Құлқожа Ахмет Иассауи бабамыз Испиджаб (Сайрам) қаласында 1093 жылы туып (болжам бойынша), Яссы (Түркістан) қаласында 1166 жылы қайтыс болған.

Әулие ғұлама Сайрам қаласында туғанмен ержете келе Түркістан қаласында Бұхарада оқып, Сол кездегі атақты шайықтар: Арыстан Баб және Хамаданилерден тәлім-тәрбие алған. Түркістанда сопылық – такуалық бағытты беркі ұстанып ұстаздық еткен. Ғұлама ақын кезінде (жахрия)(берілгендік), немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық- мистикалық ағымның негізін қалады.

Түркі тілдес халықтардың, соның ішінде, әсіресе қазақ халқының ұлттық (этностық) педагогикасында үлкен орын алған “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) деп аталатын қасиетті кітап – ұстаз ақынның болжамы бойынша есептелінген 4400 өсиетінің негізгі бөлімі.Мұнда берілген 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар дейміз.

Оғыз – қыпшақ (көне қазақ) тілінде жазылған “Даналық кітабы” Қазан қаласында (1887 және 1901 ж.), Стамбул қаласында (1901 және 1928 ж.), Ташкент қаласында (1902 және 1911 ж.) басылып шықты. 1990 жылдан қазіргі қазақ тілінде жариялана бастады. Ертеден еліміз ерекше мән беріп жаттап жадында сақтап, тәлім-тәрбиеге пайдаланып, пайғамбар сөзіндей пайымдап қадірлеген даналық сөздер жаңаша жаңғырып, өз қасиетін танытуда.

“Даналық кітабында”негізінен төрт ғақлия мадақталады.


  1. “Шариғат” – ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының негіздері , яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау. Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, ақын адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.

  2. “Тариқат” – сопылық ой-мақсаттарды насихат-өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеп, тақуалыққа үйрету:

Ғаріп, пақыр жетімдерді қылғын шадман,

Құлдық қылып, ғазиз жанды еткін құрбан.

Тағам тапсаң, шын пейілмен күткін мейман,

Хахықтан естіп бұл сөзді айттым, міне, –дейді ақын.

Сөйтіп оқушыны мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін қалтқысыз айтады.


  1. “Мағрифат” – дін жолын танып, оқып білу, яғни Алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағылым алу – адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен, айшықты жырмен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа, ыждағаттылыққа тәрбиелеу:

Ғаріп, пақыр жетімдерді әркім сүйер,

Риза болар сол пендеге пәруарді,-дейді

ақын ғаріп, пақыр, жетім-жесірлерді сүйсең, оларға жақсылық жасасаң, Алла-тағала (пәруардігер) саған риза болып, ісіңді оңдайды, мақсатыңа жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз ақын оқырманға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізеді, Алланың ақ жолы – адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.

4. “Хақиқат”–құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы құдіретті (Алланы) танып-білп, оған табыну, құдайдың құдіретіне сену–әрбір мұсылманның парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. “Иман нұры”, “Хақиқат дариясы”, “Ақиреттің азығы” арқылы адамның күнәдан таза болуына жол ашып беру мақсаттарын өлең қуатымен әске асыру:

Хақиқат дариясынан ішкен кісі,

Өзі мұңлық, көңілі сынық, көзі жасты,–дейді ақын.

Шыншыл,қамқоршы, мейірман ақын ел өміріндегі хақиқатты (шындық пен әділеттілікті) іздеп, көп жерде шыншылдыққа қиянаттың қырсығын көріп, мұзданады, көңілі сынады (көңіліне қаяу түседі), көзіне жас алады, сөйтеді де ұрпағын “Хақиқат дариясынан сусындауға”, әділетсіздермен күресе білуге шақырады, әділдікке, кісілікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.

Даналық өсиеттері арқылы ақын жалған ғалымдар мен жағымпаздарды, екіжүзділерді қатты сынайды:

Білгірі заман ақыр залым болды,

Жағымпаз, жан алғыштар ғалым болды,

Сойқанды елге ашық айта алмаудан,

Ішіме менің дертті жалын толды,–деп, ақын білгіштер білімін адамгершілік жолына жұмсамайтын залым болса, халықтың қаһарына ұшырайтынын, ал “жағымпаз, жан алғыш” болса, оның ғалымдылығының пайдасыз екенін әшкерелейді.

Әділетсіз залым патша болғаны-ай,

Ордасына өңшең қудың толғаны-ай.

Бірін-бірі жиналысып, қолпаштап,

Су төгілмес жүр ғой бәрі жорғадай, –деп, отты сықақпен әділетсіздікті, залымдықты, қулық пен екіжүзділікті өткір сынайды, елдің ел болуы ел басшысына байланысты екенін ескертеді. Алла жолындағы адамгершілікке жат әділетсіздік, залымдық ел басшысында болса, онда бүкіл ел қасірет шегеді. Сол киелі, қасиетті елге жақсылық жасаған басшы ғана алланың сүйген құлы болады дейді ақын. Сондықтан да әулие ақын елге бас иіп, тәжім етеді:

Қожа Ахмет басыңды елге ие біл,

Ақиқатты ары таза сүйе біл.

Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен

Халық қана дүниеге ие бұл, –деп, халықты қастерлеуге, ашкөзділіктен, қанағатсыздықтан, дүниеқорлықтан аулақ болуға тәрбиелейді, адам бойындағы ізгі қасиеттерді қастерлей мадақтап, оқырманды кішіпейіл, жомарт, мейірманды, сабырлы, салауатты болуға шақырады.

Халықты сүйген ғашықтар мұратына жетті.

Жалған ғашық болып жүрме, ұят ойла, –деп, адал махаббат алла жолын, яғни адамгершіліктің, ақиқаттың жолын сақтайды, ондай ғашықтар арманына жетеді деп, неке тазалығы–алдам өмірінің бақыты екендігін уағыздайды.

Ақын “иманын соқыр тиынға сатып кететін” табансыз талақтардың бұл дүниедегі орны – бақытсыздық, ол дүниедегі орны–тамұқ деп, қараниеттерді қатты сынайды, қаскүнемдлер мен қастекілерді адамдық бейнесі болмайтынын өртене өкініп жырлайды да, кісілердің ондай опасыздардан сақ болуын ескертеді.

Ақылшы ғұлама ұстаз ақын, әмбеге аян әулие бабамыздың өсиеттері өскелең өмірімізге өнеге, өсер өрендерімізге- тәлім, тәлім-тәрбие ісімізге– нұсқа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет