Әділеттілік туралы:
Есте сақта, сөзімді қабыл ет те,
Пайда-мінез, ұят пен әділетте.
(1630-бәйіт)
Сараңдық туралы:
Дүние мүлік жинадың кенелдің бе?
Оны ешкімге қимадың, жемедің бе.
Тартып оның азабын өлістің де:
Дүниеден ажалың білесің бе?
(1645-1646-бәйіт)
Еңбек туралы:
Көз берді Алла зат көріп құндау үшін,
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін,
Қос қол берді тірлікпен тынбау үшін,
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.
(3599-3600-бәйіт)
Ата-ананы құрметтеу туралы:
Ата-ананың қабылдап қасиетін,
Ардақтай біл атқарып өсиетін.
(1486-бәйіт)
Ғылым мен білім туралы:
Жастай түссең пәк ғылымның жолына,
Өмір бойы бақыт сенің қолында.
(1593-бәйіт)
Ақылды дос туралы:
Ақылдыға қосылсаң, бақытты боп өтесің,
Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің
(4497-бәйіт)
Меймандостыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеу:
Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды,
Олар сені құрметтеп сыйлап өтер басыңды.
(4649-бәйіт)
Қазақ халқының әріден бастау алатын ұлттық (этностық) педагогикасынан өз орнын алатын Жүсіп Баласағұни бабамыздың тәлім-тәрбиелік ойлары, өсиет-өнегелері өз құндылығымен ұрпақтан-ұрпаққа тәлімдік қуатымен жетеді. Құтты білімді құрметтей қабылдап, оның асылдарын ала білетін ұрпағымыз Баласағұнидің бар дүниесін қастерлей беруі ләзім.
Достарыңызбен бөлісу: |