Лекция тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары Лекцияның оқыту нәтижелері


Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты



бет2/8
Дата06.11.2022
өлшемі76,57 Kb.
#47888
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция 12 2022-2023

2.Н.С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.
1953-1964 жылдар тарихта шартты түрде «Хрущев жылымылығы» деп аталады. Сталин қайтыс болғаннан кейін билікке келген Н.Хрущев КСРО экономикасын ілгері дамыту жоспарымен тағы бірқатар реформалар жасауға әрекеттенді. Соғыстан кейінгі астық жетіспеушілігін жою үшін 1954 жылы наурыз айында КОКП ОК Пленумында тың және тынайған жерлерді игеру туралы шешім қабылданды. Егін егетін жер көлемін ұлғайтып астық өнімін көтеруге тапсырылды. Бұл шаруашылық пен азық-түлік дағдарысын шешудегі экстенсивті жолы болды. Астық өндіруді арттыру мақсатында 25 млн. гектар жер жыртылды, оның 9 млн. эррозияға ұшырап жарамсыз болып қалды. Тың игеру жылдары республикаға КСРО еуропалық бөлігінен «қажетті мамандардың» 2 млн. адам жаппай қоныс аударды. Нәтижесінде елдегі демографиялық жағдай одан әрі күрделенді. Қазақтардың үлес салмағы өз елінде 30 % -ға дейін төмендеп кетті.
1957 жылы шаруашылық реформасы бойынша экономиканы басқаруда аймақтық принципке негізделген халық шаруашылық кеңестері құрылды. Қазақстан 9 аймақтық халық шаруашылық кеңеске бөлінді. Елімізде 730 өнеркәсіп орындары іске қосылып жұмыс істеп тұрды. Қарағанды (1953 ж.), Шымкент (1958 ж.) және Семей (1958 ж.) цемент зауыттары, Жезқазған мыс байыту фабрикасы (1954 ж.), Шымкент гидролиз зауыты (1959 ж.) т.б. Халық шаруашылығын дамытудағы 1957 жылғы реформа сәтсіз болды.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
1957 жылы сол кездегi Кеңес Одағында бiрiншi басшы болған Н.Хрущев шаруашылық реформа енгiздi. Реформаның басты мақсаты бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйенi өзгертiп экономиканы басқаруды жергiлiктi органдардың қолына беру болды. Халық арасында Хрущевтың атымен аталған бұл реформа бойынша экономиканы басқаруды жергiлiктi жерлердiң қолына беру мақсатымен экономика саласы бойынша құрылған министрлiктердi, мемлекеттiк жоспарлау комиссиясын таратып жергiлiктi жерлерде административтiк-экономикалық райондар құрылды. Бұл райондарда экономиканы басқаратын халық шаруашылық кеңестерi /совнархоз/ құрылды. Совнархоздардың қолына сол райондағы барлық шаруашылық объектiлерi берiлдi. Совнархоздар өз қарамағындағы шаруашылықтардың өнiм өндiру, оны сату мәселесiн өздерi шешетiн болды.
Қазақстанда облыстардың орнына 9 экономикалық-әкiмшiлiк район орнады. Бұл шараның нәтижесiнде шаруашлықты басқару жергiлiктi жердiң қолына өттi. Бүл әрбiр кәсiпорынның, әрбiр районның экономикалық ынтықтығын арттыруға, сөйтiп ел экономикасын дамытуға мол мүмкiндiк ашты. Осы реформаның нәтижесiнде 5-6 бесжылдық жоспар толық орындалды. 1964 жылы үкiмет басына келген Брежнев 1957 жылғы реформаны тоқтатып бiр орталықтан басқаратын жоспарлы экономикалық жүйенi қалпына келтiрдi. Бұл Кеңес Одағында экономикалық тоқыраудың басталуына әкеп соқты. Мұны сезген Кеңес Одағының Министрлер Кеңесiнiң төрағасы Н.Косыгин 1967 жылы жаңа реформа енгiздi. Ол жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын ұштастырып ел экономикасын тоқыраудан құтқаруды көздедi. Дегенмен Косыгин реформасы нәтиже бермедi де ұзамай тоқтатылды.
Соғыстан кейiнгi жылдары Кеңес Одағының, соның iшiнде Қазақстанның ауыл шаруашылығының артта қалуы 50-жылдардың басында, әсiресе, егiншiлiк саласында ерекше сезiле бастады. Кеңес Одағы өз астығымен қажеттiгiн қамтамасыз ете алмады. 1953 жылы одақ бойынша 31 млн. тонна астық өндiрiлдi, ал елдiң қажеттiгi 32 млн. тонна болды. Жетпегенiн шет елден сатып алды. Кең байтақ, құнарлы жерi бар Кеңес Одағындағы мұндай хал ахуалдың себебi, шешу жолы күрделi едi. СОКП бұл мәселенi тың игеру жолымен шешпек болды.
1954 жылы көктемде болған СОКП Орталық Комитетiнiң пленумы Қазақстан, Сiбiр, Едiл бойы, Солтүстiк Кавказда 1954-1955 жылдары 13 млн. гектар тың жер игеру «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешiм қабылдады. Кейiн бұл меже 30 млн гектарға көтерiлдi. Тың жер игеруде Қазақстанның үлесi зор болды.
Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық тұрғыда екі бағыты болды:

  1. Интенсивтік бағыт – экономиканы ретеудің нарықтық қатнасына көшу. Бірақ та бұл социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Одағында тың игеруге дейінгі астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бұл өнім бүкіл игерілген тың жерлердің өнімімен пара-пар болар еді.

  2. Экстенсивтік бағыт – астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады.

Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осылайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрылды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі көп жайтты аңғартып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кантемировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, Оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шаққанда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын.
Тың игерудің негізгі қорытындысы – ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халықтың әлеуметтік институттарының жойылып кетуі қаупі туды.
1962 жылы Н.Хрущевтың бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді.
Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан астам мал басы болды.
1956 жылы бүкiл одақ бойынша 29,7 млн. гектар жер жыртылды, соның 18 млн-ны Қазақстанның үлесiне тидi. Тың жер Қазақстанның солтүстiк бес облысында игерiлдi. Тың жер игеру Қазақстан үшiн де, одақ үшiн де өз нәтижесiн бердi. Тың жер игерудiң нәтижесiнде Қазақстанда егiншiлiк жердiң көлемi 36 млн. гектарға жеттi. Бұл одақтағы егiстiктiң 16%-не тең едi. Кеңес Одағының халқының 6 %-ын құрайтын Қазақстан бидайдың 20%ын, еттiң 10%-ын, жоғары сортты қатты бидайдың 60%-ын өндiретiн болды. Ауыл шаруашылығы жерiнiң әр адамға тиетiн орташа мөлшерi жөнiнен Қазақстан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты, мұнда әр адамға 14 га жер келетiн болды. Қазақстан Одақ қоймасына 6 рет млрд пұт астық құйды. Тың игеруге жұмсалған қаржы 1977 жылы өтелдi. Тың игерудiң экономика, әлеуметтiк салаға тигiзген салдары да болды. Тың игеру Кеңес Одағында, соның iшiнде Қазақстанда экономика саласында белгiлi нәтиже бергенiмен оның зардаптары да аз болған жоқ.
Тың жер игеру шұғыл, асығыс жүргiзiлдi. Егiстiкке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зыян әкелдi. Осының салдарынан игерiлген жерлердiң бiразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кеттi. 50-жылдарының ақырында Қазақстанда 9 млн. га жер эрозияға ұшырады.
Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, ХХ съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесiнiң өзгеруiне әсер еттi. Тың игеру кезiнде Қазақстанннан тыс жерде өмiр сүрiп отырған қазақтарды келтiру мүмкiндiгi туды, қазақ зиялылары сондай пiкiр де көтердi, бiрақ бұл пiкiр ескерiлмедi. Қазақстанға тың игеруге 1,3 млн басқа ұлттың адамдары келдi. Орталықтан 25 мың басшы қызметкер, 1,5 мың мұғалiм келдi. Олар жергiлiктi кадрларды ығыстырды. Жергiлiктi жерлердегi қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тiлiнде оқытты. Қазақ тiлiндегi газеттер жаппай жабылды. Мұндай көрiнiстерге интернационализм мен ұлттар достығының белгiсi, Қазақстан ұлттар достығының лабораториясына айналды деген лепiрме баға берiлдi. Осылардың салдарынан қазақ халқы өз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы санақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы /табиғи өсуi жоғары болса да/ 8% кемiп, 30 пайызға түсiп қалды. Басқа ұлт өкiлдерiнiң үлес салмағы артты. Солтүстiк облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан көп төмен болды. Жер су, қала, қыстақ аттары орысшаланды. Аталмыш жағдайлар Қазақстан тәуелсiздiкке қол жеткiзген соң ғана оңала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет