4.Экологиялық дағдарыс. Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Су қорларын, қоймаларды сақтау – экологиялық проблеманың ең күрделі саласы болып табылады. Бұл әсіресе Арал теңізінің тағдырымен байланысты. Соңғы отыз бес жылдың көлемінде Арал теңізі 700 км3 су қорынан айырылды. Теңіз суының тұздылығы бір литрге шаққанда 20 грамнан асып түсті. Теңіз деңгейі 17 метрге төмендеп, жиектен жүздеген километрге қашықтап кетті. Жыл сайын 75 миллион тонна топырақ пен тұзды шаң ұшады. Ол барлық тіршілікті түбірінен құртуда.
1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай су электр станциясы салынды. Қапшағай қойнауы суға толтырылды. Соның салдарынан Іле өзенінен Балқашқа құятын су мөлшері азайды. Кішігірім көлдерге су келмейтін болды, көбі құрғап кетті. Бұл аймақ түгелдей сортаңға айнала бастады. Балық аулау көлемі қысқарды.
Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты, химиялық тыңайтқыштарды есепсіз пайдаланудың нәтижесінде егістік жерлер тұзданды. Арал тағдыры қайта басталды. Балқаш – Іле аймағының экологиялық жағдайы күрделі мәселеге айналды.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізер әсері 60 пайыз шамасында. Ол әсіресе, тау-кен өнеркәсібі орналасқан қалаларда жоғары. Қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық аура түрлерінің өршуіне ықпал етуде.
Кеңес үкіметі полигондарының ең күрделісі, жаппай қырып-жоятын қарудың ең көп сыналған жері – Семей өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс ұйымдастырылды. 1949-1990 жылдар аралығында Семей ядролық полигонында 475 қару түрі сыналды. Соның салдарынан, шекаралық территория халқы өте ауыр және созылмалы сәулеленуге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбалаудан да асып жығылды. Сол жылдары полигонға шаруашылық жайылымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады.
Семейдегі ядролық сынақтың салдарынан соңғы жылдары әр жүз мың адамға шаққанда жүйке-психологиялық ауруға шалдыққан адамдардың саны 960-тан 1624-ке, ақыл-ойы кем адамдар 3105-тен 4612-ге, невроз және жүйке тамыр дерті бар адамдар 3692-ге көбейген. Ал сары ауру, іш ауруы, туберкулез сияқты ауру түрлері халықты әбден меңдеп, арасында көпшілігі нағыз тұқым қуалайтын дауасыз рак, паралич,анемия, жазылмайтын тері ауруларының алуан түрлеріне душар болып отыр. Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді дәрменсіз етіп, адамзат баласында кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа» түрлерін туындата бастаған.
1991 жылы 29 тамызда Елбасшысы Н.Ә.Назарбаев полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, көреген саяси көзқараспен Қазақстан жаппай қырып-жою қару-жарағынан бас тартты. Мұны әлем жоғары бағалап, оның маңызы 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер тұсында ерекше құндылыққа ие болып отыр.
Тоқырау саяси салада болды. 30-жылдардан қалыптаса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе тоқырау жылдарында күшейе түстi. Демократия дамымады, үкiмет билiгi халықтың қолынан партияның қолына өттi. Конституцияда көрсетiлген азаматтардың құқығы бұзылды, Кеңес Одағында басқаша ойлаушылар қудаланды, сөз, баспасөз бостандығына қатал цензура қойылды.
Әлеуметтiк-рухани салада да тоқырау көрiнiсiн байқауға болады. Экология саласындағы құлдырау халық денсаулығына ерекше зыян әкелдi. Арал қасiретi, Байқоңыр, Семейдегi ядролық қару сынау қазақ халқының ден саулығына орны толмас зыян келтiрдi.
Тоқыраудың негiзгi себептерi Кеңес Одағында саяси салада бiр партияның үстемдiгi, экономика саласында бiр орталықтан басқарылатын жоспарлы экономиканың үстемдiгi, идеология саласында бiр ғана марксистiк идеологияныңң үстем болуы, Кеңес Одағындағы басшылардың қабiлетсiздiгi және т.б. себептердi айтуға болады.
1960-1980 жылдары Қазақстан ғылымының, әсіресе жаратылыстану саласы бойынша едәуір ілгері басуы байқалды. Ол жаңа пайдалы қазбалардың игерілуі мен ашылған жаңалықтарға байланысты болды. Ғылымның едәуір жоғарылауына өндірістің жылдам дамуы мен мақсатты қаржыландыру ықпал етті. Қазақстандық ғалымдардың арасында ғылымға қосқан үлесі үшін Лениндік сыйлыққа ұсынылғандары болды. Алайда, тәуелсіз ойлауға шек қойған советтік идеология ғылымның дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. Әсіресе, қоғамдық ғылымдар идеологиялық қысымды қатты сезінді.
1970-1980 жылдары партиялық бақылау күшейді. Аса қатты шектеулерге қарамастан Қазақстан ғалымдары мен жазушылары шынай өмірден маңызды шығармалар жазды. Осы уақытқа Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Болат Аюханов, Шәкен Айманов, Мұқан Төлебаев, Құдыс Қожамияров, Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Сидоркин, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және басқа да көптеген өнер қайраткерлерінің шығармашылығының жоғары деңгейге шарықтаған кезеңі болып табылады. Сөйтіп, партиялық өктемдікке, шектеуге қарамай, мәдениет пен білімде, ғылымда жағымды істер атқарылды.
Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсті. Ұлт саясатындағы әділетсіз бұрмалаушылықтар асқынды. Қазақ тілінің қолдану аясын тарылды.
Тұтастай алғанда, Қазақстан мәдениеті 80-ші жылдар ортасына қарай серпінді даму сипатынан айрылды. Оның арты Кеңестер одағының ыдырауына ұласты.
5.М.С.Горбачевтың реформалары1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. .
1985 жылы ғылыми-техникалық жаңалықтар негізінде өнідіріс өнімдерін арттыру жоспарымен экономикада «қайта құру» үдерісі басталды. Алайда қойылған міндеттер мен жоспарлар көпшілігі орындалмай, халық шаруашылығында құлдырау тоқтамай жалғаса берді. Республика экономикасы шикізат бағытынан айырылмады. Шаруалардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіру, жұмысшыларды өнеркәсіп құралдарынан алшақтау экономикалық дағдарысты күшейте берді. Кеңес Одағы коммунистік партияның экстенсивті және әкімшіл-әміршіл экономикасы осы кезде тетіктерінен толық айырылып, түбегейлі өзгерістер қажеттілігін тудырды.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.2. Демократияландыру мен жариялылық.3. Төрешілдікке қарсы қүрес.4. Халықтық реформа жүргізу.5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді.
Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді:
Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.
Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздеріне жеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.
Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері әсер етті. Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерестің, ең жаңа технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға қабілетсіз болып шықты. Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.
Ал “бүкіл әлемнің тәртіп үшін күресіне ие артуға келсек, онда осы шараның көмегімен өнеркәсіп нәтижелілігін тек 1%-ке ғана көтеруге қол жетті, оның өзі қайта құрудың бірінші жылы болды. Ішімдікке қарсы әрекет госбюджет жетіспеушілігінің өсуі мен тұтынушылар рыногындағы ахуалдың ұшығуына әкеп соқты.
Екінші кезең. 1987ж. жаз – 1989ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған “косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен билеп алды.
Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да, бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.
Үшінші кезең 1989ж. май – 1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығының бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған орғанға көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды. Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.
Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының “қарапайымдылығы мен демокаттығы айтылып жатты.
Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды. Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде “қала мен селоны алкоголизмнен тазартамыз” деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық қоғамдары құрылып жатты, әр жерде “құрғақ” тойлар өткізілуде болды, ал милиция болса тіке ресторан залдарынан ішкендерді аулап жүрді десекте болады. Алкоголизм бәрібір азаймады. Бұл ауруға ұшыраған адамдар есірткіқұмарлыққа көшті, самогон қайнатумен айналысып кетті және т.б.
Осылайша республикада байқалған қоғмдық-саяси өмір тенденциялары ел орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. “Жариялылық туралы мәлімдеп, жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы Қазақстанға да жете бастады.
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса бастайды. 1989ж. қарашадан 1990ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103 қоғамдық қозғалыстар, партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.
Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар бойынша құрылды. Мұны айтпақшы, электорат дифференциациясының негізгі принципі этникалық топпен идентификация екенін анықтап берген парламентке сайлау да нақтылай түсті.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкілілігі, демократияның құқықтар мен еркіндіктердің басты жоқтаушысы – орта топтың болмауы Қазақстанда осы кезеңде демократиялық бағытпен белгіленген қозғалыстар мен партиялардың неге халықтық қолдауға ие болмағандығынан деп түсіну керек. Егер олардың құқықтық демократиялық мемлекет құруға абстракті үндеулері халық арасында біршама құнтталып жатса, ал жеке меншік пен қоғамның нарықтық қатынасына нақты бағдарламалық бағыт көбіне өзін-өзі ақтай алмады.
Осы жылдары коммунистік партия өзінің “қоғамның бірден-бір басқарушы және бағыттаушы күші” ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе берді. 1990ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17%-і ғана КОКП-ның қоғамды қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да, көбейіп келе жатты. Сонымен, 1989ж. қазанда Алматыда сайлаушылардың қалалық “Кеңес” клубы құрылды. Оның бастамашылары партия мүшелері С.Әбдірахманов, Қ.Мезенцов, т.б. болды. Осы клуб отырыстарында КОКП-ға сын айтылды, оны түбірімен реформалау талаптары қойылды. Алайда мұндай елестің жүзеге аспайтындығы анық болды. 1988 ж. ортасында өткен КОКП Бүкілодақтық конференциясы, одан кейінгі партия съезі партияның өзін-өзі жаңартуға және реформалауға қабілетсіздігіне толық көз жеткізді. Қоғам тарапынан оған деген сын мен қарсы келу жоғары тенденциямен өсе түсті. Мұның нәтижесі 1991 жылғы тамыз оқиғалары болды. 1991ж. қыркүйекте Қазақстан Компартиясы таратылды. Республика дамуының, қоғамдық-саяси өмірінің жаңа кезеңі басталды.