Лекция Тақырыбы: Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары



Дата10.10.2022
өлшемі21,96 Kb.
#42070
түріЛекция
Байланысты:
Алия хим лек 1


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті


№ 1-2 лекция

Тақырыбы: Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары


Орындаған: Жақсылыкова Әлия


Тексерген: Суюндикова Файзия Отызбаевна

Нұр-Сұлтан қаласы, 2022


Жоспар

  1. Жаңа технологиялар ұғымы жайлы. (Технология, оқыту технологиясы, оқытудағы технологиялық тәсіл, оқыту технологиясының белгілері, жалпыланған педагогикалық технологиялар, оқыту технологиясының мәні, механизмі, мақсаты, белгілері.)

  2. Проблемалық оқыту технологиясы. (Проблемалық оқыту технологиясының мақсаттары. Оқытудың басты белгілері. Проблемалық оқыту технологиясында қолданатын әдістер.)

  3. Жобалап оқыту технологиясы. (Мақсаты. Жобалап оқытудың теориялық алғы шарттары. Жобалап оқытудағы шектеулер.)

  4. Модульды оқыту технологиясы. (Модульды оқытудың мақсаты. Негізгі идеиялары. Модульды оқытудағы шектеулер.)

«... жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді»
И. П. Павлов

  1. Жаңа технологиялар ұғымы жайлы. Оқыту аумағы, оқушы бойындағы құзыреттілік жаңа технологияларға сәйкес, білім беру мазмұнына орай білім беру мекемесінің ерекшелігіне сай оқытушы мен білім алушының арасындағы ынтымақтастық типтеріне сай қалыптасады. Технологиялық тәсілде алдымен білім беру процесінде бағытталу мен меңгеруді жүзеге асыру керек. Осының өзі алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік беріп, белгілі мөлшерде нәтижелі жұмыс атқарғанға жағдай жасайды.

Оқытудың технологиялық белгілері:

  1. Оқытушы әрекеті мен оқушы әрекетіндегі тікелей байланысты әрекеттік сипат. Ынтымақтастық.

  2. Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдердің жиынтығы. Оқыту процесін ұйымдастыру және жобалау.

  3. Оқушының жеке - дара дамуын мүмкін ететін білім алу потенциалын ашып көрсететін ыңғайлы шарттардың болуы.

Кез- келген оқыту технологиясы мақсатқа бағыныңқылықтан, ғылыми идеялардан, оқытушы мен оқушы әрекеттер жүйесінен, білім нәтижесін бағалау критерийлерінен құралады.
Оқытудың қазіргі кезеңгі технологиясы келесі позицияларды сипаттайды:

  1. Оқыту технологиясы белгілі бір педагогикалық ой- толғау негізінде құралады. Оның негізі автордың әдіснамалық, философиялық көзқарастарына сүйенеді.

Қалай оқытамын? Қалай дамытамын? Қалай бағаланды?

  1. Технологиялық әрекеттер тізбегі ондағы орындалатын операциялар, коммуникациялар алға қойған мақсатқа орай күтілетін нәтижеге байланысты қатаң құрылады.

Технологияның қызмет етуі оқытушы мен оқушының өзара байланысты әрекетін даралап, саралап оқыту принциптеріне орай адам факторы мен технологиялық мүмкіндіктерді мейлінше тиімді қолдануға негізделіп құрылады.
Педагогикалық технологияның кезең - кезеңімен жоспарлануы, рет- ретімен жүзеге асырылуы кез - келген басқа оқытушының ұйымдастырыуына мүмкіндік беріп, оқушының білімінің нәтижесін мейлінше мүмкін ету керек. Педагогикалық технологияның ең басты құрам бөлігі болып диагностикалық шаралар есептеледі. Олар өлшем бірліктерден, критерийлерден, көрсеткіштерден және іс- әрекет нәтижесін өлшеу құралдарынан тұрады.
Педагогикалық технологияның мәні. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде елуден астам жаңа технология қолданылады екен. Педагогикалық технологияның кем дегенде үш мәні бар:

  1. Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатта аудиовизуальды құралдарды, телеарнаны, компьютерді, басқа түрлі қатаң (hard-Ware) және жұмсақ (soft-Ware) құралдарды қолдану.

  2. Педагогикалық технология - барлық оқу процесінің жоспарлау, іске асыру, бағалау әдіснамасы және техникалық пен адам ресурсын, олардың өзара әсерін ескере отыра білімнің тиімді формасына жетуде ілімді меңгеру. Бұл мағынада педагогикалық технология жүйелік талдауды теориялық құрал ретінде қолданады.

  3. Педагогикалық технология - оқытушының оқу процесінде студентке ықпал жасау тәсілі туралы ілім.


  1. Проблемалық оқыту технологиясы - оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе. Проблемалық оқыту - проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.

Проблемалық оқыту технологиясының мақсаттары:

  1. Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу.

  2. Білімге қасиеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеру.

  3. Оқудың бала өміріндегі еңбегімен байланыстылығы.

  4. Оқушының өзбетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық икемдіктерін дамыту.

Проблемалық оқыту технологиясының мәні оқушылар алдында біртіндеп мақсатқа бағытталған танымдық міндеттерді қою. Оқушылар сол мәселені шешу барысында белсенді түрде білім негізін қабылдайды.
Проблемалық оқытудың басты белгілері:

  1. Білімді проблема негізінде баяндау. Оқытушы сабақты жай хабарлап, не баяндап түсіндірмейді, проблеманы қоя отырып түсіндіріледі. Білім алушылардың таным белсенділігін арттыру, біріге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі.

  2. Білім алушыларды іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу. Оқытушы білім алушылар алдына проблема қояды, ол проблемаға назарын аударады, сабақ барысында сұрақ-жауап, басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды

  3. Оқытудың зерттеу әдісі. Білім алушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді

Проблемалық оқыту технологиясында қолданылатын әдістер:
Концентрленген оқыту.
Мақсаты: дидактикалық бірліктерді ірілендіріп беру. Адамның табиғи психологиялық қабылдау құрылымына жақындатып құру. Пәндерді сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы тереңдетіп оқытуға негізделеді.
Мәні: оқушыларды жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескере отырып оқыту.


Дамыта оқыту.
Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту оның қабілетін жетілдіру.
Мәні: оқу процесін адамның потенциялдық мүмкіндіктеріне бағыттап оны жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Оқушыларды әрекеттің әр түріне қызықтыра отырып бағыттау.


Дифференциялданған оқыту.
Мақсаты: білім бастамасын анықтауға қызығушылығымен қабілетін дамытуға тиімді жағдай құру.
Мәні: бағдарлық материалды әр түрлі деңгейде меңгеру, бірақ міндетті стандарттан төмен болмауы керек.


Белсенді контексті оқыту.
Мақсаты: білім алушылардың белсенділігін ұйымдастыру, кәсіби бейімді әрекетті оқыту, мазмұнының ішінде үлгілеу.
Үлгілеудің 2 түрі бар: олар пәндік, әлеуметтік болуы мүмкін.
Мәні: белсенді оқыту әдістері.


Ойын түрінде оқыту.
Мақсаты: Оқушылардың сын-тұрғысынан ойлауын интерактивті тәсілдерді білім беру процесіне енгізу арқылы қамтамасыз ету.
Мәні: Оқушыларды шығармашылық әрекетке ойын арқылы кіріктіру. Соңғы шыққан сын-тұрғысынан оқу.


Дебаттар әдісі.
Мақсаты: Дебат арқылы оқушылардың дұрыс шешім жасай білуін, шығармашылық ойлауын, өз ойын жүйелі түрде негіздей білуін, ұсынған идеясын қорғап, елдің көзін жеткізе білуін қалыптастыру



  1. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясының негізі – оқушылардың оқу – танымдық іскерлігінің практикалық және теориялық қиындықтарды шешу жолына бағытталған.Алғашқы көрсеткішті көруге,қабылдауға,шынайы өмір тәжірибесінде қолдануға болады.Кейінгі көрсеткішті оқушылардың баға жетпес құндылығы,тәжірибе іскерлігін өз білімімен байланыстырады.

Мақсаты: оқушылардың өздігінен әр түрлі білім көздерінен жетіспеген білім негізін алуға жағдай туғызуы. Бұл әдіс негізінде оқушылар танымдық және сарамандық міндеттерді шешуге алған білімдерін қолдануға үйренеді, құзыреттілік икемділіктерді қабылдап, әр түрлі топта жұмыс істеуге зерттеушілік іскерліліктерін дамытады. Мәселені көре білуге, ақпарат жасауға, бақылау жүргізіп эксперимент жасауға, талдау жүргізіп, тұжырым жасауға үйренеді. Жүйелі ойлау қабілетін дамытады.
Жобалық оқытудың теориялық алғы шарттары:

  1. Ең басты назарда оқушылар тұрады. Олардың әр түрлі шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.

  2. Білім беру процесі оқу пән логикасына негізделмейді керісінше оқушының өзіне тән әрекетінің логикасына негізделеді. Осының өзі оқушының оқуға деген мотивациясын дамытады.

  3. Жоба негізінде жекеше жұмыс істеу әр оқушының өзіндік дамуының деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді.

  4. Оқу жобаларын құруға кешенді түрде келу оқушылардың физиологиялық, психикалық дамуын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  5. Базалық білім деңгейін терең және саналы меңгеру әр түрлі жағдайда оларды әмбебап қолдануға байланысты.

Мұғалім мен оқушының әрекеттесу жүйесі оқушы мен мұғалімнің әрекет жүйесін анықтау мақсатында алдымен жобаның кезеңдерін анықтап алу керек. Қазіргі кезде жобаны құрудың келесі кезеңдері қолданыс тауып отыр.
Жоба тақырыбының көлемі әр алуан, негізінде оқу жобаларының үш түрін бөліп көрсетуге болады. 2-6 сағат қысқа мерзімді, орта мерзімді 12-15 сағат, сонымен қатар ұзақ мерзімді жоба болады. Негізінен оқу мекемелеріне әр түрлі жобалар болуы мүмкін, негізінен бір жобаны кешенді етіп ұсынған дұрыс. Жас шамалары әр түрлі ұжымда бір оқу жылында 2-3 жоба істеуге болады. Ал оқу пәндері бойынша жобалар құру көбірек болуы мүмкін. Білімді бағалау өлшемі жобаның мақсатына қашалықты деңгейде жеткенімен анықталады. Осындай жобалық оқытуды жүзеге асырады, анықталады. Жобаның нәтижесі егер жоба мақсатты іске асырылса онда жаңа нәтиже алуға тырысуымызға болады. Ол нәтиже оқушылардың оқу таным қабілеттілігі мен дербестілігінің қаншалықты деңгейде дамығандығын көрсетеді. Бұл технологияны қолдану шектеулері:

  1. Осы технологияны қолдануға мұғалімнің мотивациясының төмендігі.

  2. Оқушылардың жобаға қатысты мотивациясының төмендігі.

  3. Оқушылардың зерттеушілік икемділіктерінің төмен деңгейде болуы.

  4. Жоба нәтижесін бағалау критерийлерінің жеткіліксіздігі.




  1. Модульды оқыту технологиясы. Пән модульдерге бөлінеді. Модульды оқыту технологиясы – оқушыларды өз бетімен (толық, жартылай) мақсатқа бағытталған жекешелендірілген бағдарлама бойынша ерекшеленеді. Оқу модульдерінен тұрады. Ақпараттың аяқталғаны оқушы әрекетінің мақсаттарын ұсынады. Сол ұсыныстар бойынша оқушы жүйелі түрде жүзеге асырады.

Модульды оқытуды жекешелендіреді. Ол оқыту мазмұны бойынша меңгеру жылдамдығына сай оқыту. Әдіс тәсілдерін бақылау, өзіндік бақылау сәйкес жүргізіледі. Модульды оқыту технологиясы басқа жүйелерден айырмашылығы келесідей.

  1. Оқу мазмұны аяқталған дербес кешендерден тұрады, ол кешендерді меңгеру алға қойылған мақсаттарға орай жүргізіледі. Оқыту мақсаты тек оқытылатын материалдың мазмұнын көрсетіп қоймай меңгеру деңгейінде көрсетеді, сонымен қатар оқушы оқытушыдан қандай тиімді кеңес алады.

  2. Оқушының оқытушымен тіл табысу формасы өзгереді, ол модульдер арқылы жүргізіледі, яғни жекеше тіл табысу бағыттаушы мен бағытталушының әсерлесу негізінде жүзеге асады.

  3. Оқушы оқу жұмысының көп уақытында өздігінен жұмыс істейді, өзіндік жоспарлармен, өзіндік ұйымдасуды жүзеге асырып, бақылауға үйренеді.

  4. Оқушыға жеке кеңес беру жоғалады.

Модульді оқытудың мақсаты: оқушылардың дербестігін дамытып, оқу материалын өңдеудің дара тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың дербестілігін дамытады.
Негізгі идеиялары:

  1. Модульді оқыту әрекеттік принципке негізделеді, оқу мазмұны саналы түрде меңгерілгенде ғана белсенді әрекетті негізі болып, табылады. Жүйелі түрде енгізіледі, жүргізіледі. Сондықтан мұғалім тапсырмаларды әзірлеу кезінде оқыту құрамына сүйене отырып оқушыларды оқу әрекетіне бағыттайды. Оқушылардың өзіндік бақылау, оқыту процесін өздігінен басқаратын рефлекципті түрге ауысады.

  2. Модульді технология дамыта отырып оқыту идеяларына негізделген, егер оқушы оқытушының белгілі бір көмегімен тапсырма орындайтын болса, жеке бас дамуының аумағындағы орналасқан деуге болады. Осындай тәсіл оқушының психикасы жетіліп, ол бүгін басқа біреудің істеген әрекеттен ертең өз бетімен істей алады, оқушы өзекті аймаққа кіреді, жұмыс істеуі бір саты жоғарлайды. Ол мазмұнның сараланып берілуін, оқушыға көмектің шектеулілігімен және оқу әрекетінің ұйымдастыруынан көрінеді. Жекеше формада, топтық формамен және жұппен жұмыс істей алу керек.

  3. Модульді оқыту технологиясы негізінен бағдарланған оқытуға негізделген ондағы нақтылық әрекеттердің жүйелілігі оқушының дербестігі жұмыстың жекеше екпіні, нәтижелерді үнемі тексеріп отыру, өзіндік бақылау програмаланған тәсілге және модульді оқытуға сай келеді.

  4. Технологияның белсенді сипаты оқыту процесін тиімді етуді қажет етеді. Мақсаты жақсы нәтижеге аз күш, аз құрал жұмсап жету. Оқушымен оқытушының әрекеттер жүйесінің реттілігімен көрінеді.

Модульді құру кезіндегі әрекеттер негізі: модульді құрғанда бұрыннан белгілі қағидаларға сүйену керек. Жеке дидактикалық мақсаттар жинақтала келіп, модульдің интеграцияланған мақсатына жетуді көрсетеді. Осындай нәтиже модульді бағаның кешенді дидактикалық мақсатына әкеледі. Модульді құру кезінде кері байланысты жүзеге асыру білім меңгеру процесін бақылауға және меңгеруге негіз болады. Мұғалімнің жүргізетін кіру және қортынды бақылауы қатаң, ал аралық және күнделікті бақылау аса қатаң болмау керек. Оқу және дидактикалық материал нақты жеткілікті түрде диалогты формада жақсы мақаммен берілгені жөн.
Модульдарды құру кезінде оқушылардың білімді меңгеру логикасын қалау қажет. Логиканы қолдана отырып, қортып жүйелеу керек. Модульдің құрылымы оқу сабағына, оның логикасына сәйкес келеді. Оқушының әрекеті өзінің дамуының жақын аймағында өтетін болса өзіндік меңгерумен өзара меңгеруге бағытталған болады. Бір – бірімен тіл табысу қалыптасады. Рефлексті қалпын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Оқытушының әрекеті толығымен өзгереді. Модульдік бағдарлама құру ол модульді сабақтың үстінде мотивациялайды, ұйымдастырып кеңес береді. Модульді оқытудың мүмкіндігін қолданады.
Модульді оқытудағы шектеулер:

  1. оқушылардың дайындық деңгейі өз бетімен жұмыс істеуге жеткіліксіз болуы мүмкін.

  2. білім беру мекемесінің материалдық деңгейі төмен болуы мүмкін.

  3. модульге енгізген материал көлемі үлкен, нәтижесінде уақыттың жетіспеуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет