Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті бақылау


Білім алушыларды аралық аттестасиялау–



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата07.05.2023
өлшемі336,11 Kb.
#90920
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DPLTQLETIHZK03052023221450

Білім алушыларды аралық аттестасиялау– білім алушылардың бір оқу пәнін оны 
зерделеп бітіргенінен кейінгі бір бөлігін немесе бүкіл көлемінің мазмұның меңгеру 
сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. 


Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиіс білім беру денгеінің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартыда көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың 
меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілген рәсім. 
Білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізгенде және әр түрлі 
мақсаттағы бақылауларда тест тәсілі кеңінен қолданылуда. 
√ Жалпы білім беретін мектеп түлектерінің білімін қорытынды бақылаудағы Ұлттық 
Бірыңғай тестілеуде (ҰБТ); 
√ ЖОО-ның 2-курс білімгерлерін аралық мемлекеттік бақылаудын өткізгенде; 
√ ЖОО-ның 4-курс білімгерлерін қорытынды мемлекеттік бақылаудан өткізгенде; 
√ Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін анықтау бойынша 
аттестаттаудан өткізгенде; 
√ ЖОО-ның оқу-тәрбие үдерісінде ағымдық бақылауды жүзеге асырғанда және т.б. 
Кешенді тестілеу – ақпараттық технологиялар қолданылып бірнеше оқу пәндері 
бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны. 
Тест тапсырмалары жас деңгейлері бойынша топталған, арнайы даярланған және 
сынақтан өткізілген тапсырмалар жиынтығы. 
Ол статистикалық әдістерді пайдалану негізінде зерттелінетін сапалар мен 
қасиеттерді объективті әрі сенімді бағалауға жол ашады. 
Педагогикалық тестілеу білім, білік дағдыны меңгеру деңгйін анықтаудың бірден-бір 
әдісі ретінде төмендегідей артықшылықтарымен ерекшеленеді: 
√ бақылау тиімділігі жоғары; 
√ бір мезгілде саны жағынан басымырақ көптеген білім алушылардың білімін 
тексеруге болады; 
√ бақылаудың жоғары объективтілігі:білім алушы мен білім берушінің арасында 
өзара әрекеттер болмайды, білім алушының білімі сырттай, яғни педагогикалық үдерістің 
субъектісінен тысқары үшінші адам – бақылаушы тексереді;
√ білім алушының білімі уақыт жағынан тез, лезде анықталады және білімді тексеру 
нәтижелері жоғары дәлдікте орындалады;
√ білім алушының бақылауға дейін де және одан кейін де өзін-өзі бақылауға 
мүмкіндігі бар; 
√ барлық білімгерлер үшін бірдей жағдайды қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет