Лекция тақырыбы: Жоғары мектептегі педагогикалық үдерісті бақылау



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата07.05.2023
өлшемі336,11 Kb.
#90920
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DPLTQLETIHZK03052023221450

Координация – үдерістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін басқару функциясы. 
Координациялаудың басты мақсаты – өзара тиімді байланыс орнату арқылы мекеменің 
барлық бөліктеріндегі жұмыстың бір-бірімен байланысын қамтамасыз ету. 
Координациялауды жүзеге асыруда көптеген құжат көздері пайдаланылады 
(кафедраның, факультеттің, жоғары оқу орнының жарты жылдық, жылдық есептері, 
қызметтік хаттары, баяндамалары және т.б.)
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық 
ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпаратты 
талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіздікке қарсы қойылады. Әлеуметтік 
педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс 
құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде 
қарастырылады. 
Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым 
аздығынан туындайды. Мекеме ішілік басқаруда ақпаратты біржақты қаратыруға 
болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешеім қабылдауға, оны іске асыруды 
реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педогогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері 
тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ол оқу – тәрбие үдерісінде тұлғаны дамытудың 
бағыттары, оны оқу және оқудан тыс әрекетті, мінезі және даму ерекшеліктері туралы 
ақпараттар жетіспей жатады. 
Мекемешілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу, сақтау және 
қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мекеме басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, 


сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасауды 
жиі қолданады. Техникалық құралдар мен компьютерлендірудің нәтижесінде материал 
жинау, оны өңдеудің мерзімі едәір қысқарады. 
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мекеме басшысының міндеті – мекемешілік 
ақпараттық басқару технологиясын жасап енгізу. Ол технологияны басшымен бірге 
білімгерлер пайдалана алуы тиіс. 
Педагогикалық жүйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің 
оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының төмендегідей топтастыруға 
болады: 
√ уақыты бойынша – күнделкті, айлық, тоқсандық, жылдық; 
√ басқару қызметіне қарай–талдамалық,баға берушілік, конструктивті, ұйымдық; 
жиналған мәліметтердің көзіне қарай–мектепшілік,ведомствалық, ведомстан 
тыс;
мақсатты пайдалану бойынша–директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік 
және т.б. 
Ақпараттық банк қалыптастыру, оны шұғыл қолдану, еңбектң басқару мен ғылыми 
ұйымдастырудың деңгейін арттырады. 
Педагогикалық ақпаратты басқару нысаны туралы әрқилы мәліметтерден шектеуді 
жүзеге асырады. Бұл шектеулердің өз шекаралары бар. Олар: 
√ ақпарат ұзақ мерзімді (жылдық, жарты жылдық) перспективті жоспарлаудың 
негізін құру тиіс; 
√ ақпарат оқытушыға жекеленген білімгерлерлермен, топ ұжымымен жұмыс 
жүргізудің міндеттерін реттеуге мүмкіндік тудыруы қажет;
√ ақпарат білімгерлермен жүргізілетін жұмыс мазмұның сұрыптаудың негізін салуға 
лайық болуы шарт; 
√ ақпарат оқытушыны іс - әрекеттің қандай түрін білімгерлермен ұйымдастыру 
керектігіне және ол іс - әрекет білімгерлерді неге үйрететінін түсінуге жетелуі тиіс; 
√ ақпарат әрбір білімгерді нақты іс - әрекетке үйретуге, нақтылауға қызмет етуі 
керек. 
Жоғарыдағы талаптар сақталса ғана ақпарат басқару нысаны мен қоршаған әлем 
туралы дұрыс мағлұмат береді, соның негізінде оңтайлы басқару шешімдерін өңдеуге 
мүмкіндік туады. Оқытушыға ақпараттың 3 түрі аса қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет