Лекция тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару Лекциялық сабақтың оқыту нәтижелері



бет2/5
Дата27.09.2022
өлшемі32,68 Kb.
#40459
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
лек 4а

«Қораптағы сұрақтарға жауап бер» әдісін рефлексия -ой толғаныс білім алудың қорытындылау кезеңіне жүргізуге болады.
-Бүгін не қиын болды?
-Қалай жұмыс істедің?
-Бүгінгі білім қайда керек болады?
-Бүгін не қызықты болды?
-Бүгін не білдім? деген сұрақтарға жауап береді, яғни оқушылар сабақ бойы алған білмдерін, түсініктерін ӛз сӛздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімдерін кӛрсете алатын кезең.



Табыс критерийлері

Бағасы

Мақсатқа жеттің бе? Әлде
талпынасың ба?

1

Қызықты математикалық әзіл есептерді шығара білу тәртібін білемін







2

Сӛзтізбек, математикалық ертегі есептерді шығара аламын.







3

Математика мен табиғат арасындағы байланысты кӛре алдым.







Оқушы бойында функционалдық сауаттылықтары қалыптасады. Атап айтсақ,
-Берілген тапсырмаларды ӛмірмен байланыстыра алады.
-Берілген тапсырмалардың қажеттісі мен қажетсізін іріктеп, саралай алуы
-Қажетті ақпаратты негіздей және жүйелей алуы
-Қорытындылар жасай алуы. Яғни осындай іс-әрекетке қалыптасқан оқушы болашақта айналадағы құбылыстар мен жағдаяттардан ӛзіне қажеттісін түйіп, ӛмірде пайдалана білуге үйренеді.
Оқушы бойында коммуникативтік құзіреттілік бұл:
-оқу міндеттерін шешу үшін тиісті қарым-қатынас тәсілдерін игеруі
-ӛз әрекетіне ӛзіндік баға беруі және түзетулер мен толықтырулар жасай алуы
-ӛз жұмысының нәтижесін кӛрсете және жариялай алуы
-ӛз ойын жеткізе алуы және ойының дұрыстығын дәлелді түрде негіздей алуы.
Демек, оқушы осы арқылы түрлі жағдайларда ӛз пікірін жеткілікті түрде негіздеуге, ӛз ойын еркін жеткізуге, ӛзінің және ӛзгелердің әрекетіне баға беруге, ӛзін дамытуға үйренеді.Оқушы бойында проблеманың шешімін табу және ӛзіндік басқару құзіреттілігінің қалыптасуы ол оқушының:
-мәселені айқындау және іс-әрекет мақсаттарын белгілеуі
-қабылданған шешімді жүзеге асыруға қажетті жағдайларды анықтауы
-іс-әрекеттер қадамдарын жоспарлай алуы
-қойылған мақсат пен міндетке сәйкес іс-әрекетті ұйымдастыруы
-ӛзінің іс-әрекетін бақылай алуы. Осы аталған дағдылары қалыптасқан оқушы ӛмірде де жоспарлы түрде әрекет етуге, мәселелер туындағанда жедел және дұрыс шешім қабылдауға, тығырықтан жол табуға, ӛзін-ӛзі басқаруға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет