Лекция тақырыбы Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосудың вариативті формалары. Жоспары: Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға дайындығын көрсетеді


Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі27,06 Kb.
#130257
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
7 лек

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылуда, білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуда:
-білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі; балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
-оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
-қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру; білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
-Дәстүрлі оқыту үдерісі мен білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
-Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
-Мүгедек балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.
Мультимедиа мәтін, дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді. Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үдерісін заманауи тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, баланы ерте дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік құзыреттілігінің негізін қалайды. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту); Қашықтықтан оқытудың қолайлылығы жоспарланған оқыту формасы тәрізді электронды және басқа да технологиялардың көмегімен жүзеге асатын арнайы әдістерді талап ететін арнайы ұйымдастыру мен әкімшілік мәселелер құруға байланысты.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — жоғарғы білім беру жүйесінде мәнді инновациялардың бірі, яғни ақпараттық қоғам мен білім қоғамының даму бағдарламасымен байланысты қазіргі білім беру парадигмасының мәнді элементі ретінде қарастырылады. Еліміздің бірқатар ғалымдары да қашықтықтан оқытуды дамыту мәселелерін зерттеуде өз үлестерін қосуда.
Қашықтықтан оқыту қазіргі кезде үздіксіз білімді қамтамасыз ететін оқытудың бірден бір формасы болып табылады. Олай дейтініміз, басты орында қашан да сапалы білім тұрады. ХХІ ғасыр білім, ғылым және сапа ғасыры болғандықтан, Қазақстанның білім беру жүйесінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен күнге жаңарып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы осыған дәлел. Соған сәйкес әлемдік тәжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр. Сондықтан бүгінде елімізде білім берудің қашықтықтан оқыту технологиясы жақсы жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мәселесіне зерттеу жүргізу және талдау жасау еңбекке қабілеттіліктері шектеулі жандарды оқытудың компьютерлік технологияларына қаншалықты бейімделетінін анықтайтын аналитикалық есеп жасауға мүмкіндік туғызады. Білігін бейімделу үдерісі мәселесіне зерттеу жүргізу және талдау жасауға мүмкіндік жасайды. Алынған аналитикалық есеп мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін жақсартуға арналған мүгедек мамандарды АКТ жабдықталған заманауи кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру және кедергісіз ортаны құру сияқты айрықша маңызды сұрақтарды шешуге жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мәселелерін зерттеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеудің қазақстандық және әлемдік тәжірибесіне шолу жасалып, зерттеу және талдау жүргізіледі. Жүргізілген зерттеулер негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі бойынша оқытушыларға арналған факультативтік курстарды құру әдістемесі әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет