Қортынды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту барысында ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті дамуында ауытқуы бар балалар үшін ҰОҚ барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр.
Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл дамуында ауытқуы бар балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі: 1. Оспанбаева М. Инклюзивті білім беру мазмұны және әдістемесі: оқу құралы, - Алматы, Қазақ университеті, 2019 ж.
2. Тебенова К.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. Оқу құралы. Алматы, 2016. http://rmebrk.kz
3. Жолдасбеков А.А., Примбетова С.К. Денсаулық психологиясы. Оқу құралы. - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020ж. http://elib.kz/
Қосымша:
1. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жолдары. Әдістемелік нұсқаулық. Алматы: Өрлеу, 2019. Құраст. А.К. Рсалдинова, А.М. Кемешова. 2. Ибатова Г.Б., Оразаева Г.С. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны : Оқу құралы. - Алматы: Абай атындағы Қаз ҰПУ, 2014жх. РМЭБ