Лекция. Тақырыбы: Қоғам және мәдениет Лекция жоспары: Қоғам философиялық ұғым ретінде «Қоғамдық сана» ұғымы. Қоғамдық сананың түрлері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.01.2022
өлшемі155,14 Kb.
#16082
түріЛекция
1   2   3   4   5
 

2.  Қоғамдық  сана -  қоғамның  рухани  өмірінің,  адам  ойында  шындықтың  бейнеленуінің 

барлық 


түрлерін 

қамтитын 

философиялық 

категория; 

әртүрлі 

әлеуметтік қауымдастықтардың өмір  сүруі  процесінде  пайда  болатын адамдардың әлемге 

және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі. 

Оған 


қоғамдық 

идеялар, 

теориялар, 

саяси, 


құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни  қозғалыстар, ғылыми  білімдер, 

т.б.  жатады.  Қоғамдық  сана  әлеуметтік  сезімдер  мен  көңіл-күйлерді,  әдет-ғұрыптар  мен 

мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп 

ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен 

туындысы  болып  табылады.  Сана  болмыстың  бейнесі  болғандықтан,  қоғамдық  болмыс 

өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам  мүшелерінің санасы  белгілі  бір мерзімге 

дейін  өзгерген  болмысқа  сәйкес  келмеуі,  яғни  артта  қалуы  мүмкін.  Қоғамдық  сана 

болмысты  бейнелеп  қана  қоймайды,  ол  бейнеленген  нысанды  қозғайды,  оны  өзгертіп, 

дамытады.  Оның  күрделі  ішкі  құрылымдарының  деңгейі  мен  түрлерін  ашып  көрсетуге 

болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар 

өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық 

топтардың  түпкілікті  мүдделерінің  рухани  көрінісі  ретінде  ғылыми-теориялық  сана 

жатады.  Қоғамдық  сананың  түрлері  объективтік  дүние  мен  қоғамдық  болмыстың  адам 

санасында  бейнеленуін  көрсетіп,  адамның  тәжірибелік  іс-әрекеттерінен  байқалып, 

қоғамның  рухани  мәдениетінің  қүрамдас  бөлігіне  айналады.  Қоғамдық  сананың  тарихи 

қалыптасқан  түрлері:  саясат,  құқық,  философия,  мораль,  өнер  қоғамдық  болмысты 

бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен 

бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, 

идеялық-саяси 

күресте 


ерекше 

рөл 


атқаруымен 

сипатталады. 

қоғамдық  таптар  -  ортақ  мүдделері  және  құқылықтары  бар  әлеуметтік  тұрақты 

(салыстырмалы)  топтар  (мысалы,  шаруалар,  жұмысшы  табы,  буржуазия,  орта  тап  және 

т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен 

Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай 

да  бір  өндірістік  әдістермен  байланыстырды,  таптар  күресін  тарихтың  қозғаушы  күші 

ретінде  санады  және  пролетариата  буржуазияны  күшпен  төңкеріп  тастау  және  тапсыз 

қоғам  құру  тапсырмасын  жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды  тапқа  және  әлеуметтік 

топтарға  (жастық,  экономикалық,  кәсіби,  құқықтар  мен  міндетгер  жүйесі,  әлеуметтік 

мәртебе)  бөлу  орын  алған.  Қазіргі  қоғамда  қоғамдық  еңбек  бөлінісі,  жекеменшік 

қатынастары,  басқа  да  факторларға  сай  әлеуметтік  жіктелу  және  ықпалдасу  проңесіне 

орай  араларында  әріптестік,  бәсекелестік  немесе  қақтығыс  туындайтын,  дегенмен, 

демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.  



3.Мәдениет  деп  нені  айтамыз?  Мәдениет  ұғымы  алғашында  адамның  табиғатқа  ықпал 

етуін,  табиғат  күштерін  бағындырып,  өзінің  көздеген  мақсатына  жетуін  көрсетуге 

қолданылды.  Мәдениет  халықтың  мыңдаған  жылдар  бойындағы  шығармашылығын, 

адамның  рухани  ізденістерін,  халықтың  даналығы  мен  адамгершілік  нышандарын 

жинақтайды.  Адамзаттың  рухы,  келбеті,  еркі,  бостандығы,  тарихи  санасы,  жады, 

философиялық  жүйелері,  рәміздері,  өмірлік  сабақтары,  діні,  тілі,  ділі,  мұраты,  бәрі 

мәдениетпен біте қайнасып жатыр. 

Мәдениет  —  материалдық  және  рухани  байлықты  жасауынан  көрінетін  адамның  өмірі 

мен әрекетін ұйымдас-тыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі. 

Материальдық  және  рухани  мәдениет  жетістіктерінің  жиынтығы  мәдени  игіліктерді 

құрайды.  Оларға:  техника  мен  құрал-жабдықтар,  тұрмыстық  мәдениет  заттары, 

адамдардың  білімділігі,  кәсіптік  шеберлігі,  мұрағаттар,  мұражайлар,  кітапханалар, 

клубтар  және  тағы  басқалар  жатады.  Мәдени  игіліктердің  ішіндегі  ең  елеулісі  — 



көркемөнер. Көркемөнер  —  мәдениеттің алтын  қазынасы,  адамның ұлылығын білдіретін 

факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады. 



Мәдени  әрекет деп  мәдени  игіліктерді  өндіруге,  таратуға,  тұтынуға  бағытталған 

әлеуметтік  шараларды  айтады.  Мұндай  игіліктерді  жасау  нәтижесінде  адам  өзінің  де 

мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде адамның 

мұқтаждары  мен  мәдени  қажеттіліктері  қарастырылады.  Олардың  қатарына  мыналарды 

жатқызамыз:  өмірдің  мәні  мен  мағынасын  іздеу,  өмірден  өз  орнын  табуға  ұмтылу, 

шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары. 



Мәдени орта — мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын белгілі 

бір  аумақта  өмір  сүретін  әлеуметтік  топ.  Мәдени  ортаның  жалпы  мәдени  деңгейі 

жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерін пайдалану және өздерінің мәдени туындыларын 

өндіру  мүмкіндігіне,  топ  мүшелерінің  материалдық  қамтамасыздығына,  тіліне,  діліне, 

әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктеріне  қарай  әр  түрлі  болып  келеді.  Мәдени  орта 

мәдениеттің  коммуникациялық  қатынасымен  байланысты.  Ол  заттық-материалдық 

игіліктермен  жабдықталған  ұйымдар  мен  ұжымдардан,  рухани  қызмет  орындарынан 

тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет