Ой салатын әңгімелер ТҮбегейлі үш мәселе. Біріншісі



Pdf көрінісі
Дата25.03.2023
өлшемі248,46 Kb.
#76099
Байланысты:
Түбегейлі үш мәселе



Ой салатын әңгімелер 
ТҮБЕГЕЙЛІ ҮШ МӘСЕЛЕ. БІРІНШІСІ 
17–18 жасымда қалыптасуыма қатты әсер еткен үш 
түбегейлі мәселеге басым қатып, солардың табиғатын 
түсінуге талпындым. Біріншісі адам бойындағы эго- 
изм мен альтруизм үйлесіміне қатысты болды. Сол 
кезде біраз адам мендегі эгоизм туралы көп айтып, 
менде ол туралы теріс пікір қалыптастыра алды. Мен 
альтруизм позициясына көшіп сынап көрейін деп 
шештім. Бір мысал келтірейін. Өзім «Алтын белгіге» 
үміткер болғандықтан, емтиханға жақсы дайында- лу 
мен үшін қатты маңызды болса да (себебі жоғары 
балл жинап грантқа түсе алмасам, ақылы оқуға жағдай 
жоқ еді), репетитор жалдауға, ақылы дайындалуға 
күйі жоқ сыныптастарым және көмек сұрап келген 
басқа да адамдарға шамам келгенше уақыт бөлдім. 
Тіпті кейбіреулері үйімізде түнеп жатып дайындалды. 
Олардың барлығының емтихандағы көрсеткіштері 
жаман болған жоқ, құлағандары болмады. Бірақ мек- 
теп бітірген соң біреуі де есігімді ашып, сәлем беруге 
жарамады. Алла разылығы үшін деп қоя салдым, бірақ 
оның орнына өзіме көбірек уақыт бөлгенімде, жеке 
көрсеткіштерім тәуірірек болар еді. 
Сол кезде бір түсінгенім, эгоизм деген табиғи 
нәрсе екен. Мен оны жаншып басып тастап, өзімнің 
эгоизмімді ақтау үшін үлкен құн төледім. Көп адам 
осыны түсінбей, керек емес жерде де эгоизмін қосып, 
содан көп дау туындайды. Одан түбегейлі бас тар- ту 
мүмкін еместігіне көзім жетті. Альтруизм кебінін киіп, 
өз эгоизміме лайықты болдым. Сол қазір мінез- 
құлқымда, іс-қимымылда әлі күнге дейін сезіледі. 
Біреумен жұмыс істескенде де мен ойлағандай 


 
болғанын қалаймын, бірақ бәрібір оған таңдау қал- 
дырамын. Не менше болады, не менікінен тәуір жол- 
ды көрсетесің. Көп адам тек өзінің айтқанындай 
болғанын қалап, таңдау ұсынбайды. Дау осыдан 
туындайды, бұл – нашар эгоизмнің көрінісі. 
Тек басқаларға жақсылық істеу үшін өзіңді 
ұмытып, жақсылығың қайтпаған жағдайда түңілмеу 
үшін мен көп іздендім. Біреулер: «Жақсылықты алды- 
мен өзіңе істеп, өзіңді жақсы көріп сыйламасаң, өзіңді 
басқаларға да сыйлата алмайсың», – дейді. Діншіл 
адамдар: «Жақсылықтың қайтқанын күтпе, ол жара- 
тушыдан қайтады, соның разылығы үшін істе», – деп, 
түңілмеудің жолын ұсынады. Бірақ бұл әдістің де кем 
тұсы бар: үздіксіз осымен айналысу өзіңе, отбасыңа, 
жақындарыңа арнауға болатын уақытты жейді. Көп 
ізденіп, мен бұның жауабын Абайдың отыз жетінші 
қарасөзінде таптым. Ұлы ақынымыз ол жерде: «Кісіге 
біліміне қарай болыстық қыл, татымсызға қылған 
болыстық өзі адамды бұзады» дейді. Мен бұл сөздерін 
өзімше жақсылықты тек оны түсінетін адамға ғана 
істеу керек деп түсіндім. Расында да, адамдардың 
көбісі жақсылықты тек сол сәтте ғана сезеді де, оның 
маңызын ұзақ уақыт өткеннен кейін түсінетін қабі- 
леті жоқ. 
ТҮБЕГЕЙЛІ ҮШ МӘСЕЛЕ. ЕКІНШІСІ 
Адамның болмысы қызық. Он сегіз жасымда: 
«Адамдар неге жақсылықты тез ұмытып, жамандықты 
ұзақ уақыт есте сақтайды?» деген сұрақ мазалады. 
Біреулердің жамандығы үшін күйіп-пісіп жүретіні 


Ой салатын әңгімелер 
тағы бар. Бұл әділетсіз деп ойлаймын. Мен ондай 
болғым келмеді. 
Сөйтіп, жыл бойы кездесіп танысқан адамдардың 
өміріме қандай жаңалық әкелгенін талдай баста- дым. 
Әрбір кездесу кездейсоқтық деп ойламаймын. 
Таныстығың тез болса да, әрбір адамды тағдырдың 
бір мақсатпен жіберетініне сенемін. Сөйтіп, алғаш рет 
2005 жылы кездескен, жаңадан танысқан адамдардың 
маған берген ақылын, жасаған жақсылығын, үлгі 
тұтар қасиеттерін, қалыптасуыма қосқан тәжірибесі 
мен үлесін сараптай бастадым. Жыл соңында тағдыр 
әмірімен кездескен жүз адамның тоқсан тоғызының 
өзімен бірге жақсылық алып келетініне көзім жетті. 
Солардың тізімін жасап жүрдім. 
Тізімге, әрине, туысқандарымды кіргізбедім. Со- 
сын бұл тізімге материалдық емес, рухани жағынан 
үлес қосқандарды ғана қосамын. Әр жылдың соңында 
тізімнен менің қалыптасуыма қатты әсер еткен төрт 
адамды іріктеп, оған Тәуелсіздік күні қарсаңында 
ашық хат пен сыйлық жолдаймын. Қалғандарының 
жақсылықтарын жыл ішінде қайтаруға тырысамын. 
Әрине, олар бұл туралы бейхабар. Жақсылық шын 
көңілмен жарияланбай жасалуы керек. 
Жақсы адамның берері жақсы кітаптан бірде-бір 
кем емес. Қарап отырсам, көптеген жылдар бойы 
тізіміме еніп келе жатқан адамдар менің жақсы адам 
болып қалыптасуыма қатты әсер етіпті. Солардың 
бірі осы кітаптың кіріспесінде аталған Сәбит до- сым. 
Қарапайымдылығымен ерекшеленетін ке- ремет 
адам. 2013 жылы институтта жүргенімде невралгияға 
шалдығып, кей кезде бетімнің сол жағы жыбырлай 
бастады. Сәбит бір кездескенде осыны 


 
байқап, себебін сұрады. Содан көп ұзамай, бір күні: 
«Бәкежан, мен тамыздың соңында Ыстамбұлға бір 
конференцияға қатысу үшін бара жатырмын, бір ап- 
тадай сол жерде жұмыспен жүремін. Сен қыркүйектің 
басында кел. Тек жолыңды көтерсең болды, жата- тын 
жерің, жүретін жолыңа уайымдама, мен саған 
Түркияны көрсетіп, бір демалдырайын. Өткенде 
ауырып жүргеніңді көрдім, институтта еліміздің 
қамы үшін жұмыс істеп жүрсің. Бұл менің еліміздің 
дамуына қосқан бір үлесім болсын», – деп телефон 
шалды. Сонда Сәбитім олигарх емес, сол кездегі та- 
бысы менікінен аспайтын да шығар. Сөйтіп, Сәбиттің 
арқасында 2006 жылы Памуктің «Черная книга» атты 
романын оқығаннан кейінгі Ыстамбұлға бару арма- 
ным орындалды. Осылайша Сәбиттің жомарттығын, 
риясыз жақсылығы мен басқа адамның жағдайына 
бейжай қарай алмайтын жақсы қасиетін өз бойыма 
сіңірдім. 
Сонымен қатар бірінші кітабымның шығуына, 
бірінші көрмемнің өтуіне, жаңа тәжірибені игеруіме 
(және кете береді) еңбегі сіңген адамдар да осы тізімге 
енді. 
Әзірге бұл – менің тұлғалық қалыптасудағы 
адамзатпен бөлісе алатындай ең үлкен жетістігім. 
Көпшіліктен: «Бес жыл бұрын саған ең үлкен жақсы- 
лық жасаған адамның есімін аташы», – деп сұрасаң, 
бірден есіне түсіруі екіталай. Алайда: «Кім сені бір 
кезде қатты ренжітті?» – деп сұрасаң, көп жағдайда, 
бірден есіне түсіреді. Мен 2005 жылдан бері ең көп 
жақсылық жасаған адамдардың есімін атап бере ала- 
мын және бірде-бір жамандық қылған адамның есі- 
мін есіме түсіре алмаймын. 


Ой салатын әңгімелер 
Осы ақиқатқа он сегізімде жеткеніме әлі күнге 
дейін жаратушыға алғысымды айтамын. Тоқсан 
тоғыз адамды жақсылығымен жіберіп жатқанда, бір 
адамның есімін есте сақтау нағыз жақсылықты 
бағаламау болар еді. 
Ал үшінші түбегейлі мәселе туралы бөлек кітапта 
әңгіме етейік. 

Document Outline

  • e5520e1bae2af7f58dd9bac90be1dda13ff1fc579aa25c984fa4a452204e4681.pdf


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет