Лекция тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Лекция жоспары: Ұжым. Ұжымның түрлері Ұжымды басқару мүшелері. Ұжым



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата31.12.2021
өлшемі298,31 Kb.
#21242
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Лекцияның мазмұны:  

Оқушылар ұйымы – балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат 

қойып,  бiлiм  дағдылары  мен  пайдалы  істерді  игеруде  ұйымдық  түрде  арнайы  топқа 

бiрiккен   шығармашылық  әрекеттерiнiң  үрдiсi  болып  табылады.  Ондағы  тәрбие 

мәселелерінің  маңызы  мен  әлеуметтік  мәніне   Луначарский  А.В.,  Крупская  Н.К., 

Макаренко А.С., Сухомлинский В.А., Блонский П.П., Лебединский В.В., Бабанский Ю.К., 

Болдырев Н.И. т.б  тоқталып өткен. 

Оқушылар  ұжымындағы  өзін-өзі  басқару  жүйесінің  негізін  салушы  американдық 

педагог  Э.Джилль  болды.  Бұл  жөнінде  ол  өзінің  “Мектеп  республикасы  – 

Republicofshcool”  (1897)  атты  еңбегінде  баян  етеді.  Солардың  бірі  Ұлыбританияда  пайда 

болған “скауттар” атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады. 

Ұжым  (collectives  –  лат.  «жинақтық»)  қоғамдық  маңызды  мақсаттар,  ортақ 

құндылықты  бағалау  және  бірігіп  дасайтын  қызметтер  мен  қарым-қатынас  негізінде 

адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады. 

Ұжымға  псхологиялық-педагогикалық  құбылыс  ретінде  ғылыми  және  әдістемелік 

әдебиеттерде  әртүрлі  трактовкалар  беріледі:  солардың  бірінде  ұжым  кез  келген 

адамдардың  ұйымдастырылған  тобы,  екінші  жағдайда  ұжым  –  ол  топтардың  ең  жоғары 

дамыған сатысы. 

Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік 

қауымның  қызығушылықтарын  қамтиды.  Жеке  индивидтердің  ұжымға  қосылуы  оның 

мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері 

тәртіптеріне негізделеді. 

Ұжымның  негізгі  белгілері  -  қоғамның  маңызды  мақсаттардың  болуы,  олардың 

кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік  істерге араластыру және 

бірлескен қызметтерді ұйымдастыру. 

Ұжымның  дамуына  ең  үлкен  маңызы  бар  нәрселер  қалыпты  дәстүр  мен  бір-біріне 

көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың 

дамуы, саналы дисцеплинаның болуы. 

Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап  – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін 

норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да 

болып табылады. Осындай шарттардың бірі  – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы 

талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең 

басты  -  өз  -өзіне.  Тек  осылай  ғана  тәрбие  жұмысында  біріккен,  ортақ,  ұжымдық 

методиканы жасап шығаруға болады. 

Біріккен  талаптардың  жүзеге  асу  маңыздылығы  білім  орындарының педагогикалық 

кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың 



мағынасын  түсіндіру,  олардың  мазмұнын  нықтау  мен  әдістеменің  және  оның  жүзеге 

асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет