Лекция тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Лекция жоспары: Ұжым. Ұжымның түрлері Ұжымды басқару мүшелері. Ұжым



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі298,31 Kb.
#21242
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
 

Ұжым дамуын басқару. 

Оқу  орнында  педагог  пен  оқушы  алдында  тұрған  тапсырмаларға  барлық  оқушы 

өзінің қатынасын сезінетін қалпын жасауы керек. Бұл жағдайда оқушылардың өз ұжымын 

басқару  басты  орынды  иеленбек.  Өзін  басқарудың  дамуы  әлеуметтік  қарым-қатынасты 

сезінуге көмектеседі. 

Өзін-  өзі  басқаруды  түсінудің  жаңа  әдісі  оқушылардың  әлеуметтік  қалыптасу 

шарттарының пайда болуын болжайды. Ал бұл ұжымдағы күрделі мәселелерді шешуімен 

қамтамассыз етеді. Оқушылар осындай күрделі мәселелерді шешуге атсалысу барысында, 

өмірде кездесетін қиындықты төтеп бере алатын қасиетке ие болады. Оқушылардың өзін -

өзі  басқару  –  қоғамдық  маңызды  мақсаттарға  жету  үшін  өздігінен  жеке  шешімдер 

қабылдауды дамытудағы оқушылар ұжымындағы ұйымның формасы. Өзін -өзі басқару ол 

оқушылардың  таңдау  мен  алға  қойылған  мәселелерді  өзі  шешім  қабылдайтын  жағдайда 

ғана пайда болады. Сонымен ұжымның дамуы мен қалыптасуында шешім қабылдау ғана 

бастау болады. 

А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: 

Қозғалыс- ұжымның өмір сүру түрі; 

Тоқтау- оның жойылу түрі; 

Ұжымның даму сатылары мен кезеңдері: 

Бірінші  кезең  –  ұжымда  педагог  тәрбие  жұмысының  мақсаты  ретінде  көрінеді. 

Ұжым  белсенділері  анықталып,  тәрбиеленушілер  жалпы  мақсатқа,  іс-әрекетке  және 

ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады. 

Екінші  кезең  -  белсенділердің  ықпалының  арта  түсуі,  ұжым  құрылымының 

тұрақтауы,  өзін-өзі  реттеу,  өзін-өзі  ұйымдастыру,  механизмдерінің  іске  қосылуын 

көрсетеді.  Сондай-ақ  ұжым  өз  мүшелерінен  белгілі-бір  қылықтар  нормаларын  талап  ете 

бастайды, ол талаптар біртіндеп кеңейе береді. 

Үшінші кезең – ұжымның кемелденуі 

Бірінші  кезеңде  оқушылар  ұжымы  жеткіліксіз  ұйымдастырылған  топ.  Сондықтан 

мұғалім  сынып  өмірін  ұйымдастыратын  жұмысты  талап  қоюдан  бастайды.  Талап  қою 

бала-ларды  мінез-құлық  нормасына  үйрету,  әлеуметтік  тәжірибеге  тарту.  Бұл  кезеңде 

мұғалім  ұжым  іс-әрекетінде  белсенді,  ынталы,  оқушыларға  сүйену  керек.  Ұжым 

өміріндегі  мұндай  тәсіл  сыныпта  белсенді  жұмыс  істейтін  оқушылар  тобын  көбейтуге 

және балалар мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін. 

Бұл  кезеңде  мұғалімнің  негізгі  қызметі  -  оқушылардың  ұжымдық  іс-әрекетін 

ұйымдастыру, оларды өр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымды балаға педагогикалық 




ықпал  жасайтын  құралға  айналдыру.  А.С.Макаренко  ұжымды  нығайту  үшін  тәрбие 

жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді. 

Екінші  кезеңде  ұжым  өзін-өзі  басқаруға,  сынып  жетекшісінің  йымдастырушылық 

қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің 

маңызы  зор.  Мысалы:  жұмысты  бірігіп  жоспарлау,  әр  түрлі  оқу,  қоғамдық  еңбек 

тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу, іс-әрекеттерін бақылау, т.б. 

Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін 

оқушылардың  ынтасын  қуаттау,  жалпы  міндеттерді  орындауда  барлық  оқушылардың 

күш-қуатын  нығайту.  Ұжымның  бұл  даму  кезеңінде  қатар  ықпал  жасау  принципі 

қолданылып, тұлғаға талап қою ұжым арқылы жүзеге асырылады. 

А.С. Макаренко қалыптасқан ұжымның ерекше белгілерін көрсетті: 

- үнемі сергектік, іс-әрекетке дайындық; 

- өзіндік қадірін сөзіну; 

- ұжым мүшелерінің достық бірлігі; 

- әр мүшенің өз қауіпсіздігін сөзінуі; 

- іс-қимыл, іс-әрекет белсенділігі; 

-  дер  көзінде  ұстамдылыққа  әдеттенуі,  көңіл  шарпуларымен  тілдесудегі  өзіне  шек 

қоя білуі. 

Оқушылар  ұжымын  нығайту  мен  қалыптастыруда  аса  маңызды  мәселелердің  бірі  - 

ұжым  алдындағы  мақсатты  -  перспективаны  тандау.  Осыған  орай  А.С.Макаренконың 

теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске 

түсірген  жөн.  Жақын  перспектива  -  бұл  күнделікті  өмірдегі  әр  түрлі  іс-әрекетке  жеке 

тұлғаны ынталандыру, қызықтыру. 

Жақын перспектива: жарыс, саяхат, жексенбілік серуен, цирк, мұражай және көрмеге 

бару, үйірмелердегі қызықты жұмыстар. 

Орта  перспектива:  балалар  лагеріне  бару,  жылсайын  өткізілетін  ән,  сурет 

сайыстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыптарға пікірталас өткізу. 

Қашық перспектива - ұжымның немесе жеке адамның ұзақ мерзімге созылатын бір 

істі орындауға талаптануы. 

Қашық  перспектива:  келешек  мамандықты  таңдау,  білім  алу,  мектеп  бітіргеннен 

кейін  халық  шаруашылығында  жұмыс  істеуге  тілек  білдіру  немесе  кәсіптік  оқу 

орындарына түсу. 

Қоғам  адамдары  кашық  перспектива  арқылы  мүмкіндігінше  ұжымға,  Отанға  пайда 

келтіруі тиіс. Бұл перспектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста 

іске  асырылады.  Әрбір  мұғалімнің  міндеті  -  перспективаларды  оқу  және  тәрбие 

барысында  тиімді  пайдалану,  перспективаны  баланың,  сыныптың,  мектептің  пайдасы 

үшін таңдап ала білу, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін 

еске алу. 

Ұжымның дамуымен бірге ұжымның өзін-өзі басқаруы іске асады. Өзін-өзі басқару – 

ұжымдық  мақсатқа  жету  жолындағы,  балалардың  өз  бетімен  ұжымдық  іс-әрекетті 

ұйымдастыруы. 

Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару мынадай міндеттерді атқарады: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет