9.Домна пешінің әр түрлі бөлігінде жүретін химиялық процестерді көрсету керек. Болат өндірісінде кенге не үшін кальций карбонаты қосылады?
10. 10мл FeSO4 ерітіндісіндегі темір(III)-ке дейін тотықтырылған, сосын гидроксид күйінде тұнбаға түскен. Тұнбаны қақтаған соң, оның массасы 0,4132г болды. Алғашқы ерітіндідегі FeSO4 тұзының молярлы концентрациясын есептеу керек. Жауабы: 0,26моль/л.
11. Мына қатарда Fe(II)-Co(II)-Ni(II) тотығуға тұрақтылығы қалай өзгереді? Ал мына қатарда Fe(III)-Co(III)-Ni(III) тотықтырғыш қабілеттілігі қалай өзгереді?
12. VIIIВ топ элементтерінің горизонталь немесе вертикаль қатарлары қалай бөлінеді? Қай элементтің тотығу дәрежесі топ нөмеріне сәйкес келеді? Платинаны қандай еріткішпен ерітеді? Теңдеуін жазу керек. Платина(II) және (IV) үшін координациялық сан нешеге тең?
13. Fe, Co, Ni стандартты электродтық потенциалдар қатарында қай орында? Осы металдардың қышқылдарға қатынасы. Темір қандай жағдайда және қай қышқылдармен пассивтеледі? Бұл құбылысты түсіндіру керек.
14. Fe, Co, Ni табиғатта көбінесе қандай қосылыстар күйінде кездеседі? Химиялық таза металдарды қалай алады? Темір карбонилі қандай жағдайларда түзіледі? Fe,Co,Ni металдар үшін қандай тотығу дәрежелері белгілі.
15. Темір(II, III) оксидтері мен гидроксидтерінің негіздік қасиеттері бірдей ме? Олардың тұздары гидролизге қалай ұшырайды? FeCl3 ерітіндісі гидролиз әсерінен сары-қоңыр түске боялады, қыздырған кезде ерітінді түсі қоюланады, ал қышқыл қосса, ашықтанады. Неге?
16. Реакция теңдеулерін аяқтау керек:
FeCI3 + Br2 + KOH = …; Ni2O3 + HCI = … ; Ni2O3 + H2SO4 = …;
Ni(OH)3 + H2SO4 = …; Co2O3 + HCI = …;
NiS + HNO3 = NO + …; FeSO4 + KIO3 + H2SO4 = I2 + …;
17. Неге темірдің(ІІІ) сульфиді және иодиді түзілмейді? Реакция теңдеулерін аяқтау керек: a) Fe3+ + I- = , б) Fe2(SO4)3 + (NH4)2S = .
18. Fe2O3 сутегімен тотықсыздандыру мына теңдеумен жүреді:
Fe2O3 + 3H2 = Fe + 3H2Oбу . ∆Н = +96,61кДж болса, стандартты жағдайда бұл реакция жүре ме? ∆S = 0,1387кДж/моль.К. Fe2O3 тотықсыздануы қай температурада басталады?
19. Электронды-иондық теңдеу бойынша жүйенің коэффициенттерін қою керек: Fe3+ + I- + H2O ↔ Fe2+ + IO3- + H+. Стандартты электродтық потенциалдар
мәнін пайдаланып тура әлде кері реакция жүретіндігін анықтау керек.
(Е0Fe3+ / Fe2+) = +0,77в; (Е0IO3- / I-) = +1,09в.
20. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакциялар теңдеулерін жазу керек: а) FeS2 → Fe2O3 → Fe → FeCI2→ Fe(CN)2 → K4[Fe(CN)6] → К3[Fe(СN)6]. б) Co2O3 → Co → Co(NO3)2 → Co(OH)2 →Co(OH)3→ CoCI2 → CoCI3.
в) NiO→ Ni → Ni(NO3)2 → Ni(OH)2 → Ni(OH)3→ NiCI2 .