Лекция Тақырыбы: Психологияға кіріспе


Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат



бет18/27
Дата28.04.2023
өлшемі192,21 Kb.
#87756
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Лекция каз психология

Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат.

Тұлға психологиясының негізгі компонеттердің бірі - адамның дүниетанымы мен сенімі, мұраты. Дүниетаным дегеніміз - адамның табиғат жөніндегі, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы жанкиярлық күреске баулиды. Тұлғаның дүниетанымы белгілі бір идеологияның ықпал етуімен қалыптасады. Дүниетаным тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінін жоғарғы реттеушісі қызметін атқарады. Дүниетанымның беріктігі адамның бойында айқындық пен орнықтылық сезімін туғызады.
Дүниетаным тұлғаның мінезін орнықты да табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды,- ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, әдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барлық бітім болмасынан да айқын аңғарылып тұрады.
Дүниетанымның мынадай сапалары болады.

  1. мазмұндылығы мен ғылымилығы;

  2. жүйелілігі және мақсаттылығы;

  3. логикалық дәйектілігі мең дәлелділігі;

  4. жалпылау дәрежесі мен нақтылығы;

  5. іс-әрекетпен жане мінез құлықпен байланыстары.

Дүниетанымның мазмұндылығы мен ғылымилығы адамды білімінің байлығы мен тереңдігі жағынан сипаттайды. Тек ғылыми дүниетаным ғана адамды ырымшылдықтан, табиғат пен қоғамның қауіпі алдында қорқу мен сенімсіздіктен құтқарады. Дүниетанымның ғылымилығы адамның өмірде өзі басшылыққа алып жүрген принциптерінің терең, түсінілгендігінің белгісі.
Тұлғаның іс-әрекетінің мәселелері, көзқарастары үйлесім тауып, жүйелі құрылса дүниетаным жүйелі және мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие болған адам нақты өмірлік позиция ұстанады, көздеген мақсатына жетеді.
Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам көбіне құбылыстарды бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дәйексіздік танытады. Көзқарастар жүйесі ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді.
Дүниетаным сапаларының дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең сеніміне айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтықтырады да, мінез-құлықын көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.
Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең әрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары өз сезімі мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім өз принциптеріне кереғар келетін қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады.
Сенімі зор адам дегеніміз - өзінің көзқарастары мен ісін қорғап қала алатын, өз борышын өтеу жолында құрбандыққа бас тігуге әзір, жаны жайсан, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім, пікірталас, көзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.
Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі - мұрат (идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып, қастерлеуі. Мұрат - адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Өзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.
Мұрат өмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нәрселердің барлық жақсы жақтарын жалпылау нәтижесінде пайда болады. Демек, нақтылы адамның мінез-құлқы мен іс әрекеті оны өзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына тәрбиелеу мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет