Лекция Тақырыбы: Психологияға кіріспе



бет15/27
Дата28.04.2023
өлшемі192,21 Kb.
#87756
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
2.Еріктің амал кезеңдері



Мақсат және оған жетуге ұмтылу (дайындық кезең)




Мақсатқа жету мүмкіншіліктерін түсіну (мақсат қою)




Ниет – тілектердің пайда болуы




Ниеттер тартысы және оның бірін қалау




Тоқтамға келу үшін мүмкіншіліктердің бірін қалау




Тоқтамға келген шешімді орындау



3.Ерік сапалары: Адамның іс - әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі – жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі – сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды (дербестік,батылдық т.б.) және ұнамсыз (ұстамсыз, жасқаншақ т.б.) ерік сапалары бар.

  • мақсатқа ұмтылушылық- қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиеті.

  • батылдық- мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті.Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жөнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады.

  • табандылық- мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті.Мұндай қасиетке ие адам қойылған міндетті үнемі санасында ұстап өз мінез-құлқын соның шешімін тездететіндей етіп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қалыптасқан жағдайды пайдаланып қана қоймай, өзі жағдай туғызады.

  • Ұстамдылық – ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық қалып-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті айтылады.

Ұстамдылық дегеніміз адамның өз ерік - жігерін билей алу қасиеті.

  • Дербестік - өзі талаптанып алыдна мақсатқоя оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиеті.

- Дербестікке қарама қарсы ерік қасиеті иланғыштық. Иланғыш адамдар белігілі дәрежеде күрделі еріктік әрекетті өз бетінше бастай – аяқтай алмайды. Олардың сырттан нұсқау, бұйрық кеңес алған жағдайда ғана белсенділік көрсетеді. Олар басқа адамдардың ықпалына иез түседі. Олар үшін басқалардың ойлары мен істері дұырыс сияқты болып көрінеді.мұндай өз шешімдерімен істеріне күдіктеніп олардың дұырыстығы мен мақсатқа лайықтығына сенімдері болмайды. Иланғыш адамдар өзгелердің ой істеріне сын көзбен қарамайды, ал өз басы ойларымен істеріне тым жоғары талаптар қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет