Лекция тақырыптары (Лексикология)


Дәріс 15 Қазіргі қазақ әдеби тілі



бет12/12
Дата18.10.2022
өлшемі43,01 Kb.
#43814
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Дәріс 15
Қазіргі қазақ әдеби тілі.

Қазақтың ұлт тілі қазақтың ұлт болуымен байланысты 20 ғасырда қалыптасқан. Әрбір ұлт тілі өзіне тән дербес жолмен туып, қалыптасатыны белгілі. Тіл білімінде ұлттық тілдердің үш түрлі негізден пайда болатыны көрсетілген: 1. Тілдік белгілері бірыңғай, құрылымында айырмашылық жоқ бір диалект негізінде; 2. Бірнеше диалектінің шоғырланып бірігіуі негізінде; 3. Диалектінің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде. Қазақтың ұлттық тілі – халық тілінің тарихи жаңа дәуірдегі дамыған түрі. Сол себепті ұлт тілінің құрылымдық негізі оның халық тілі болып дамыған дәуірінде салынған деп есептеледі. Ұлттық тілдің тармақтары: · Әртүрлі стильдік салада қолданылатын жазба және ауызша түрлері бар әдеби тіл; · Жергілікті немесе әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен сөйленістер; · Жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі. Әдеби тілдің дамып қалыптасуы халық тарихындағы, қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланысты. Әдеби тіл дегеніміз – белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік нормалық бағыты анықталған, қолданылу қызметі әр алуан, стиль жағынан саралануға бейім, тілдің диалектілер мен қарапайым сөйлеу тілінен жоғары тұрған тілі.


Халық тілі – ерекше феномен. Оның ұшан-теңіз байлығын ешкім еш уақытта тұтастай қалыпқа салып, стандарттай алмайды. Өйткені халық тілі еркін, болмысы табиғи, сөйлеу формасында өмір сүреді.
Халық тілінің өзіндік басты бір ерекшелігі – оның құрамында сол тілді тұтынушылардың баршасына тән, ортақ жалпыхалықтық лексика – грамматикалық бірліктер қабатының болуы. Мысалы, дала, тау, әке, шеше, ата-ана, бала, мал, егін; т.б. лексемалар; грамматикалық мағынаны білдіретін бірліктер; синтаксистік қатынастың амал-тәсілдері мен синтаксистік модельдері жалпыхалықтық қабатқа жатады.
Қазіргі ұлттық әдеби тілдің бастауы, қайнар көзіне ең алдымен халық тілінің құрамындағы осы аталған о р т а қ қ а б а т негіз болды. Әдеби тіл, сөйтіп, халық тілінің негізгі бір арнасы болып қалыптасты.
Тағы бір атап айтатын жайт – халық тілінің тілдік бірліктері (дыбыстық, лексика – семантикалық, грамматикалық бірліктері) әралуан. Онда аймақтық тіл (диалектілік) ерекшеліктері молынан ұшырасады. Жергілікті тіл ерекшеліктерінен де әдеби тілге сөз талғап алудың жөн-жосығын Ж.Аймауытов сол кездің өзінде-ақ айқындап берген болатын.
Халық тілі сөйлеу, ауызша сөз арқылы жүзеге асады. Мысалы, сөйлеу тілінде эмоционалды мағынада айтылатын айналайын, тәңірім-ау, япырмау тәрізді т.б. сөздер; тұрмыстық деңгейде қолданылатын қарапайым сөз бірліктері, мазмұны тым төмен бейәдеби сөздер жиі ұшырасады.
Халық тілі – қазіргі ұлттық әдеби тілдің бастау көзімен молығып-толығып отыратын бұлағы. Қазіргі әдеби тілдің тағы бір көзі ХХ ғасырдың басына дейінгі қазақ қоғамында ауызша әдеби тілмен (Р.Сыздықтың концепциясы)[2]жарыса қызмет еткен тек ескіше оқығандар қолданған қазақтың ескі жазба тілі болды (Б.Әбілқасымов)[3]. Бұл тілден халық тіліне көптеген араб, парсы, ескі түрікше сөздер мен сөз тұлғалары дендеп енді. Осымен байланысты ескі жазба тілден енген халық тіліндегі лексика-грамматикалық бірліктер қазақ тілінің лексикалық қорын байытты, сонымен қатар көпварианттылық құбылысының пайда болуына өз ықпалын тигізді.
Халық тілі – жанды құбылыс, өміршең тіл. Оның қойнауында қоғам тіршілігіндегі құбылыстармен байланысты мәдени, экономикалық, саяси, ғылыми саламен байланысты көптеген жаңа атаулар өмірге келіп жатады, ал олардың қайсыбірі көпвариантты болып келеді. Мысалы: жаһандану // ғаламдану; рынок // нарық // базар; космодром // ғарышайлақ; аэропорт // әуежай; музей // мұражай; архив // мұрағат; архивариус // мұрағатшы т.б. Бұлар экстралингвистикалық факторлардың тіл иелерінің қоғамдық санасына тигізген әсері. Бұндай жаңартпалар алдымен сөйлеу тілінің «зертханасында» пайда болып варианттар қатарын түзейді.
Қазақ тілі қай кезде, қай ғасырда болмасын томаға – тұйық күйде қалып, өз қазанында өзі қайнап жатқан тіл емес. Мәдени, экономикалық, саяси, діни жағдаяттарымен байланысты іргелес елдер тілінен, яғни контактілі зонадан ауыс-түйіс қолданыстар керегінше еніп, тілдің сөздік қорынан орын алғаны мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет