Этимология тіл білімінің ең бір күрделі, әрі қызықты саласы. Этимология грек тілінің etumos «ақиқат» және logos «білім» деген сөздерінің бірігуінен жасалған. Тіл білімінің ішінде тарихи лексикологияның арнаулы саласы. Ол жеке сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың пайда болу, даму жолдары мен қазіргі тілдерден көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді. Этимологиямен арнайы айналысып сөз тіркесін туралы ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыздан академик Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Ә.Нұрмағанбетов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, С.Исаев, А.Махмудов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Ғ.Әнес т.б. ғалымдардың атын атауға болады Этимологияның негізгі принциптері. Этимология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тілдің тарихын, оның тарихи фонетикасы мен тарихи грамматикасының заңдарын, зерттелетін тілдің басқа туыстас тілдермен байланысын, семасиология мәселелерін жақсы білуді, салыстырмалы-тарихи методты жете меңгеруді талап етеді. Сөздердің шығу тегін айқындау үшін ғылыми этимология: генеологиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық деп аталатын принциптер қолданылады.
14
Дәріс 14.
Лексикография. Сөздіктердің түрлері Лексикография дегеніміз – сөздік жасаудың теориясы мен ғылыми ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірибесі. Ол жалпыхалықтық тілдің байлығын, нормаларын қалыптастырады, сөз мәдениетін арттырады. Лексикография терминіне лингвистика бойынша энциклопедиялық сөздікте: тіл біліміндегі сөздіктерді түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы түрінде анықтама берілген. Лексикографияның теориялық және тәжірибелік түрлері бар. Теориялық лексикография – негізгі зерттеу нысаны сөздік пен лексика, зерттеу тақырыбы сөздік түзудің принциптері, сөздіктің ішкі құрылымы, сөздіктердің жіктемесі болып табылатын лингвистикалық теориялық пән. Тәжірибелік лексикографияның басты нысаны – тілдік элементтер (лексика), атқаратын қызметі сөздіктегі метатілдің, лексикографиялық әдіс-тәсілдердің көмегімен сөздік түзу болып табылатын лингвистикалық әрекеттің бір түрі. Негізгі түрлері: терминологиялық, лексикография, есептеу лексикографиясы, үйренімдік лексикография және жалпы лексикография. Сөздік – белгілі бір тілдегі сөздердің немесе сөздер тобының жиынтығын көрсететін анықтамалық құрал. Сөздік тіл туралы, сол тілдегі 1 сағат
сөздер, олардың сыр-сипаты туралы әр түрлі танымдық хабар береді. Сөздіктердің міндеті – тіліміздегі сөздерді түгел жинап, ретке келтіру, олардың әрқайсысына тілдік тұрғыдан сипаттама беру. Сөздіктердің түрлері өте көп. Сөздіктердің сипатталу мазмұнына қарай: түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік, энциклопедиялық сөздік, ал сипатталу мақсатына қарай: орфографиялық сөздік, орфоэпиялық болып бөлінеді.
Қазақ тілінің ғасырдан астам тарихы бар грамматикасы оның негізгі ортологиялық базасы болып табылады. Сондай-ақ ортологиялық базаға ең жоғарғы құзыретті орган бекіткен орфографиялық Ережелер жатады. Қазақ тілінің бұл айтылған ортологиялық базасы елеулі қиындықтарды бастан кешірді. Төте жазу ережесінен латын графикасына негізделген әліпбиге көшу (1926ж.); одан соң орыс графикасына негізделген кириллше әліпбиге көшу қазақ жазуының ережелік базасын тиянақтауға мүмкіндік бере қоймады. Сонымен, 1957ж. 5 июньде (маусымда) Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумы жарлығымен бекіткен «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» жарияланды. Бұл Ереже қазақ тілінің мектепке арналған орфографиялық сөздігін, сондай-ақ қалың жұртшылыққа арналған «Қазақ орфографиялық сөздігінің» бірнеше мәрте жарық көрген толық нұсқасын жасауда басшылыққа алынды.
Шын мәнінде, қазақ тілінің ортологиялық құралдарының жарық көруі жоғарыда айтылған «Ережеден» соң, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан басталады. Мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздіктің шағын түрлерін есептемегенде әдеби тіл лексикасының әр саласын жан-жақты қамтыған қалың жұртшылыққа арналған орфографиялық сөздік 1963 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі институты қызметкерлерінің құрастыруымен жарық көрді[1]. Сөздіктің мақсаты - сөздердің лексикалық мағынасын айқындау емес, оларды қалай жазғанда дұрыс болатындығын көрсету екені, сонымен қатар қазақ лексикасының әр алуан салалары енгізілгені кіріспеде атап айтылған[1.5-10].
Сөздікте енгізілген сөздердің корпусында жалпы қолданыстағы сөздер, кәсіби атаулар, ғылыми терминдер, кейбір көнерген сөздердің түрлері қамтылған.
Сөздікте сөздерді орфографиялауда морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлі принцип негізге алынғаны айтылған.
Фонетикалық принципке негізінен қосымшалардың жазылуында қолданылатынын, сөзге жалғанатын қосымшалардың түбір сөздің соңғы дыбысының қатаң-ұяңдығына, соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарай түрленіп, қалай айтылса, солай жазылып отыратын жазу тәртібі жатқызған: мысалы, кітап – тың, қағаз – дың, мектеп – тің, жер – дің т.б.
Морфологиялық принципке сөздердің ауызекі айтылуында көршілес дыбыстардың әсері нәтижесінде пайда болатын дыбыстық өзгерістер ескерілмей, бастапқы түбір күйіндегі дыбыстық құрамы сақталып жазылатын жазу тәртібі жатқызылған. Бұл принциптің классикалық мысалына түн сөзі алынып, қосымша жалғанғандағы дыбыстық түрленімі көрсетілген: мысалы, түнгі, түнде, түн бойы дегенде түн сөзінің соңындағы н әрпі үш жағдайда дыбысталатыны көрсетілген: бірінші жағдайда [н] [түн], екінші жағдайда [ң] [түңгі], үшінші жағдайда [м] [түм бойы]. Бірақ осындағы сөздің бастапқы дыбыстық құрамына жататын [н]да, қалған екеуі [ң], [м] – сөз түбірінің соңғы дыбысына кейінгі дыбыстардың ықпалы нәтижесінде пайда болған варианттар. Морфологиялық принцип бойынша сөзді ауызекі айтқан кезде естілетін бұл тәріздес дыбыстық варианттар жазуда есепке алынбайтыны айтылған.
Дәстүрлі принципке жазу тәжірибесінде әбден орнығып кеткендігі ескеріліп, сөздің жазылуындағы ертеден келе жатқан дәстүрді бұзбай жазу тәртібі сақталатыны көрсетілген. Бұған естілуінше жазылып қалыптасқан белбеу, түрегел, әкел, ашудас, әнәугүні, алдыңгүні, бүгін, бүрсігүні, қыстыгүні, алаңғасар тәріздес сөздердің орфографиялануы жатқызылған. Дәстүрлі принципте көзделінетін мақсат – сөздердің жазылуындағы ертеден келе жатқан, халықтың ұғымына сіңген дәстүрді бұзбау екені ескертіледі. Солай болғандықтан, сөз мейлі, қолтума сөз болсын, мейлі өзге тілден ауысқан кірме сөз болсын, дәстүрлі принципті сақтаған жағдайда бұрын қалай жазылып келсе, солай жазылатын болады деп, мысал ретінде, ана тілімізге араб-иран тілінен енген ақыл, мысал, саясат, тәлім; орыс тілінен енген кәмпит, кәрзеңке, кереует, жәшік, сот, болыс, бишік секілді сөздердің жазылу үлгісі берілген.