Лабилдік тіннің абсолюттік рефрактерлік кезеңіне байланысты. Аб- солюттік кезең ұзақ болса, тін
лабилдігі төмен болады, өйткені абсолюттік рефрактерлік кезенде тін қандай күшпен тітіркендірілсе де
жауап бермей қояды. Сондықтан тітіркендіру аралығы абсолюттік рефрактерлік кезеңінен ұзағырақ болуы
керек, сонда ғана тін келесі импульске сәйкес қоза алады. Жеке тіннің өзіне ғана тән қозу қабілеті
(қозғыштығы), рефрактерлік мерзімі болады. Демек, тіндер лабилдігі де бірдей емес.
Жүйке талшығьшың абсолюттік рефрактерлік кезеңі 1-2 мс, ал ла- билдігі 500-1000 гц, қаңқа еті
талшығының қабілеті жүйкенікінен төмен, бірақ абсолюттік рефрактерлік мерзімі ұзақ 3-4 мс, лабилдігі 250-
330 гц. Жүйке-ет (мионевральдық) байланыстық түйіспенің рефрактерлік мерзімі 8-10 мс.
Оған сәйкес
лабилдігі 100-125 гц, түйіспенің қозғыштығы ет талшығынікінен көп төмен.
Лабилдік, оған сәйкес келетін қозғыштық қасиет айналадағы түрткілердің әсерінен өзгеріп отыруы
мүмкін. Қолайсыз әсер салдарынан лабилдік дәрежесі төмендейді. Жүйкеге мұз басып тікелей салқындатса,
оның рефрактерлік кезеңі ұзарып, лабилдігі төмендейді. Бұл есірткі заттардың (наркотик) әсерінен, оттегі
жетіспеуінен де (гипоксиядан) төмендейді.
Белгілі бір тінге ұзақ уақыт әсер етуші серпіністің саны лабилдік дәрежесінен тым жоғары болса, ол
ондай ырғақтарды игеріп алады (А.А. Ухтомский). Мұның нәтижесінде лабилдіктің дәрежесі жоғарылайды,
оны А.А. Ухтомский “ырғақтарды игеру” деп атады. Мысалы, спортпен шұғылданушылар жаттығу жасаған
кезде, жарысқа түсерде бой жазған сәтте, олардың
тін лабилдігі жоғарылайды, соның арқасында олар
көптеген жетістіктерге жетеді. Қысқасы, лабилдік дәрежесі біресе жоғарылап, біресе төмендеп отыруы
мүмкін. Демек, тіннің қозғыштық қасиеті де тұрақты емес, өзгеріп тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: