Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет70/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Есту мүшесінің гигиенасыСыртқы құлақта құлық жиналса, онда шаң-тозаң және микроорганизмдер 
ұсталып, құлақтың дыбыс жолын бітейді. Соңдықтан құлақты жылы сумен сабындап жуып отыру керек. 
Кұлақты сіріңкемен, қарындашпен, түйреуішпен тазалауға болмайды. Бұдан дабыл жарғағы закымданып, 
есту нашарлайды. Кейде адам оның әсерінен саңырау болып қалады. 
Аса күшті дыбыс және шу жүйке 
жүйесін мүлдем қажытады және есту мүшесінің қызметін бұзады. Көп уақытқа созылған шудың ортасында 
және жоғары дыбыста болған адамдардың құлағы нашар естиді. Мұның негізгі бір себебі — есту мүшесіне 
қан әкелетін қан тамырлары тарылып, оның зат алмасуын нашарлатады. Адамды қоршаған сыртқы ортада 
температураның аса өзгеріп отыруынан есту қабілеті бұзылады. Күшті шу еңбек өнімін 40—60%-ға дейін 
төмендетеді. Өндіріс орындарында шуды азайту үшін бөлменің қабырғаларын және төбесін арнайы дыбысты 
сіңіріп отыратын материалдармен қаптайды. Ал жұмысшылар шуға қарсы оны бәсеңдететін құралды 
құлаққа киеді. Моторлар мен станоктарды олардың механизмін теңселтіп, шу шығармайтын орнықты 
тұғырға орнатады. Есту мүшесі жұмысының нашарлауы көптеген жұқпалы аурулардан кейін байқалады. 
Шешек, құлғана, тұмау ауруларымен ауырғанда есту мүшесі зақымдануы мүмкін. Осы ауруларды 
туғызатын микроорганизмдер мұрын, жұтқыншақ, есту түтігі аркылы ортаңғы құлаққа еніп, оны 


қабындырады. Сөйтіп, дыбыс тербелістері ішкі кұлаққа дұрыс жетпейді. Суық тигенде есту мүшесі 
қабынады. Мұндай жағдайда жедел дәрігерге көріну керек. Әр түрлі қатты дыбыстар (қопарылыс және т.б.) 
кезінде ауызды ашып түру керек. Үшақпен биіктікке көтерілу және түсу, атмосфера қысымының өзгеруі 
дабыл жарғағына әсер етіп, есту мүшесінде қолайсыз сезімдер туғызады. Биік таудан машинамен тез төмен 
түскенде де осындай сезімдер байқалады. Өлең айтып, музыка тыңдау, дене қимыл жұмыстарын істеу және 
спортпен шұғылдану естуді жаттықтырып, жұмысын жаксартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет