(Əуезов). Өткірлік, мен білсем, одан табылады (Иманжанов). Айта келгенім
ол емес, əрине (Мүсірепов). Амалы бар ма, іске кірісу қажет (Иманжанов).
Бастың ауруы мүмкін, шайдікі шығар (Есенжанов). Солар дұрыс айта ма
деймін, менің ойымша (Əуезов). Өзіміз ойлағандай, əскер қаладан шықты
(Есенжанов). Мұрат, əдетте, көңілді бала болатын (Иманжанов). Менің
шамам келер ме екен,сірə (Мүсірепов). Əлбетте,ер азаматтың бұл күнде
бір-біріне бөтендігі жоқ қой...(Иманжанов). Орысшаға, құдай біледі, өзі
судай екен (Есенжанов). Сол жылдың жазы екен-ау, айтпақшы (Аманшин).
Қыстырма сөздер, сөз тіркестері сөйлемнің басында келсе, олар өздері
бір синтагма құрап, сөйлемнің басқа сөздерінен пауза арқылы бөлініп,
көтеріңкі тонмен айтылады. Қыстырма соз бен сөз тіркесі сөйлемнің басқа
сөздерінің ара жігінде тұрса, онда оның тоналды интервалы теріс, болымсыз
болып, шұғыл өзгереді. Қыстырма сегменттер мен сол сегменттер
қолданылған сөйлемнің интонациясындағы ең басты өзгешелік олардың
тоналды диапазоны мен тоналды деңгейінің мөлшерімен, сондай-ақ, олардың
динамикалық параметрлерінің айырмашылығымен анықталады. Негізгі
сөйлемнің тоналды диапазоны мен деңгейі жəне интенсивтілігі қыстырма
сегменттермен салыстырғанда молырақ жəне көлемді болады. Сөйлемнің
басында тұрған қыстырма сегменттердің айтылу ұзақтылығы мен
интенсивтілігі - ортасында жəне соңында тұрған қыстырма сегменттермен
салыстырғанда көлемді де басымырақ болады. Бұл жайт сөйлемнің
басындағы қыстырма сөздің сөйлемдегі маңызы молырақ екенін көрсетеді
(17-сурет).
Сөйлемнің ортасында тұрған қыстырма сегменттердің көбісі екі жағынан
шамалы паузамен бөлініп бəсеңдеу əуенмен ерекшеленеді. Сөйлем
ортасындағы қыстырма сегмент пен ол сөйлемнің алдыңғы жағындағы
сөздердің ара жігінің тоналды контуры теріс, болымсыз болады. Мол
тоналды диапазонды, жоғары деңгейлі болып келетін сөйлемнің алдыңғы
мүшелерімен салыстырғанда оның ортасында тұрған қыстырма сегменттер
төменгі тоналды регистрде шамалы тоналды диапазонмен сипатталады (18-
сурет).
Сөйлемнің соңында тұратын қыстырма сегменттер сөйлемнен пауза
арқылы бөлінбей, негізгі тонның сəл бəсеңдеуімен ғана, төменгі регистрде
жылдам айтылады. Сегменттердің ара жігі көбінесе болымсыз интервалмен
ерекшеленеді. Негізгі сөйлеммен салыстырғанда, сөйлемнің соңындағы
қыстырма соз айрықша тар тоналды диапазонмен жəне шамалы
интенсивтілікпен жылдамырақ айтылады. Оның себебі сөйлем соңында
қыстырма сөздің қосылуы сөйлемнің негізгі мазмұны сомдалып болғаннан
кейін ғана айтылатынында жатыр. Əдетте сөйлемдегі жалпы мазмұн мен оған
енген қыстырма сегменттердің мазмұнының арасында елеулі айырмашылық
бар. Ол айырмашылық негізгі сөйлемдегі жалпы информациялық мазмұнның
қыстырма сегменттердегі мазмұннан мол да, басым түсетіндігінен көрініп,
интонация компоненттері арқылы беріледі (19-сурет).
Қазіргі қазақ тілінің жазба түрінде қыстырма сөздер, сөз тіркестерімен
қатар, əсіресе, сөйлемнің ортасында келетін, сол сөйлемнің мазмұнына
қалайда бір байланысы бар, көлемді қыстырма сөйлемдер де жиі кездеседі.
Ондай қыстырма сөйлемдердің интонациясының өзгешелігінің бастысы –
олардың да басқа қыстырма сегменттердей, өздері ішінде тұрған
сөйлемдерден компоненттерінің барлық жағынан бəсең де кемірек болуы.
Мұның басты себебі қандай да қыстырма сөйлемдердің мазмұнында жолай
айтылған, үстемелі, түсіндірмелік мəннің болуымен байланысты. Жазуда
мұндай қыстырма сөйлемдер көбінесе жақшаға алынады. Мысалы: Шоқша
сақалын ақ шалған, орта бойлы, мығым денелі, "қамыт аяқ" (атқа көп
отырған ғой, - деп күлетін құрдастары) бұл пəниде ешкімді ренжітіп
көрмеген қарияны ауылы Қара шал деп атайтын. Қара шал соңғы жылдары
"Малқұдықта "адам басы айналар шыңыраудан су тартып, мұқым ауылды
сауын маядай асырап отырған "ақмотордың "(сыртқы түрі ақ болушы еді)
ақауы кеткен тетіктерін жөндеп, іске қосып... "моторист" деген
мамандықтың иесі болды (Халық кеңесі). Сол кезде (неге екенін кім білсін)
жайдан жай жылағысы келді (Мұқанов). (20-сурет).
Сөйлемнің
басында,
ортасында,
соңында
келетін
қыстырма
сегменттердің мазмұнын өзара салыстырса, олардың басында, ортасында
қолданылған қыстырма сегменттерден соңындағы қыстырма сегменттердің
мазмұны кемірек болатыны байқалады.
Сонымен, сөйлемнің ортасында қолданылған оқшау сөздер (қаратпа
сөздер, қыстырма сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) қыстырма интонеманың
варианттарымен сипатталады, ал сөйлемнің басында жəне соңында тұрған
оқшау сөздер тиянақсыз жəне тиянақты интонемалардың варианттары
арқылы көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |