Лекция Тапсырма : Лекция бойынша тірек ұғымдарын тауып жазыңыз. Сұрақтар құрастырыңыз. Эксперимент жасаңыз жəне нəтижесін хабарлаңыз



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата12.10.2022
өлшемі89,17 Kb.
#42566
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
5-лекция-1

 
 
 
1.2. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің интонациялық ерекшеліктері 
Сөйлемдегі бірнеше сөздің синтаксистік қызметі бірдей дəрежеде бір 
сөзге 
қатысты 
болып 
тұратын 
бірыңғай 
мүшелерді 
салаластыра 
байланыстыратын амалдар – интонация мен жалғаулықтар. Мысалы: 1
Апталарайларжылдар өтсін (Алпамыс батыр). 2. Алтынай малын сауады
// отын жағады, // суын əкеледі, // күлін шығарады, // тамағын істейді, // 
үйін жияды, // қорасын тазалайды (Аймауытов). 3. Ақ пен қара, //қызыл мен 
көк, // күрең мен қына сары // біріне-бірі еппен тоғысып, // бəрі жымдасып 
тұр (Мүсірепов). 
Бірінші мысалдағы қызметтес бір тұлғалы жалаң сөздерден болған 
бірыңғай мүшелердің просодикалық белгілерінде бір-біріне ұқсастық, 
біркелкілік бар. Əр мүше бір синтагма болып, айырым паузамен көмкерілетін 
əуенмен айтылады. Синтагманың соңында тонның көтерілуімен қатар оның 
интенсивтілігі мен ұзақтылығы да молаяды. Бірыңғай мүшелердің соңғы 
синтагмасы саябырлап төмендеп, интенсивтілігі азайып барып тоқтайды (21-
сурет). 
Екінші мысалдағыдай, əрқайсысы сөз тіркесінен болып, синтагмаға тəн 
айырым паузамен айтылған бірыңғай мүшелер əуенінің контуры да біркелкі 
көтеріңкі болып, толқынданып келеді де, ең соңында саябырлап төмендеп 
барып бітеді. 
Екі-екіден жалғаулықтар арқылы қосақталып тұратын бірыңғай 
мүшелердің де өзіне тəн интонациялық ерекшеліктері бар. Қосақталған екі 
бірыңғай мүшенің арасында ешбір айырым пауза болмай, олар қосағымен бір 
синтагма құрайды. Əр синтагма айырым паузамен бөлініп, акценттеліп 
көтеріңкі-бəсең тонмен ерекшеленеді. 
Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің интонациялық сызығы да бір-біріне 
ұқсас болып, көтеріңкі, кейде көтеріңкі-бəсең əуенмен өрнектеліп, біркелкі 
паузалармен бөлініп, соңында ғана төмендеп барып бітеді. 


Бірыңғай мүшелердің алғашқы синтагмалары тиянақсыз жəне қыстырма 
интонемалардың варианттарына сай келеді, ал ең соңғысы əрқашан тиянақты 
интонемаға ие болады. Схема түрінде бірыңғай мүшелердің интонациялық 
сызығын төмендегідей беруге болады (22-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет