Лекция Техногенді бүлінген жерлерді игеру және оның халық шаруашылығындағы маңызы Рекультивация



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата23.09.2024
өлшемі217,89 Kb.
#145225
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
11 Лекция



11 Лекция
Техногенді 
бүлінген 
жерлерді 
игеру 
және 
оның 
халық 
шаруашылығындағы маңызы
Рекультивация – 
Техногенді бүлінген немесе құнарлылығы жойылған 
жерлерді қайта құнарландыру, қалпына келтіру, лат. (re — қайта немесе кері 
әсерді білдіретін қосымша және cultіvo - өңдеу) әртүрлі өнеркәсіптік өңдеу 
жұмыстарының нәтижесінде т.б., жолдармен бүлінген жерлерді қайта 
қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға және қоршаған 
ортаның экологиялық қызметін жақсарту мақсатында жүргізілетін кешенді 
жұмыс. Жердің бүлінуі, құнарсыздануы әртүрлі өнеркәсіптік қазбалау 
жұмыстары барысында пайдалы қазбаларды өңдеу, геологиялық барлау және 
әртүрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден сондай-ақ жерді пайдалану 
жүйеснің дұрыс жолға қойылмауынан топырақтың беткі құнарлы қабаты 
жойылады. Гидрологиялық жүйелер өзгереді сонымен қатар әртүрлі пішіндегі 
техногенді жер бедері түзіледі. Бүлінген жерлерді қайта қалпына келтірудің 
нәтижесінде ол жерлерді ауылшаруашылығына, адамдар демалатын демалыс 
орындарына, су қоймаларына және балық шарауашылығына, құрылыс 
саласына пайдалануға қажетті аймақтар пайда болады. Бүлінген жерлерді 
қайта қалпына келтіру үшін әртүрлі өнеркәсіп қалдықтарынан тұратын 
қоршаған ортаға зиянды, топырақтары құнарсызданған жерлерді және 
ластанған су көздерін биологиялық, техникалық, химиялық жолдармен 
жақсартылады. Бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру техникалық және 
биологиялық екі кезеңде жүргізіледі.
Техникалық кезеңде бүлінген нысандардың ойлы-шұңқыр жерлері 
толтырылып, ірі-кесекті заттардан тазартылып беткі қабаты біркелкі 
тегістеліп, құнарлы немесе құнарландыруға болатын топырақ немесе 
топырақгрунттарын төгіп жасанды топырақ қабаттары жасалады.
Биологиялық кезеңде агротехникалық және сол ортаның климаттық 
жағдайына бейім фитомелиоранттар арқылы фитомелиортивтік жұмыстар 
жүргізу. Топырақтың құрлымын жақсартып, топырақ түзіліу үрдістерін 
тездетіп, биологиялық қауымдастықтың пайда болуына және олардың 
өнімділігінің артуына ықпал етеді.
Тау-кен өндірісінде карьерлерді ашық әдіспен игеруде бүлінген жерлерді 
қайта қалпына келтіру, құнарлылығын арттыру мәселелерін шешу барысында 
П.И. Томаков, В.С. Коваленко, В.Д. Горлов, М.Е. Певзнер, Е.П. Дороненко, 
А.М. Михайлов, В.С. Эскин, И.И. Заудальский, А.К. Полищук, К. Жынчи, П.Ч. 
Чулаков, Ә. Бегалинов, Т. Қалыбеков, М.Н. Сәндібеков, Р.Н. Панас, Би Иньли 
және т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырған. Аталмыш еңбектерде тау-кен 


жыныстары жарамдылығы бойынша топтарға бөлінетіндігі, ашық тау-кен 
жұмыстары кезінде бұзылған жерлерді қайта қалпына келтірудің жолдары, 
бағыттары және кезеңдері, құнарлы топырақты қазып алудың, 
тасымалдаудың, өнеркәсіптік үйінділер жасаудың және төгудің тиімді 
технологиялық жобалары қарастырылған. Елімізде топырақтанушы 
ғалымдардың техногенді бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіруде және 
олардың теориялық, практикалық негіздерін әзірлеудің ғылыми-зерттеу 
жұмыстары 1976 жылдардан бастау алады. Рекультивациялау жұмыстарымен 
Ө.О. Оспанов атындағы қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зертеу 
институтының ғалымдары Ф.Е. Қозыбаева, Г.Б. Бейсеева, Э.А. Мурсалимова 
т.б,. ғалымдардың Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян, Риддер мыс, 
мырыш кен өндірісінің, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент маңындағы 
кірпіш зауытының өндірістік қалдықтарымен ластанған аумақтарын, 
карьерлерді, сондай-ақ бүгінгі күнде
Жамбыл облысы Жаңатас фосфоит кен орындарының техногенді бүлінген 
ландшафттарын рекультивациялауда және ол жерлерде 
алғашқы 
топырақтүзілу үрдістерін зерттеуде еселі еңбек етіп келеді. Осы саладағы 
отандық және шетелдік тәжірибелер мен зерттеулер халық шаруашылығында 
бүлінген жерлерді қалпына келтіріп қайта пайдаланудың оңтайлы 
мүмкіндіктерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет