δх = ƒхSi / P; δу = ƒуSi / P,
мұнда ƒх және ƒу – х және у осьтері бойынша байланыспаушылықтар Si түзулердің ұзындықтары, δх, δу – координаталар өсімшелеріне түзетпелер.
Алынған түзетпелерді метрдің жүзден бір (0,01 м) бөлігіне дейін жуықтайды және ведомосьтің 7 және 8 тармақтардағы өсімше шамаларының үстіне жазады. Тексеру: түзетпелер қосындысы кері таңбамен байланыспаушылыққа тең:
∑ δх = - ƒх ; ∑ δу = - ƒу.
Ведомосьтің 9 және 10 тармақтарына түзетілген өсімшелерді жазады. Ал х және у осьтері бойынша түзетілген координаталар өсімшелерінің алгебралық қосындысы 0 нольге тең болуы керек:
∑ΔXтүз = ∑ΔYтүз = 0.
Түзетілген өсімшелер арқылы негізгі полигонның нүктелерінің координаталарын келесі формуламен шығарады:
Δ X n+1 = X n ± Δ Xтүз
Δ Y n+1 = Y n ± Δ Yтүз¸
мұнда X n+1 және Y n+1 – келесі нүктелердің координаталары, X n және Y n – алдыңғы нүктенің координаталары,
ΔXтүз және ΔYтүз - өзінің таңбасымен алынған түзетілген координаталар өсімшелері.
Есептелген координаталарды есептеу ведомосьтің 11 және 12 тармақтарына жазылады. Берілген 1 нүктенің координаталарын есептеп табу, координаталардың дұрыс есептелгендігінің дәлелі болып табылады. Барлық есептеулерді 5-кестеде көрсетілген үлгіге сәйкес координаталар ведомосіне орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |