Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы



бет28/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрбие процесінің түбірі деп қарастырылады.
Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс-әрекетіне негізделген. Осы іс-әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас бірліктерге, яғни қылық-әрекеттер мен кіші бөліктер - операцияларға бөліп қарастырғандықтан іске асыра алады. Тәрбие процесі педагогтың операцияларды орындаудан әрекеттерді басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс-әрекетін басқаруға өтуімен анықталады.
Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда болған ұжымдық қарым-қатынас белгілі-бір іске, шешімге, құлықтың бір жолын таңдауға әкеліп соғады, яғни тұлғаның күрделі құлықтары мен белгілері қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.
Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі — бұл жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл атқарады. Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс-әрекетке кірістірмей, қажетті қылық типін қалыптастыру мүмкін емес. Іс-әрекетке кірістіру тәсілі — жаттықтыру болады. Жаттығу - автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі — тұлғаның тұрақты қасиеттері — дағдылар мен әдеттер. Әдеттер сана мен ерікті жаңа жұмыстарды атқаруға босатады. Ойлау қабілетімен айналысып, жақсы әдеттердің қалыптасуын қадағалаудан тыс қалған тәрбие өзінің мықты сүйенішінен айрылады.
Жаттығу нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі; 2) оның мазмұнына; 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5) қайталау жиілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне; 9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.
Талап — бұл тәрбиеленушінің білгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне ссебепші әсер ететін тәрбие әдістсрінің бір түрі.
Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап
(жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б.); 3) талап-кеңес; 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6) талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті және негативті талаптар.
Үйрету — бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз. Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы келеді, оны басқа әдістермен бірге, әсіресе ойын әдістерімен пайдаланған жөн.
Үйрету әдісін дұрыс пайдалану шарттары:

  1. мақсаттың айқын болуы;

  2. түсінімді үйрету;

  3. тапсырманы беру уақытымен санасу;

  4. орындау жолдарын және нәтижені көрсету; 5) сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі; 6) үнемі бақылау жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет