Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы


Қазіргі мектептің тәрбие үрдісіндегі педагогикалық қолдау



бет6/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Ëåêöèÿ Ò?ðáèå ?äåð³ñ³- ò?òàñ ïåäàãîãèêàëû? ?äåð³ñò³? ??ðàìäû á?ë 2

Қазіргі мектептің тәрбие үрдісіндегі педагогикалық қолдау
Жоспар
1. Тәрбиенің қозғаушы күштері.
2. Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау
1. Тәрбиенің қозғаушы күштері.Тәрбие процесінің диалектикалығы. Қарамақарсылықтардың күресі және бірлігі жалпыфилософиялық заңының адам дамуының, тәрбие процесінің, мазмұнының қозғаушы күші ретінде қарамақайшылықты анықтауы. Ішкі және сыртқы, жалпы және жеке қарамақайшылықтар. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналуы, терістеуді терістеу заңдарының тәрбиедегі көріністері. Тәрбиенің мақсаттылығы, жүйелілігі, вариативтілігі. Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, дамуы жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; 2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарымқатынасынан тыс тәрбиенің болмау жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; 5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігіне, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс.
Кезінде К.Д.Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.
Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.
Принцип деген ұғым латын тілінде «бастапқы», «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді. Олай болса, тәрбие принциптері деп – тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет