Кеңес педагогикасы болса оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді тұлғаны жан-жақты дамыту теориясы мен практикасының негізгі жетекші мәселелері ретінде қарастырылады. Дегенмен де мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары ұжымдық әрекетке негізделе бермек. Сол себептен де оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі – оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен іс әрекетінде олардың жауапкершілігі, белсенділігі артып, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік қарым-қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыру, моральдық нормаға айнала бермек. 2. Қазіргі мектептің тәрбие үдерісіндегі педагогикалық қолдау. Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жасөспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттілігн туындатады. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда олардың әрекетінде ауызбіршілік, жүйелілік болмаған жағдайда тәрбиелілік шаралардың нәтижесі төмендеп кетеді. Баланың дүниетанымы отбасынан бастау алып, мектеп және ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып, баланың мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке түсіреді. Жоғарыда баяндалған тәрбие принциптерін тәрбие процесінде басшылыққа алу, олардың бір-бірімен өзара байланысын қамтамасыз етуді тәрбиешілерге айрықша міндеттеледі. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. «Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев). Олай болса тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана сезімі мен ақыл ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.