1лекция тест:
1)Гуманистік психология бағытының өкілдерін атаңыз?
Жауап: А.Маслоу, К. Роджер, Г. Олпорт; 2)Вильгельм Вундттың тұжырымдамасы бойынша психология ғылымы? Жауап: Сана туралы ғылым; 3)Когнитивтік психология бағытының өкілдерін атаңыз? Жауап: Ж. Пиаже, В. П. Зинченко; 4)Психология ғылым ретінде дамуы неше кезеңді құрайды? Жауап: 4;5)Бақылау, экспримент, әңгіме, тест, сауалнама-қандай әдістерге жатады? Жауап: Зерттеу әдістеріне; 6)Бихевиоризм бағытының өкілдерін атаңыз? Жауап: Э. Торндайк, Б. Ф. Скиннер, Дж.Уотсон; 7)Гештальтпсихология бағытының өкілдері: М. Вертгеймер, В. Келер, К. Коффка; 8)Психология ғылымы зерттейді? Жауап: Бұл адамдар мен жануарлардың мінез-құлқын мен психикалық процестерін зерттейтін ғылым; 9)Уотсон, Торндайктың тұжырымдамасы бойынша психология ғылымы? Жауап: Мінез-құлық туралы ғылым; 10)Зигмунд Фрейдтің тұжырымдамасы бойынша психология ғылымы? Жауап: Саналы және бейсаналы әрекеттер туралы ғылым.
2 лекция тест: 1)Ішкі мотив? Жауап: Сыртқы құбылыстармен емес, оның іс-әрекеті мен субьектінің өзіндік мотивтеріне негізделген; 2)Адамның өз бетінше жақсы болуға ұмтылуы, идеалға жақындауға тырысуы, өз бойында жақсы қасиеттер пайда болуы үшін еңбектенуі, оқып үйренуі, түрлі істермен айналысуы? Жауап: Өзіндік мотивация; 3)Л. И Божович тұжырымында тұлғаның адамгершілігі бағыт-бағдары және тұлғаның қойылым қағидаттары бойынша мотив түрлері? Жауап: Тұлғалық-қоғамдық, эгоистік және қоғамдық мәнді; 4)Мазмұнына қарай мотив түрлері? Жауап: Биологиялық, әлеуметтік, рухани; 5)Маңыздылық дәрежесіне байланысты мотив түрлері? Жауап: Негізгі, қосалқы; 6)Мотивация сөзінің анықтамасын көрсетіңіз? Жауап: Адамның мінез-құлқын, оның бастамасын, бағытын, белсенділігін түсіндіретін, оның туындау себептерін сипаттайтын психологиялық феномен; 7)Мотивтің саналылық дәрежесіне қарай түрлері? Жауап: Саналы, бейсаналы; 8)Психологтар өзіндік мотивацияның уақыттық факторына орай неше деңгейін ажыратып көрсетеді? Жауап: 3;9)Субьектінің қажеттілігін қанағаттандыруға байланысты қандай да бір іс-әрекетке итермелейтін түрткі? Жауап: Мотив; 10)Тұрақты мотив? Жауап: Адамның қажеттіліктеріне негізделген, себебі ол көмекші күштерді керек етпейді