Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР



бет36/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру: немен күресеміз, неге күресеміз?
2. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге болама?
3. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын қалай түсінесіз және білім беру мекемесінде қалай қалыптастыруға болады?
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының 2015-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген.
2. Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 001 қаулысымен бекітілген.
3. Антикоррупционное воспитание: система воспитательной работы по формированию у учащихся антикоррупционного мировоззрения в образовательном учреждении: методические рекомендации / Е. Н. Барышников, Н. В. Григорян, Л. М. Беловицкая, М. В. Бойкина; под науч. ред. С. В. Жолована. - СПб: СПбАППО, 2010. - (Петербургский опыт общего образования). - 56 с.
4. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М.: Просвещение, 1985. 5. Зубра А. С. Формирование культуры личности: пособие / А. С. Зубра. - Минск: Вышэйшая школа, 2004. – 206 с.
6. Пустовалова И. Н. Формирование правосознания как основное условие деинституализации коррупционных отношений / И. Н. Пустовалова // Гуманитарные и социальные науки. – 2011. - № 1. Основы противодействия коррупции: учебное пособие / Под ред. И. И. Рогова, К. А. Мами, С. Ф. Бычковой. – Алматы: ОФ «Транспаренси Казахстан», ОФППИ. – «Интерлигал» в Казахстане, 2004. – 328 с.

Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиялық тетігі.
Жоспары:
1. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы.
2. Психологиялық фактордың сыбайлас жемқорлыққа әсер ету шарасы.
3. Сыбайлас жемқорлықтың негізгі психологиялық құрамдастары.


1. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы.
Сыбайлас жемқорлық әрекетінің психологиясы. Сыбайлас жемқорлық проблемасына арналған көптеген зерттеулер көлемі экономикалық, әлеуметтік және заң тұрғысынан бағалауға ұшырайды. Алайда, сыбайлас жемқорлық әрекеттің психологиялық көзқарасы бойынша қазіргі кездегі түсінігі әртүрлі. Сыбайлас жемқорлық проблемасын психологиялық тілде сипаттау үшін бірқатар негізгі ұғымдар мен олардың анықтамаларын енгізу қажет: сыбайлас жемқорлық әрекет – бұл лауазымды адамның қызметтік жағдайын асыра пайдалану арқылы жеке пайда табуға бағытталған әрекеті; сыбайлас жемқорлық қысымы – лауазымды адамға бұл жеке пайда табу үшін билік өкілеттіктерін асыра пайдалану немесе одан бас тарту арасында таңдау жасауға әкелетін ықпал етудің әлеуметтік және психологиялық факторлары жиынтығы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық – бұл сыбайлас жемқорлық қысымына қарсы тұру және қылмыс пен заңға мойынсұнатын әрекет арасында соңғысының пайдасына таңдау жасауды жүзеге асыру қабілетімен көрінетін тұлғалық жүйелік қасиет; сыбайлас жемқорлыққа бейімделу – сыбайлас жемқорлық қысым жағдайында сыбайлас жемқорлық әрекетін таңдауға жеке бейімділік; сыбайлас жемқорлығы дендеген адам – сыбайлас жемқорлыққа жоғары бейімділік және төмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылықты игерген белгілі бір әлеуметтік тип.
Сыбайлас жемқорлық әрекет факторлары сыртқы (сыбайлас жемқорлық қысым) және ішкі (сыбайлас жемқорлыққа бейімділік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықтылық) болып жіктеледі.
Әлеуметтік тұрғыдан сыбайлас – бұл жалпы қабылданған әлеуметтік нормаларды бұзу, бұрмалау, зақымдану және кейіннен белгілі бір қоғамдастықта оларды жасырын егу. Егер, бір жағынан, қоғамда және мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қабылданған норма ретінде ресми түрде айтылған, ал екінші жағынан, күнделікті қатынастарда тұрмстық сыбайлас жемқорлық кең таралған болса, ресми айтылған және нақты қолданыстағы мінез-құлық нормалары арасындағы қарама-қайшылық айқын. Салдарында, мемлекеттік қызметшілер мен олардың қызметтердің тұтынушылары ретінде азаматтардың мүдделер қақтығысы орын алады. Осылайша, әрекеттердің «қосарлы стандарты» психологиясы сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін фактор болып табылады. Бұл ретте қоғамық қатынастарға қатысушылардың екі жағы да (мемлекеттік қызметшілер мен азаматтар) сыбайлас жемқорлық қысымын сезінеді.
Сонымен қатар ешқандай сыртқы жағдайлар, егер олар сыбайлас жемқорлық тұлғасының ішкі қасиеттерімен келіспесе құқыққа қарсы әрекеттердің себептерін айқындай алмайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің күрделі психологиялық тетігін және оның әрбір элементі қажетті өзара байланыс пен өзара тәуелділікте қаншалықты болғанын түсіну үшін қазіргі заманғы сыбайлас жемқордың бейіні мен оның психологиялық портретін қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдар арасында жүргізілген психологиялық зерттеу психологиялық бейінді және олардың аз ғана адамдар тобымен араласуға ұмтылысы, жақын қарым-қатынастар орнату кезінде абай болу, сыбайлас жемқорлық құрбандарына қатысты аяушылықтың жоқтығы сияқты бірқатар қасиеттерді айқындап берді.
Олар, әдетте өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ешқашан жаза болмайды деп ойлайды. Атап айтқанда, қазіргі сыбайлас жемқорлықтың ашықтық және арсыздық сияқты сипаттамасы анықталып отыр. Жасырын, «қауіпсіз» парақорлық үздіксіз дамитынын атап өту керек, өйткені жемқорлар жасампаздығының жоғарылығы күмән тудырмайды. Шетелдік зерттеулердің деректеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық бойынша айлашарғыларда зияткерлігі жоғары және мәселелерді стандартты түрде емес шешетін шығармашыл адамдардың мейлінше жолы болады. Нәтижесінде кейбір сыбайлас жемқорлық схемалары мен сыбайлас жемқорлық әрекетін ұйымдастыру тәсілдері әккілікпен және жетілгендігімен таң қалдырады.
Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті: өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың төмен деңгейі, өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы (адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет