Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Қоғамдық қауіпсіздік белгісі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды шектеу және оған құқықтық салдарды сәйкестендіру



бет45/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

2. Қоғамдық қауіпсіздік белгісі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды шектеу және оған құқықтық салдарды сәйкестендіру
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2004 жылғы 14 желтоқсандағы кеңестік тобының бірауыздан қабылдаған шешімімен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына енгізілді. Халықаралық ұйымдардың және жұртшылықтың өкілдері еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы саясатын оң бағалады, сондайақ республиканың халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы атап өтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбул іс-қимыл жоспарына сәйкес, 2005 жылдың 20-21 қазанында Парижде кеңесу тобының кездесуі болып өтті, онда Қазақстандағы және Ресей Федерациясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша заңдық-құқықтық және институционалдық база туралы ақпарат ұсынылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы превентивті шара – еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары болып табылады. Сонымен, 2006–2010 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламада инвестициялық жобаларды, құрылысты және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын қайта жөндеуді, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды жүзеге асыру үшін бюджеттен бөлінген қаржылық шығындардың жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды қамтыды.
Сондай-ақ аталған іс-шаралардың ішінде мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін көздейтін тұлғалардың қызметінің жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау, құқықтық базаны жетілдіру мәселелері де қамтылды. Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы Қаулысымен бекітілген, 2006–2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты. Аталған жоспарға сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әртүрлі өмір сүру саласында сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық іс-қимыл жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды азайту тұрғысынан мемлекет пен қоғамның жан-жақты әрі кезекті іс-шараларын әзірлеу және жүзеге асыруды көздеді. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде ұйымдар мен халықтың мемлекеттік қызметшімен байланысы қысқартылып, сыбайлас жемқорлық көлемі төмендеді.
2007 жылдың шілдесінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Бұл Заң бойынша 32 қылмыс құрамы Қылмыстық кодекс бойынша сыбайлас жемқорлық ретінде сарапталады. Пара алу бойынша қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды. Мысалы, егер оған дейін лауазымды адамға пара алғаны үшін бостандығынан айырудың барынша ұзақ мерзімі бес жылды құраса, енді он бес жылға дейін көбейді. Пара алудағы делдалдық үшін санкциялар күшейтілді – айыппұл орташа есеппен үш есеге (екі мыңға дейінгі ең төменгі есептік көрсеткіш), бас бостандығынан айыру төрт жылдан алты жылға дейін көбейді. Аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік (екі мыңнан аса АЕК) көзделді, онда барынша көп санкция 10 жылдан 15 жылға дейін. Жаңа Заң заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, жалған кәсіпкерлік және басқа да қылмыстардың сыбайлас жемқорлық құрамы секілді қылмыстарды айқындау бойынша құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді. Қоғамдық қауіпсіздік белгісі бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды шектеу және оған құқықтық салдарды сәйкестендіру үшін алғаш рет заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін лауазымды адамдардың әкімшілік жауапкершілігі енгізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымды атқаруына өмір бойына тыйым салу енгізілді. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауын тоқтататын факторлардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған немесе осы себептен жұмыстан шығарылған адамдарды мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысқа қабылдағаны үшін жұмыстан шығару болып табылады. Президенттің бастамасы бойынша еліміздің өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының филиалдары жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бойынша қоғамдық кеңестер құрылды. 2008 жылғы 4 мамырда «Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Осы Конвенцияға қол қоюдағы мақсат сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған неғұрлым тиімді және пәрменді шараларды қабылдау мен нығайтуға жәрдемдесу, ынталандыру, жеңілдету мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты қолдау, оның ішінде заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Конвенцияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жария сатып алу және көпшілік қаржыны басқару, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысуы бойынша іс-шаралар кешені қарастырылған. Конвенцияда көзделген шаралардың бірі, сыбайлас жемқорлық қылмыскерлердің Қазақстаннан қашып кетуге және шетелде жасырынуға тырысуының мүмкін еместігі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін заң бұзушы адамға БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қосылған әлемнің 147 елінде бірден жауап беруіне тура келеді, өйткені, ол өзара құқықтық көмек беруді және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды беруді егжей-тегжейлі регламенттейді. 2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігін қатаңдатуға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жағдай жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған.
Заңда декларацияны тапсыру міндетті болып табылса да, жылдық жиынтық табыс туралы декларация тапсырмай, салықтарды және басқа да бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Заңда салық есептілігін тапсырмағаны үшін, оның ішінде адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған үшін жауапкершілік белгіленген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында, Заңда ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесі үшін лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін, сондай-ақ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін жауапкершілікті енгізу қарастырылған. Сонымен қатар Заңда айыппұл санкцияларын көбейту арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілген және мүлікті тәркілеу институтын енгізу көзделген. Сондай-ақ Заңда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу қарастырылған, олар қаржы бақылау шараларын бұзғаны үшін, мемлекеттік функцияларды орындауда уәкілетті жеке тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы бергені, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының айыппұл санкцияларын өсіру арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны және заңсыз кірістер алғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Заңда ұйымдарды басқару функцияларын орындайтын бірқатар тұлғалар, мемлекеттің үлесі (кемінде 35 %, бұл кем дегенде 50 %) жарғылық капиталында ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына берілген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестіру; заңсыз жолмен алынған, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаған ақшалай қаражатты немесе өзге де мүлікті заңдастырғаны үшін мүлікті міндетті тәркілеуді енгізу ұсынылады. Бұдан басқа, Заңда нормативтік актілер арасындағы коллизияларды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін әкімшілік заңнаманың нормаларын реттеуде кемшіліктерді жою мақсатында, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру ұсынылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін қатал жауапкершіліктің қажеттілігі Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның [30] «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның қабылдануымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жағдай жасалды, рұқсаттар саны мен қызметтің лицензияланатын түрлері күрт азайды. 2014–2020 жылдарға арналған құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың Мемлекеттік бағдарламасында құқықтық тәртіп органдарына деген сенім деңгейін көтеруге, мінсіз мінез-құлқымен және жоғары құзыреттілік деңгейімен ерекшеленетін персоналды қалыптастыруға бағытталған шаралар қарастырылған.
Бағдарлама құқық қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтуді және стандарттауды, сондай-ақ олардың сапасын арттыру бойынша шараларды көздейді. Одан әрі дамыту мәселесі құқықтық тәртіп органдарының халықпен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының жаңа нысандарына ие болады. Құқық қорғау қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, соның ішінде қылмыстық қудалау органдарының жұмысын бағалаудың жаңа критерийлерін әзірлеу көзделген. Сот актілерін мәжбүрлеп орындаудың тиімді жүйесін құру және сот-сараптама қызметін бір органға шоғырландыру болжанады. Осылайша, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түрлі өмір салаларында сыбайлас жемқорлықты туындататын және мемлекеттік қызметшіні сыбайлас жемқорлық әрекет жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды барынша азайту бойынша мемлекет пен қоғамның жан-жақты және дәйекті шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруды көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының бесінші кезеңі 2014 жылғы тамыздан басталады. 2014 жылғы тамызда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды, оған мемлекеттік қызмет саласындағы басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берілді. Осылайша, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реттеуші және құқық қорғау функцияларын біріктіретін арнайы мемлекеттік орган құрды. Ол мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен өткеруге және мемлекеттік аппарат тазалығы мониторингінің мәселелерін реттеуге арналумен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық қудалау функциялары да берілді. Бұл ретте, алдын алу-профилактикалық қызмет жаңа құрылған орган үшін басым бағыт болып табылады. Шын мәнінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бесінші кезеңінің басталуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы стандартын жетілдіруге және әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталды, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жүйелі саясатты көрсетеді. Әкімшілік, қылмыстық заңнама жетілдірілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған превентивті-репрессивті шаралар енгізілді, мемлекеттік қызметтің беделі артты. Қазақстан мемлекеті дамуының алдыңғы кезеңдерінде жалпы мойындалған нәтижелерге қол жеткізілді, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісінде айқын оң үрдістер байқалды. Жоғарыда аталған Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015- 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы анықталды, онда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының алдағы жылдарға арналған негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық үшін алғышарттарды, оны туғызатын себептері мен жағдайларды жоюға, оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін іс-шаралар кешені қамтылған. Стратегия елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ағымдағы жағдайын талдауды, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың сипаттамасын, оларды жою тәсілдері мен басты ісшараларды, Стратегияны іске асыру тетіктерін қамтиды. Стратегияны іске асыру нәтижесі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын, қоғамның мемлекет институттарына сенім деңгейін, азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті деңгейін арттыру, сондай-ақ еліміздің халықаралық рейтінгін жақсарту болуы тиіс.
Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
2) қоғамдық бақылау институтын енгізу;
3) квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
4) сот және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықты ескерту;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Осы бағыттар шеңберінде 2016 жылдың қаңтарынан бастап жаңа заңдар күшіне енді: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 – V, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383–V, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заң, олар «сыбайлас жемқорлық» түсінігін анықтауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқын ажыратуға, сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылықтың екі түрі үшін жауаптылықты: қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты қарастыруға, мемлекеттік қызметтің барлық субъектілерінің қызметіне азаматтық бақылау жүйесін енгізуге, азаматтардың жария ақпаратқа еркін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Айта кету керек, бұрын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның мазмұнында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тізбесі қарастырылып, олар сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып бөлінген болатын. Оларға мыналар жатқызылды: басқа да мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу, аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерін шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану, мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға кірген кезде және ілгерілету барысында заңда көзделмеген артықшылықтарды (тамыр-таныстық, сыбайластық) ұсыну, шешімдер дайындау мен қабылдауда заңсыз артықшылық көрсету және өз өкілеттіктерін пайдалануға байланысты өзге де бұзушылықтар.
2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге өз табыстарымен қатар шығыстарын мәлімдеу міндеті жүктелетін болды. Мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жаңғырту, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік және жеке секторлардың халыққа қызмет көрсетуі кезінде барынша ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасатын болады. Сот төрелігін, заңдылық және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында сот төрелігіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарының кадр саясатына меритократия қағидаттарын және конкурстық іріктеу тетіктерін енгізу жөніндегі іс-шаралар кешені қарастырылған. Бұл ретте, аталған органдар қызметінің, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласының басымдықтары қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен ескертуге ауыстырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, енді оқу орындарында, мемлекеттік органдарда, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды оқыту курстарын құру және өткізу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттің қабылдайтын іс-шараларды жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту халықаралық қоғамдастықпен өзара ісқимылды күшейтуге жәрдемдесетін болады, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу, беделді халықаралық ұйымдарға қатысу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық тәжірибенің үздік үлгілерін пайдалану арқылы ықпал етеді. Бұл ретте, халықаралық ұсыныстар мен стандарттарды енгізу кезеңкезеңімен жүзеге асырылады, мемлекеттің оған деген дайындығының дәрежесі, қолданыстағы ұлттық құқықтың ерекшеліктері мен оның қолданылуының қалыптасқан практикасы ескеріледі, қолданыстағы нормативтік құқықтық институттардың әлеуеті мен мүмкіндіктері пайдаланылады.
Стратегияда көзделген іс-шараларды іске асыруға міндетті түрде мониторинг жүргізу қажет, ол екі түрлі болады: ішкі, іс-шараларды тікелей орындаушы өткізетін және сыртқы, арнайы құрылған мониторингтеу тобы жүзеге асыратын, оған тиісті мемлекеттік органдардың, қоғамдастықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Іс-шаралардың орындалуы туралы есеп қоғам назарына жеткізілетін болады.
Жазаның бұлтартпастығы қағидаты табысты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерімен ұсталған шенеуніктер атқарған лауазымдары мен дәрежелеріне қарамастан, заңның барлық қаталдығы бойынша жауап береді. Қылмыстық-құқықтық саясат лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қатаң жауапкершілікті қамтамасыз етеді. Осындай қағидаттық тәсіл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылған. Мәселен, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі қолданылмайды, шартты түрде сотталуға тыйым салу белгіленген, мемлекеттік қызметте лауазымға орналасу құқығына өмір бойы тыйым салу енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеу жөніндегі, басшылардың дербес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін жеке жауапкершілігі жөніндегі нормалармен толықтырылды. Онда «мүдделер қақтығысы» деген маңызды ұғым бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығын күшейте отырып, олардың әлеуметтік кепілдіктері де жетілдірілуде. Кезең-кезеңімен, жүйелі түрде мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік халжағдайын көтеруге және адал әрі әділ негізде өз міндеттерін орындау үшін оларға жағдай жасауға арналған. Сот жүйесіне сенімін арттыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ісінде оның рөлін күшейтуге баса назар аударылады.
Судьялар корпусын қалыптастыру тетігін жетілдіру, электрондық сот ісін жүргізуді дамыту, оның ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар қабылданды. Барлық жерде ақпаратқа қол жетімділік артты, бұған электрондық үкіметті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құрылымдардың интернет-ресурстары ықпал етті. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілері туралы еш кедергісіз уәкілетті органдарға хабарлауына, соның ішінде сенім телефондары мен мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы хабарлауына жағдай жасалды. Елдің инвестициялық тартымдылығын күшейту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті, халықтың сапалы және жылдам мемлекеттік қызмет алуын қиындататын әкімшілік кедергілер жойылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сыртқы бақылау мен тиімділігін бағалау жүйесі қалыптастырылды. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзудың (2012 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге өсті) және оларды көрсету сапасына шағымдардың жыл сайынғы саны азайды (25 %), сондай-ақ автоматтандырылған қызмет үлесі (2 еседен астам) және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесі (51 %) артты. Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру деңгейі артып, бәсекелестік ортаны, бюджет қаражатын ашық және тиімді игеруді қалыптастыруға ықпал етті. Экономиканың мемлекеттік емес секторында кәсіпкерлік қызметті жүргізу, жұмысқа орналастыру және халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Тұтастай алғанда, аталған шаралардың қабылдануы Қазақстанның жемқорлыққа қарсы қызмет деңгейі бойынша Орталық Азия өңірінде және ТМД елдері арасында көшбасшы орындардың біріне орналасуына мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні белгілі, қоғамдағы демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне залал келтіреді. Бірақ ең бастысы – қоғамның демократиялық негіздеріне адамдардың сенімін, заң мен әділдікке сенімін, сайып келгенде – билікке деген сенімін бұзады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың мәселелерімен қарқынды жұмыс соңғы уақытта көптеген зерттеушілердің пікірінше, қылмыстық заңның қатыгез санкцияларына сүйенетін «жазалаушы операциялардың» өзі бұл құбылыстардың шиеленісуіне әкеледі. Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес тәжірибесі көрсеткендей, тіпті анық әзірленген превентивті іс-шаралар жүйесі кейде жеткіліксіз болады. Жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың деңгейін барынша азайту үшін кешенді тәсілді пайдалану қажет.
Мемлекеттік деңгейде күрес тиісті заңдарды қабылдау, қосымша жазалау құралдарын енгізу, әкімшілік ресурсты пайдалану, сыбайлас жемқорлыққа, көлеңкелі экономикаға және терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында күш-жігерді біріктіру, мемлекеттік билік органдарының жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылы бойынша мақсатты жұмыс дегенді білдіреді. Қызмет көрсету саласын реформалауды, мемлекеттік қызметтің ашықтығын кеңейтуді сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің неғұрлым айқын мақсаттары деп мойындау керек. Шенеуніктер жалақысының төмен деңгейі, қаржыландырудың жабық болуы немесе тіпті құпиялылығы сыбайлас жемқорлықтың ең елеулі талаптары болып табылмайды. Сыбайлас жемқорлық заңға негізделген кезде, заңның өзі оның пайда болуына ықпал еткен жағдайда әлдеқайда маңызды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономиканың мәселесін қағазбастылықсыз шешуге бағытталған кешенді саясиқұқықтық реформа, азаматтық құқықтарды іске асырудың рұқсатнамалық тәртібінен өтініш берушіге көшу нәтижесінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Мұндай болмаған жағдайда кез келген реформалар, тіпті заң тұрғысынан ең кемелді заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әмбебап құралына үміттене отырып, жемқорлар үшін және жалпы алғанда бюрократия үшін ең үздік сыйлық болады. Мемлекет қабылдаған іс-шаралардың дұрыстығы мен тиімділігі Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтағы өзінің беделін жоспарлы түрде арттыруымен, экономикасы мен халықтың әлауқатын көтеруімен расталады. Осы тараудың келесі параграфында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін заңдық жауапкершілік институтын тікелей қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет