Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Айыппұл негізгі әкімшілік жазалау шарасы ретінде



бет48/57
Дата09.10.2024
өлшемі172,51 Kb.
#147459
түріЛекция
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
Лекция тезисі та?ырыбы Сыбайлас жем?орлы? ??ымы

2. Айыппұл негізгі әкімшілік жазалау шарасы ретінде.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-де әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күнгі айлық есептік көрсеткіштің қатаң бекітілген көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза ғана белгіленген. Бірінші сатыдағы соттың судьясы немесе апелляциялық сатыдағы соттың судьясы жеке тұлға жасаған (мүліктік игіліктер түрінде сыйақы алған немесе берген) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде, егер осы тұлғаға қатысты оның жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар болса және мұндай жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар жоқ болса, әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы қысқартуға құқылы екенін ескеру қажет.
Заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың мөлшерін қысқарту көзделмеген. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодексте жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік жазаның өзге де негізгі немесе қосымша түрін қолдану мүмкіндігі көзделмеген. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза тағайындау қағидасы ҚР ӘҚБтК-нің 7-тарауымен реттеледі. Оларға сәйкес әкімшілік жаза: – ҚР ӘҚБтК-нің 676–681 баптарында белгіленген санкциялар шегінде сот қолданады; – әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке тұлғасына сәйкес, әділ болуы тиіс; – жеке тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамның сипатын, айыпталушының жеке басын, ескере отырып, оның ішінде құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және кейінгі мінезқұлқын, мүліктік жағдайын, мән-жайларын ескере отырып, жеңілдететін және ауырлататын жауапкершілік жүктеледі; – заңды тұлғаға әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатын ескере отырып, ұйымдық-құқықтық нысанындағы жаза қолданылады; – бір тұлға екі немесе одан да көп әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда әрбір құқық бұзушылық үшін жекежеке қолданылады; – егер адам бір мезгілде бір судья қарастыратын бірнеше әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған болса, Кодекстің 44- бабы 2-бөлігінде көзделген әкімшілік айыппұлдың үш мәрте мөлшерінен аспауы тиіс; – әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға, егер оны жасау күнінен бастап бір жыл өтсе, ал заңды тұлға – егер оны жасау күнінен бастап үш жыл өтсе, жауаптылыққа тартылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет