Лекция тезисі тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық ұғымы


Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік



бет47/57
Дата20.03.2023
өлшемі234,27 Kb.
#75590
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік.
Жоспары:
1. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы.
2. Айыппұл негізгі әкімшілік жазалау шарасы ретінде.
3. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды қарауға уәкілетті мемлекеттік органдар.
4. Қылмыстық заңнамадағы пара және алаяқтықты ажырату ерекшеліктері (ҚР ҚК 190-бабы).
5. Кінәні мойындау туралы келісім немесе ынтымақтастық туралы келісім.
6. Соттың үкіміне дейін мүлікті тәркілеу.


1. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы.
Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады.
Мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, демократиялық ұстанымдары мен құқықтық тәртіпті бұзады, мемлекеттік аппараттың қызметін төмендетеді, мемлекеттік реформаларды өткізуге кедергі келтіреді, сайып келгенде, азаматтардың билікке сенімін жояды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 2-бабының 1-бөлігінде сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы ұғынылады.
Бұл ретте, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық арасындағы салдардың ауырлық дәрежесі бойынша нақты бағытты жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің халықаралық тәжірибесі сыбайлас жемқорлық сипаттағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілейтін ұлттық заңнамадағы нормаларды белсенді дамытуды, қылмыстық жауапкершілік шараларының алдында алдын алу шараларының басымдығын дәлелдеп отыр. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық мінез-құлық стандарттарын тәртіптік, қылмыстық және әкімшілік ықпал ету шараларының көмегімен тұрақты қолдау керек. Мұндай шаралар қылмыстық жауапкершілікке қарағанда тиімдірек, өйткені оларды қолдану жедел рәсімге байланысты; мемлекет тарапынан елеулі материалдық шығынды және құқық қорғау органдарының күш-жігерін талап етпейді; мемлекет ұстануы тиіс жазалаутәрбие саясатының негізгі қағидаттарының біріне толық сәйкес келеді, жаза неғұрлым тиімдірек болса, соғұрлым ол тезірек қолданылады. Сонымен қатар, жасалған құқық бұзушылық үшін жаза қолдану процесі ұзағырақ болса, ол жазасыз қалады деген ықтималдық көп болады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік құқығының маңызды құрамдас бөлігі ретінде әкімшілік-деликт құқығы қаралады, оның дамуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты. Мұндай заңдардың негізіне, Тұжырымдамада атап көрсетілгендей, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы, тікелей қолданыстағы заңдардың мәнін, мазмұнын және қолданылуын анықтайтын конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың маңызды міндеттерінің бірі бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, әкімшілікқұқықтық шаралармен қоғамдағы қақтығыстардың алдын алу болып табылады. Әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде, Тұжырымдамада қоғамдық қауіптілік деңгейінің мөлшерін, құқық бұзушылық сипатын бұлжытпай сақтау, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкцияларды айқын шектеу ұсынылады. Бұл ұсынымдар ерекше өзекті, өйткені көбінесе жасалған құқық бұзушылық үшін мөлшерлестік қағидатын бұзу, әкімшілік репрессивтік санкциялардың қылмыстық санкцияларға айналуы байқалады. Әкімшілік құқық бұзушылық мемлекеттік-биліктік қатынастар саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде жиі көрініс табады. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодексінің, (бұдан әрі – ӘҚБТК) «Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық» 2-бөлімінің 3-тарауы 25-бабына сәйкес, осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады (1-тармақ). Егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды (2-тармақ). Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бірқатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірнеше нормалар бар. Бірақ айта өту керек, жауапкершіліктің басталмауы осы нормаларды бұзу белгіленген қағидалар мен тыйым салуларды толықтай елемеуге әкеледі. Бұл сыбайлас жемқорлық әрекеттерге жатады: белгілі бір мемлекеттік қызметші үшін моральдық-этикалық түсінік бойынша мүмкін емес нәрсе, егер ол өзінің әріптестері үнемі солай әрекет етсе, мүмкін болып табылады. Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
Өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтардан айырмашылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрқашан қасақана әрекет түрінде жасалады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамын ескере отырып, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деп мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның немесе оған теңестірілген тұлғаның қоғамға әдейі қауіпті әрекеті, өзінің өкілеттігіне кіретін іс-әрекет (әрекетсіздік) үшін сол тұлғаның пайдасына материалдық игіліктерді жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз алудан көрінуі, сондай-ақ 1егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, сыйақы ұсыну бойынша жеке тұлғаның қасақана іс-әрекеттері түсіндіріледі. Бұл ұғым сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың материалдық мазмұнын, заңдық табиғаты мен әлеуметтік мәнін ашады және сол арқылы қоғамдық қауіптілік, құқыққа қайшылық, жазалану, кінәлілік пен қол сұғушылық объектісі ретіндегі оның белгілерін айқындайды.
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық құрамы Кодекстің 34-тарауында баяндалған және алты бапта тіркелген: – жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (676-бап); – мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның заңсыз материалдық сыйақы алуы (677-бап); – заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі (678-бап); – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы және заңсыз кірістер алуы (679-бап); – мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шара қолданбауы 680-бап); – бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың жұмысқа қабылдануы (681-бап).
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар құрамы. Осындай құқық бұзушылықтардың құрамы өзара негізделген және өзара байланысты төрт элементтен тұрады: субъект, объект, объективті жағы және субъективті жағы. Субъект – бұл құқық бұзушылық жасаған және заңда белгіленген белгілері бар құқықтық жауапкершілікті атқаруға қабілетті адам.
Барлық сыбайлас жемқорлық әрекеттер оларды арнайы субъектінің – мемлекет функцияларын орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның және оған теңестірілген тұлғаның жасауын болжайды.
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) мәслихаттардың депутаттары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі.
Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады.
Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 12) тармақшасында мемлекеттік қызметші ұғымына анықтама берілген, «мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы».
ҚР ӘҚБтК 28-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылыққа: әкімшілік құқық бұзушылық аяқталған немесе оның жолын кескен кезде он алты жасқа толған, ақыл-есi дұрыс жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға жатады. Бұл ереже негізінен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне де қолданылады. Сыйақы берушінің мүддесі үшін құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін лауазымды адамға сыйақы беретін субъект 16 жасқа толған жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға болуы мүмкін. Заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі заңды тұлғаның атынан құқыққа қарсы сыйақыны заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы не заңды тұлғаның атқарушы органы атынан өзге жеке тұлғаның ұсынуын білдіреді. ҚР ӘҚБтК 29-бабына сәйкес, осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған кезде ақыл-есi дұрыс емес жағдайда болған, яғни өз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн сезіне алмаған немесе оларды созылмалы психикалық ауруының, психикасының уақытша бұзылуының, ақыл-есі кемдiгiнің немесе психикасының өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан басқара алмаған жеке тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа жатпайды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік және өзге де заңмен көзделген жауапкершіліктен оның есі дұрыс емес болуына байланысты босату үшін негіз ретінде тек сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Егер әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған оның адамның есі дұрыс емес екендігі белгілі болған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылуға жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 1-бабы 12) тармақшасы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мемлекеттік қызметшілер болуы мүмкін емес. Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объектілері мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың қызметтік өкілеттігін жүзеге асыруының белгіленген тәртібі болып табылады. Сонымен қатар, әрбір нақты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа уәкілетті тұлғалардың мемлекет функцияларын орындауына байланысты оның тікелей объектісі болады. Мысалы, мемлекет функцияларын орындауға уәкілетті тұлғалардың заңды және жеке тұлғаларға ақпаратты ұсынуының белгіленген тәртібі; осы адамдардың өзге де тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жәрдемдесуінің белгіленген тәртібі және т. б. Барлық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың объективті жағы әрекет етуімен (мысалы, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару заңсыз кірістер алуы) немесе әрекетсіздігімен (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттік органдар басшыларының шара қолданбауы) сипатталады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъективті жағы тікелей ниетпен сипатталады: кінәлі адам өзінің қоғамға қауіптілігін және өзі жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің және оны жасағысы келетін істің заңға қайшы екенін сезінеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың кейбір құрамдарына мақсат және мотив тән. Бірдебір сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық абайсызда жасалмайды.
Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының аса қауіпті нысандары болып табылатын, ең көп таралған құқық бұзушылық қатарына мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруын, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаның не оған теңестірілген тұлғаның жеке немесе заңды тұлғалардан заңсыз материалдық сыйақы алуын жатқызуға болады. Әкімшілік жауапкершілік және оның түрлері әкімшілік құқық бұзушылық құрамының элементтеріне жатпайды, заңды жауапкершілік түрі ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі болып табылады. Жекелеген мемлекеттік міндеттерді атқару тәртібі туралы заңдарға сәйкес, (мәслихат депутаттарының, судьялардың мәртебесі, мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының қызмет өткеруі туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты өзге де ықтимал құқық бұзушылық субъектілері туралы) сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетін басқа да құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көрсетілген субъектілер сыбайлас жемқорлыққа байланысты сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерді және өзге де әрекеттерді жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және өзге де көрсетілген саяси мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Кодекс негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылады, бірақ олардың мәртебесі туралы тиісті заң актілерінде белгіленген арнайы рәсімдер алдын ала сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет