Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет36/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   147
Байланысты:
4. лекция тезистері

Ерекше белгілері. 1. Оқушының назарын оған шоғырландырмай қозғалыс әрекетіне кіретін жекелеген қимылды орындау. Бүл қозғалысты орындау жүйесінің дағдыға айналуы есебінен іске асады.

  1. Қозғалысты автоматты түрде орындау оқып, үйрену нәтижесінен немесе өмірлік тәжірибеден болып табылады.

  2. Дағдыландыру қозғалыс әрекетін орындау кезінде сапаның басты рөл атқаратынын жоққа шығармайды. Қозғалыс дағдысын қалыптастыру кезінде мазмұны мен әрекеттің мәні емес, кейбір қозғалыстардың, оның қүрылымының кейбір бөшектері автоматтандырылады (мысалы, жүйке-
    бұлшық ет жүйесінің үйлесімділік қатынасы, козғалыс және негативтік бөліктердің өзара байланысы). Сондыктан сапалы түрде орындалатын жаттығуларды автоматтандырылғанымен қарсы қоюға болмайды. Қозғалыс дағдысында сапалылыкпен және автоматтандырылғаны диалектикалық
    бірлікте жүреді.

  3. Оқушының сапасы әрекеттің тораптық бөлігіне (компонентіне), жағдайдың өзгеруі есептеліп және қозғалыс міндеттерін шығармашылықпен шешуге бағытталған. Қажеттілік болған жағдайда үйретілетін оқушы бақылауға алып, әрбір қозғалысты оны орындаудағы қажетті түзетулерін ендіріп немесе басқа әрекетті орындауға кірісу тиіс (мысалы, қолы мен басы
    арқылы денені тік ұстау тепе-тендігін жоғалтқан оқушы алға қарай топтастырып жасап аунап кетеді).

  4. Қозғалыс дағдысы жоғары тұрақтылықта сақталады, мүның мәні, әр түрлі басқа жағдайларда қозғалыс әрекеті (мысалы, басқа спорт залда, басқа үйренбеген спорт қондырғысымен және т.б.), оқушыларға дағдыланбаған, тітіркендіргіштердің әсер етуінен (көрермендер, күшті шу, температураның жоғарылауы және т.б,). аз бүзылған қателіктермен орындалады.

6. Қозғалыс дағдысы үшін қозғалыстағы белгілі бір жүйелілік тән. Бұл артық қимылдар кідірістерді жоятын бүтіндей қозғалыс әрекетіндегі жекелеген қозғалыстардың бірігуімен түсіндіріледі. Қозғалыстың дәл,нақтылылығы артады, олардың ырғақтылығы жетіледі, бүтіндей әрекетке кететін уақыт қысқарады. Бұл әрбір келесі бөлектегі автоматты түрде қосу импульсы болатын тасымалдаушы белгілердің (сигналдардың) әрбір алдағы әрекеттің бөліктерінің аяқталғаны жайлы түсуі арқылы орындалады.
7. Қозғалыс дағдысының қалыптасуы талдағыштардың қызметін (анализаторлардың функцияларын) қайта таратумен қатар жүреді. Қозғалысты бақылауда бұлшық ет сезінуі басты маңыз алатын болғандықтан және осы мағынада көру талдағыштарының қызметі біршама араласып қозғалыс талдағыштарының рөлі артады. Көру талдағыштары кызмепің нәтижелілігіне және жағдайды бақылауға кіріседі.
Дағдыны толық игеру барлық талдағыштардың көрсеткіштерінің жиналуын (синтезін) және нәзік бөлшектерге бөлінудің нәтижесінде пайда болуына әкеледі. Спортшы жүзгіш бүл сезімді суды сезіну, футболшы допты сезіну және т.б. деп атайды.
Мацызы. Дене тәрбиесінің білім беру міндетінің негізгі мазмүны қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушыларының, кәсіптік-техникалық мектеп курсанттарының, орта және жоғары оқу орындары студентгерінің денеге білім беру бағдарламасы оларды өмірге, еңбек, әскери және спорттық қызметке дайындығына басқа қозғаушы күштермен кешенді бірлікте қозғалыс әрекетінің қажетті жүйелерін оқытып үйретуді алдын-ала қарастырады. Дене қызметінің барлық түрлерінде қозғалыс дағдыларының қалыптасқан көлемін кеңейту нәтижелілігін арттырады. Адамның танымдық аясы шексіз емес. Сондықтан бірқатар қимыл-қозғалыстарды автоматты түрде орындауға жеткізу жұмысты орындағанда шаршамауға, қозғалыстың әрбір бөлшегін бақылауға қажетті ақыл-ойды түйыққа тіремейді, керісінше сананы шығармашылық қызмет үшін босатады.
Физиологиялық негіздеме. Көрнекті кеңес ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П.Павловтардың еңбектерінде еркін қозғалыстардың қалыптасуының негізгі физиологиялық механизмі белгіленіп, анықталған. Бүл уақытша байланыстардың пайда болуымен және олардың жәрдемі мен бүлшық еттердің қозғалыс актісін орындауы реттеледі. Олардың негізінде шартты рефлекстің бірінші тәртібі, яғни жоғары тәртібі, күрделі (манипуляциялы) рефлекстердің және т.б. пайда болуы жатуы мүмкін. Манипуляциялық рефлекстерде маңыздырақ мән жатыр, өйткені олар жаңадан пайда болған қасиетке ие емес, яғни жауап реакциясы түрлерімен байланысты.
Қозғалыс дағдыларының қалыптасу барысы шартты түрде үш физиологиялық сатыға (фазаға) бөлінеді: (мұнда тек қозғалыс әрекетінің тікелей қайталауына байланысты физиологиялық туралы айтылады. Ал қозғалыс әрекетінің Іс жүзіндегі орындалып кетуше дәлелді мақсат қою қарастырылмайды.)
1-саты орталық жүйке жүйесіндегі қоздыру барысының кең иррадиацияда (күңгірт фонда ақ заттардың үлкейіп көрінуі) шартты рефлекторлық байланыстардың пайда болуымен сипатталады. Сыртқы түрінде бүл қозғалыс әрекетінің тек жалпы бейнесінің дәл емес және жиі қажетсіз қозғалыстардың жалғасып орындалуымен көрінеді.
2-саты артық қоздыру иррадиация тежелу барысының дамуымен шектеліп уақытқа және кеңістікте орталықтандырылған жүйелерді нақтылау жүреді. Бұған қозғалысты болдырмау сәйкес келеді. Алайда қоздырғыш және тежегіш әлі жеткілікті емес дәрежеде жасаған өзара қоздырғыш және тежелу жүйесі әрекеттеріне байланысты қозғалыста артық бөгелушілік байқалады.
3-саты барынша дүрыс жетілген қозғалыс әрекетін орындауды қамтамасыз ететін қозғалыстың динамикалық стереотипінің (көшірмесінің) қалыптасуының аяқталуымен сипатгалады. Сонымен, қозғалыс дағдысының қалыптасуы, қозғалыстың динамикалық стереотипінің пайда болуымен аяқталады, яғни шартты рефлекстердің механизмі нәтижесінде пайда болатын жаггыққан, байсалды жүйке жүйесі.
Динамикалық стереотип стандартгы әрекет кезіндегі қозғалыстағы жүйеліліктің физиологиялық негізі болып табылады (мысалы, жүгіру жолағымен жүгіру), мұнда оны қүрайтын қозғалыстың барлығы бірдей жүйелілікте стереотипті қайталанады. Егер қозғалыс әрекеті аз стереотипті жағдайда орындалса (мысалы, ойлы-қырлы жермен жүгіру) немесе күтілген өзгеріспен (мысалы, ылғалды жолақпен жүгіру), яғни қозғалыс әрекетінің әсерлілігі негізгі стереотиптің түрге бөлінуімен қамтамасыз етіледі ("авариялық стереотип" ілімі негізгі қозғалыс тәжірибесінің жинақталуына қарай артық қордағы стереотиптердің пайда болуын шамалайды). Алайда динамикалық стереотип қоршаған ортада ағзаның бірден-бір бейімделу түрі болып табылады. Қозғалыс қызметінің үнемі өзгеру жағдайында (мысалы, спорт ойындарында) шүғыл бейімделу түрінің бірі жүйке жүйелерінің қозғалыс және вегетативтік қызметтерінің пайда болған қызмет жагдайына сәйкес тез қалыптасу қабілеті, яғни экстраполяциясы болып табылады.
Қозғалыс және вегетативтік қызметтерінің қалыптасу тиімділігі қозғалыс әрекетін меңгеру деңгейіне және адамның қалыптасқан қозғалыс дағдыларының санына байланысты болады. Оқушының қозғалыс тәжірибесі неғүрлым бай болған сайын қозғалыс және вегетативтік қызметтерінің көлемі де кең болады. Мысалы, қақпашы допты қағып алу үшін ол барлық қақпашы әдістерін меңгерген әдістерді үйрету мектебінен өткен болса ғана, әдеттегіден тыс ғажайып секіріс жасайды.
Қозғалыс дағдыларының физиологиялық кезеңдерінің қалыптасуын қозғалыс әрекетін оқытып үйрету кезендерімен араластырып жіберуге болмайды. Физиологиялық кезеңдер - бұл қозғалыс әрекетінің әсерімен ағзада жүретін биологиялық қүбылыс. Ал окытып үйрету кезеңі - бұл
оқушылардың қозғалыс әрекетін үйрену кезіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық жұмыс барысы. Биологиялық зандылықтарды білу арқылы дағдыны қалыптастыруды жеңілдететін және жылдамдататын оқытып үйрету құралдары мен әдістерін іріктеп алуға болады.
Физиологияда қозғалыс дағдыларының меңгерілу барысы қозгала білу және қозгала білудің жоғарғы тәртібі сияқты қозғалыс әрекетін меңгеру деңгейі бөлмей қаралады. Мұндай деңгейлердің бөлінуі нәтижесінде оқытып үйрету кезеқдеріне сәйкес педагогикалық міндеттерді нақтылы белгілеуге болады. Қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың 1-ші кезеңі қозғала білудің өзіне тән белгілерімен сипатталады, ал 2-ші кезең қозғала білудің жоғарғы тәртібіне жатады. 3-ші кезеңде қозғалыстың дағдылы түрде орындалуы жүреді. Оқытып үйрету жүйесін оның заңдылықтарын білмей қүру мүмкін емес. Шартты рефлекстерді қалыпқа келтіруге қарай олар адам миы қабатының бөліктерінде төмендетілген қоздырғыштар міндетін атқарады (белгілі дәрежеде тежелу).
Бұл кезде ми қабықтарының бөліктері үйлесімді қоздырғыштықпен шығармашылык қызмет үшін босанады. Егер ми қабығының шығармашылық бөлімдерінің жұмыс істеуі сана құбылысымен қабаттаса жүрсе, онда бөлімдердің жұмыстарының төмендетілген қоздырғыштықпен жүргізілуі дағдыға айналған (автоматтандырылған) қызмет деп аталады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, қозғалыстың дағдыға айналуы ми қабықтарының белгілі бөліктерінде тежегіш дуалдар, яғни жүйке жүйесі ағынының жоғары тиімділікпен жүруіне мүмкіндік жасап және оларды бүзатын сыртқы орта әсерінен қоршап, өзіне тән қызметтік оқшаулаумен, оларды дағдылы түрдегі уақытша байланыстармен қоршайды. Егер орнатылған жүйкелік жүйелердің стереотипі өзгерген жағдайға тура келмесе, қызметттік оқшаулау алынып тасталады (тежелу жүреді) және бұл жұмыс ағымы орталық жүйке жүйесіндегі жалпы қызметтік байланыстар жүйесіне қосылады. Басқа сөзбен айтқанда ескі стереотиптің өзгеруі жүреді немесе жаңасының қалыптасуы басталады. Қозғалыстың дағдыға айналуы заңдылықтары кейбір педагогикалық әдістерімен саналылық принципін іске асыруға қарама-қайшы түруы мүмкін. Қозғалысты дағдыға айналдыру басталар кезінде, әрекетті орындау барысында, оқушының сапалы түрде түсінуге талаптануы кезінде қозғалыстың әрбір бөлшегі дағдының автоматтандырылуын болдырмауға әкеледі. Сонымен бірге келесі ережелер жүреді: біріншіден, егер оқытушының назары қозғалыстың сыртқы сипатына аударылса (бағытына, амплитудасына, қозғалыс қарқынына), онда дағдының автоматтандырылмауы басталмайды, ал егер оқушының назары қозғалыстың ішкі қүрылымына бағытталса (жекелеген бүлшық ет топтарының жиырылу үйлесімділігі), онда басталады; екіншіден, егер оқушыны қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың алғашқы кадамдарынан бастап әрбір қозғалыстың сипаттамасын бақылауды үйреткен болса, онда қозғалыстың барлық сәттерін жете үғыну 3-ші кезеңде де автоматтандырылмауға әкелмейді; үшіншіден, оқушының назары қайта оқытып үйрету кезінде қозғалыстың әрбір бөлшегіне шоғырландырылған болуы және қажет болған жағдайда ескі дағдыны бұзуы тиіс.
Физиологияда қозғалыс дағдысын шартты түрде мына үш компонентке (бір нәрсенің құрамындағы бөлігі) бөлу қалыптасқан: афферентті, орталық (бағдарламалайтын) және эфферентті.
Қозғалыс дағдысының афферентті компоненті жауап беретін қозғалыс актілерін талап ететін тітіркендіргіштерді қабылдайды.
Тітіркендіргіш күрделі болған жағдайда (мысалы, спорт ойындарында ойынның әр түрлі сәттері осындай күрделі тітіркендіргіш болады) афферентті жинақтау (синтез) қиындайды. Афферентті жинақтауда кері байланыстарға маңызды мән беріледі. Қозғалыс жай орындалған кезде кері байланыстар осы қозғалысты немесе оның кезеңін тікелей орындау барысында реттеуге мүмкіндік береді. Тез орындалатын және қайталанатын қозғалыстарда (мысалы, жүгіруде) уақыттың жетімсіздігі, ағымдағы қозғалысқа түзетулер енгізу, тек әрбір келесі қозғалыста іске асады. Соңында, қысқа уақыттағы бір актілі қозғалыстарда (мысалы, лақтыру құралын лақтырғанда) оларды тек қайталап орындау сәтінде ғана реттейді. Дағдының орталық компоненті түскен мәліметті өңдеуді лсәне адда болатын қозғалысты бағдарлауды қамтамасыз етеді. Бұның іске асуы уақыт тапшылығынан қиындауы мүмкін, яғни орындаушыға шешімді өте тез қабылдауға тура келеді.
Эфферентті компонент бағдарланған қозғалыстың орындалуын қамтамасыз етеді. Орындау тиімділігі дағдыланған бағдарламаның ағзаның қызметгік мүмкіндіктеріне сәйкестігіне байланысты болады. Бағдарлама мен қозғалысты іс жүзінде орындау арасындағы үйлеспеушілік оқушының шаршауы, кері сезімдердің әсер етуі кездерінде байқалады. Қозғалыс дағдысының қалыптасуы және одан әрі жетілдірілуі оны толық биоэнергетикалық қамтамасыз ету кезінде көңіл-күйінің көтерілуінің үйлесімді деңгейінде барынша нәтижелі болады
Сондықтан әдіс-тәсілді жақсы меңгерген спортшы кейде 3-5 метр жерден қақпаға тигізе алмайды, ал баскетболшы айып добын торға сала алмайды.
Қозғалыс дағдысы қалыптасып болғаннан кейін оның дамуы тоқтамайды» Егер жүйелі, ұтымды қайталау жалғасса, онда дағдының одан әрі дамуы жүреді. Мұнда дағдының тұрақтылығының жалғасуы және өзгеріп отыратын жағдайда еске түсіруге қабілетгі дағдыны барынша икемді етуге ұмтылу арасындағы қарама-қайшылық байқалады. Өмірде өзін дәледдеп, ақтаған қозғалыс дағдысы болып бірінші жағынан әр түрлі кедергілерге үлкен тұрақтылық танытатын (оқушыға жоғары температураның, шудың және т.б. әсері), басқа жағынан өзгермелі жағдайда оны жеткілікті еске түсіруге мүмкіндік беретін, жеткілікті икемділігі (гимнастикалық жаттығуларды басқа қондырғыларда орындау, ордан секіру кездерінде және т.б.) болып табылады. Мұндай қарама-қайшылықты шешу үшін тұрақтылық және икемділік сияқты жоғары жүйке жүйесінің қасиеттеріне сүйену қажет.
"Қозғалыстағы жүйеліліктің физиологиялық негізі атауының өзінде динамикалық стереотип бар", - деп И.П.Павловтың еңбегінде көрсетілген.
Педагогикалық қызмет барысында бүл қарама-қайшылықты оқытылып, үйретілетін қозғалыс қатынасымен түрлендіру түрінде жеңіп шығуға болады. Әртүрлі қайталаудың үзақтығын анықтау және әр түрге түрлендіру жолдары кез келген оқытып үйрету әдістемесінің басты міндеті болып табылады.
Қозғалыс дағдысының біртіндеп қалыптасуы оның фазалылығында көрінген: дағды бірқатар жекелеген өзгертулер арқылы біршама үзақ уақыт аралығында пайда болады. Дағдының біркелкі емес қалыптасуы, әр түрлі деңгейдегі сапалы өсуі, әр түрлі сәттердегі оның пайда болуында көрінеді.
Дағдынын қалыптасуы төрт түрге бөлінеді:
1. Дағдының "кері шапшаңдықпен" қалыптасуы. Бүл оқытып үйретудің бірінші кезеңінде салыстырмалы түрде қозғалыс әрекетін тез меңгеру жүретіндігін білдіреді, ал содан кейін дағдының сапалы өсуі баяулайды. Дағдының мүндай қалыптасу түрі салыстырмалы түрде жеңіл
қозғалыс әрекеттерін оқытып үйрету үшін тән, яғни оқушы әрекет негізін тез үғып алады және оның бөлшектерін үзақ меңгереді.
2. Дағдының "дұрыс шапшаңдықпен" қалыптасуы. Мұнда оқытып үйрету кезеңдерінде дағдының сапалы өсуінің елеусіздігін білдіреді. Содан кейін барып ол тез артады. Дағдының қалыптасуының мұндай түрі салыстырмалы түрде күрделі қозғалыс әрекеттерін үйрету үшін тән, яғни сырттай байқалмайтын сапалы жинақталу тек уақыт өте келе қозғалыс
әрекетін меңгеру деңгейін арттыру түрінде өзін көрсетуі мүмкін.
3.Дағдыны дамытудағы баяулату. Бүл жоғарыдағы шапшаңдатудың екі түрінде де дағды белгілі бір жетілгендікке жеткенде пайда болады. Атап айтқанда, дағды неғүрлым жетілсе, солғұрлым оның одан әрі жақсаруына мүмкіндік жасау үшін күш салу және педагогикалық
шеберлік талап етіледі.
4. Дағдыны дамытудағы кідіріс. Кідірістің пайда болуының екі себебі болуы мүмкін: ішкі, уақыттың өтуімен дағдының елеулі сапалық жақсаруына өтетін ағзадағы білінбейтін ыңғайланған өзгерістердің себепші болуымен, сыртқы, дұрыс емес оқытып үйрету әдістемесіне немесе қозғалыс сапаларының жеткіліксіз дәрежеде даму деңгейіне байланысты болады.
Егер себебі дұрыс анықталса, онда кідірісті болдырмай өту үшін тек уақыт (бірінші себеп) немесе оқытып үйрету құралдары мен әдістерін елеулі езгерту (екінші себеп) талап етіледі. Кідірістің ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін.
Дағдының бұзылуы. Қозғалыс дағдысы басқа шартты рефлекстер сияқты егер қосымша күш болмаса бұзылады. Бұзылу дағдының қалыптасуы сияқты біртіндеп, бірақ кері бағытта орындалады. Тіркеудің басталар кезінде дағды әлі сапалық өзгерістерге шыдас бермейді, бірақ оқушылар өз күштеріне сенбеуді сезіне бастайды, сондықтан кейде қозғалыс әрекетін орындауда олқылық орын алады. Содан кейін қозғалыстың дәл бөліктерге бөлу қабілеті жоғалады, қозғалыстардың арасында күрделі өзара жүйелілік қатынас бұзылады, ягни өткендегі көп уақытпен еңбек жұмсалған орындау әдісіндегі дербестік жоғалады. Сырттай бұл қозғалыс әрекетінің сапалық нашарлауымен түсіндіріледі: оқушы лақтыру құралдарын лақтыруда төменгі, нашар нәтиже көрсетеді, гимнастикалық жаттығуларды орындағанда қателік жібереді және т.б. Бұдан әрі жаттығудың болмауынан бұл құбылыстардың барлығы барынша сезінерліктей болады. Ақырында оқушы кейбір күрделі қозғалыс әрекеттерін орындау қабілетін толық жоғалтуы мүмкін. Солай болғасын дағдының сапалық айырмасы (тез жүгіру, биікке секіру және т.б.) жүйелі жатгығусыз тез нашарлайды. Алайда қозғалыс дағдысы түгелдей жоғалып кетпейді, оның негізі салыстырмалы түрде ұзақ сақталады да, жаттығуды қайталау барысында ол тез қалпына келеді. Мысалы, жаттығудың болмауынан адам тез жүзу қабілетін жоғалтады, бірақ ол еш уақытта жүзе білу қабілетін жоғалтпайды. Дәл осы жағдайды велосипед айдауда, шаңғымен жүруде де көруге болады. Арнайы зерттеу нәтижесі конькиде сырғанау сияқты жүйелілігі күрделі жаттығуда 10-12 жыл үзілістен кейін мұзға шыққан адамдар бір сабақ шұғылданудан кейін бұрынғы сырғанап қозғалу қабілеттерін қалпына келтірген (А.В.Белинович 1958 ж). Қозғалыс дағдысы тек жаттығуды қайталамау салдарынан ғана емес, қозғалыс сапасы деңгейінің, ағзаның қызметтік мүмкіндігінің төмендеуінен де нашарлайды. Мысалы, жүгіргіш-стаерлердің спорттағы нәтижелі табысы спортшылардың жастарының өзгеруіне байланысты оттегінің максимальді қажеттілігі деңгейі төмендейді. Одан әрі спортшы бүрындары үлкен шеберлік көрсетіп, нәтижеге жеткен қозғалыс дағдыларын орындау қабілетін толық жоғалтуы мүмкін. Сонымен, мосқал жастағы гимнасттар орындау әдісі күрделілігі орташа сермеу жаггығуларын белтемірде, жарыспалы сырықта (бруста) едәуір жеңілдікпен орындайды, бірақ сақинадағы күшпен орындалатын жаттығуларды орындауға шама-шарқы жетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет