Лекция тезистері 5B010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет114/147
Дата11.10.2022
өлшемі3 Mb.
#42299
түріЛекция
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147
Бақылау сұрақтары:
1.Спорт қоғам мәдениетінің бөлінбейтін бөлшегі
2.Жарыстық- этоландық қызметі
3. Эвристикалық-табысқа жету қызметі
4. Әлеуметтік –қоғамдық қызметі
25 Лекция сабағының тақырыбы: Спорттық жарыстар жүйесі


Сабақтың мақсаты: Студенттерге Жарыс жүйелері мен жаттығу жүйелері қызметінің тиімділігін арттыратьн қозғаушы күштер жүйесін түсіндіру


Жоспары: 1.Спорттық жарыстар жүйесінің негізгі бағыттары
2.Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру
3. Спорттың қаржыландырылуы
4.Сыртқы орта қозғаушы күштері
5. Басқару және ұйымдастыру құрылымы
6. Спорттағы жітістіктер динамикасына әсер етеін қосғаушы күштер
7. Спорттық жаттығу құрылымының жалпы сипаттамасы
8. Спорттық жаттығу әдістері
9. Спорттық жаттығу принциптері


Лекция мәтіні: Жаттығу жарыстық дайындық жүйелерінің негізгі барынша маңызды құрамдас бөлігі мыналар болып табылады: 1) іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі; 2) жарыс жүйесі; 3) спорттық жаттығу жүйесі; 4) жаттығу және жарыстық қызметтің тиімділігін арттыратын қозғаушы күштердің мына жүйелері: а) мамандар дайындау; ә) ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздандыру; б) медициналық - биологиялық қамтамасыз - дандыру; в) материалдық-техникалық қамтамасыздандыру; г)қаржыландыру; д) ұйымдастыру-басқарушылық қозғаушы күштері; е) сыртқы орта қозғаушы күштері (11-сурет).
Іріктеу және спорттық бағдарлау жүйесі - бұл баланың, жас жеткіншектің, жасөспірімнің белгілі бір спорттық мамандыққа (спорттық пәнге) жоғары дәрежелі бейімділігін, дарындылығын анықтауға мүмкіндік беретін педагогикалық, медициналық-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік сипаттағы ұйымдастыру-әдістемелік шараларының кешені (комплекс). Үзіліссіз нәтижелердің өсуімен және үнемі күшейіп отыратын бәсекелестікті сипаттайтын осы заманғы спортта түгелдей дерлік даму деңгейінде тұрған дене, психикалық және интеллектуалдық қабілеттерін жинақтау және қажетті қызметтік құрылымын меңгерген спортшыларды айқындау ерекше маңызды.
Іріктеу жүйесіне қойылатын басты талап көп жылдық дайындық жүйесінің бөлінбейтін бөлшегі болуы тиіс, өйткені қабілеттілік тек жаттығу және тәрбие барысында көрінуі мүмкін және күрделі диалектикалық бірліктің, яғни туа бітті және кейін меңгерген, биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың себебі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   147




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет