Үзіліссізорындалатын әдістер жаттығу жұмыстарын бір реттік үзіліссіз орындау сипатталады.
Аралықпен орындалатын әдістер уақытпен мөлшерленген үзіліспен, сонымен бірге еріксіз демалыс үзілісімен орындалатын жаттығуларды алдын ала қарастырады.
Ойындық әдісіспорттық жаттығу барысында тек алғашқы қозғалысты үйретіп, немесе жекелеген қабілеттерге таңдап әсер етіп қоймай сонымен бірге күрделіленген жағдайда қозғалыси әрекетін кешенді жетілдіру үшін қызмет етеді. Ол әбжілдік, зеректік, шапшаң бағдарлау, дербестік, бастамашылдық сияқты қабілеттерімен дене сапаларын дамытуға көп шамада мүмкіндік туғызады.
Ысылған, шебер педагог үшін ойын әдісіұжымшылдыққа, жолдастыққа, сапалы тәртіптілікке жеке басқада жеке тұлғаның өнегелілік сапаларын тәрбиелеудің ықпалды әдісі қызметін атқарады.
Оның белсенді демалыс құралы ретіндегі яғни бұрынғы дайындалғандық деңгейінің қалыптылығын ұстау, бейімделу және қалпына келтіру барысының әсерлігін арттыру және үдету мақсатында шұғылданушыларды басқа қозғалыс белсенділігіне ауыстырып қосудағы рөлі өте зор.
Ойын әдісі бәрінен жиі әртүрлі қозғалыс-қимыл және спорт ойындарында іске асады.
Жарыстық әдісарнайы ұйымдастырылған жарыстық қызметті мөлшерлейді. Бұл жағдайда жарыстық әдіс жаттығу барысының әсерлігін арттырудың ұтымды әдісі ретінде сипатталады. Бұл әдісті қолдану спортшының әдістік- тәсілдік, дене және психикалық мүмкіндіктері жоғары талаптарымен байланысты ағзаның маңызды жүйелерінің қызметінде терең алға басушылық, өзгеріс енгізеді және сонысымен ортаға бейімделу не себепші болады, сонымен бірге спортшының дайындалғандығының әртүрлі жақтарының жан-жақты жетілуін қамтамасыз етеді.
Жарыстық әдісті пайдалану кезінде қойылған міндетті шешуге барынша мүмкіндік жасайтын шамада жарысты өткізу жағдайын кең бағытта түрлендіру қажет. Ресмимен салыстырғанда жарыс күрделіленген, немесе жеңілдетілген жағдайда өткізілуі мүмкін.
Мысал ретінде күрделіленген жарыс жағдайына келесілерді жатқызуға болады:
орта таулық (среднегорья), ыстық ауа-райында, нашар ауа-райы жағдайындағы (қысқа қашықтыққа жүгірудегі қарсы алдынан күшті жел және т.б.) жарыстар;
спорт алаңының өлшем мөлшері (размері) кіші алаңдағы спорт ойындарынан, қарсылас команданың ойыншыларының саны көп болған жарыстарда;
қатарынан бірнеше белдесу (күресте), немесе шамамен азғантай демелыс үзілісімен бірнеше қарсыласқа қарсы айқас (бокс) өткізу;
ойындардағы және жеке сайыстағы дағдыланбаған күрес өткізудің әдіс-тәсілі үлгісін қолданатын ''қолайсыз '‘ қарсыластармен жарыста.
Жарыс жағдайының жеңілдетілуі мына жағдайларда қамтамасыз етілуі мүмкін:
спорттың циклдік түрлерінен өтетін жарыстарды ұзақтығы аз қашықтыққа жоспарлаумен;
үйлесімділігі күрделі спорт түрлерінен өтетін жарыстың бағдарламасын жеңілдету;
жеңіл атлетикалық лақтыруда жеңілдетілген құралдарды (снаряд) пайдалану;
волейболда тордың, ал баскетболда сақинаның биіктігін төмендету;
спорт ойындарында, жеңіл атлетикада әлсіз жарысқа қатысушыға айтарлықтай басымдық мүмкіндігін жасайды, яғни ол сөреден басқа жарысқа қатысушылардан ерте шығады, қақпаға салған шайба, немесе допты алдын ала артық қосып аладыжәне т.б. Әрбір әдісті тұрақтылыққа сай емес қолданады, спорттық тәжірибенің ерекшеліктерінің себебінен нақтылы талаптарға тұрақты бейімделеді. Әдістерді таңдау кезінде олардың қойылған спортшының жас және жыныс ерекшеліктеріне, олардың дайындық деңгейі және дәрежесі, жалпы дидактикалық принциптерге, сонымен бірге спорттық жаттығудың арнайы принципіне қатаң сәйкес келуін тексеріп отыруы тиіс.