Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет39/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Сөз қағысулары. Құлыншақ ақын шығармашылығында толғау жанры да едәуір орын алады. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Сыр бойы, Қаратау өңірі ақындарында өлеңмен айтысып ақындық өнер жарыстырумен қатар қысқа түрде сөз қағысу, өлеңмен әзіл айту дәстүрі де болған. Осындай дәстүрдің бір көрінісін Құлыншақтың Майлықожамен әзілді сөз қағысуынан көруге болады. Құлыншақ ақын Майлықожаға:
Майлы, Майлы десе де май болмадың,
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың,- дегенде, Майлықожа:
Сен Құлыншақ болғалы талай болды,
Иә құлын, иә жабағы, тай болмадың,- деп іліп ала жөнелген екен. Ақындардың бұл өлеңмен қағысуы, кейде аздаған өзгерістермен, ел ішіне кең тарап белгілі болған. Бұл қағысудан екі ақынның да суырып салғыштығымен қатар тапқырлық қасиеттерін де көреміз.
Осындай өлеңмен сөз қағысуының бірі мынадай болып келеді. Құлыншақ ақын мен Майлықожа кейінірек тағы бір кездескенде Құлыншақ өзі бір өлеңнің басын бастайтынын, аяғын ойланбай жалғастыруын Майлықожаға айтады да:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,- деп бастағанда Майлықожа ақын ақын:
Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ,
Біреуге ерте, біреуге кеш келеді,- деп өлеңінің соңын жалғастырып тоқтаған екен. “Бұны Құлыншақ ”бұлай емес еді ғой”:
Ажал тағдыр ешкіммен ақылдаспас,
Біреуге ерте, біреуге кеш келеді, - деп қорытындылапты. Сонда Майлықожа “жөн екен” депті”.
Осы сияқты бір-бірінің ақындық өнерлерін сынау мақсатында ақындар бас қосқан кездерде өлеңнің басын бірі шығарып, екіншісі ортасын, келесісі өлеңнің соңын шығаратын дәстүр болған.
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік ақындарында хат жазысып бір-бірімен шығармашылық жақтан байланысты болу, хатпен айтысу дәстүрі де болғандығына дәлел - ақынның Молда Мұсаға (Мұсабек Байзақовқа) жазған хаты. Ақынның Шәді төремен өлеңмен жазысқан хаттары да бар.
Құлыншақ ақынның жоғарыда келтірілген айтыстары мен сөз қағысулары оның өз заманында айтулы суырып салма сөз зергерлерінің бірі болғанына нақты дәлел болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет