Лекция тезистері кредит: 6 Лекция тезистерін құрастырған ф.ғ. к. Бейсенбаева Р. Х. Шымкент, 2022 ж



бет30/72
Дата05.02.2023
өлшемі379,2 Kb.
#65267
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
ХІХ ғас.лекц. 2

2. Лекция жоспары:
1. Шернияз Жарылғасұлының (1807-1867) өмірбаян деректері, өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы.
2. Шығармаларының мән-мазмұны.
3. Лекцияның мақсаты: Шернияз ақынның өмiрi, шығармашылығынан деректер бере отырып, шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін айқындау, шығармаларының зерттелуін, қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын түсіндіру, меңгерту.


4. Лекцияның мазмұны:
1. Шернияз Жарылғасұлының (1807-1867) өмірбаян деректері, өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы. Махамбет рухында жыр толған, көтеріліске үн қосқан, халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі—Шернияз.
Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен (1807-1867). Арғы атасы Байтілеу ауқатты болса да, өз әкесі шағын дәулетті, еті тірі ел ағасы болған. Шернияз жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Шернияз Бөкей хандығына келіп, Исатайға жолығады. Ұзамай оның ең жақын достарының бірі болып алады.
Шернияз жас кезінен-ақ суырып салып өлең айтып жүреді. Бірақ оның ақындық өнеріне ерекше шабыт берген Исатай бастаған көтеріліс болған. Дарынды жас көтеріліс кезінде Махамбет рухында өлеңдер шығарып, халықты ханға қарсы күреске үндейді. Ойыл, Қиыл елдерін, ақ кете руын көтеріліске тартуға ерекше роль атқарған ақын, өзі көтерілісте ерлік көрсетіп, Исатайдың үлгілі сарбаздарының бірі болады.
Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп, Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Байғамбеттің ел кезген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын өзі ханға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Біақ, ол ешқашан өзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді. Жұмбақтар шығарып, бүкпелей сөйлейді. «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» 1925 жылы басылады.
Баймағамбет Шерниязды өз сынынан өткізеді. Махамбетті ұстауға аттандырған қолға қосып та жіберіп отырады. Архивтегі бір деректе, Махамбетті ұстауға қатысқан адамдар тізімінде Шернияз аты аталуы да осыдан боса керек. Бірақ ол Шерняздың өз ырқынан тыс істелген істер. Соның өзінде Шернияз шамасы келгенінше жолдастарына өз көмегін көрсете жүреді. Махамбетті бір сапар ұсталудан сақтап қалғаны туралы профессор Қ.Жұмалиев бір фактіні қисынды келтірген. Бұл Шернияздың Исатай мен Махамбет атына еш кір келтірмегенін сипаттайды.
Шернияз аты үш жүзге мәлім. Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды. Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңдерін жырлап келген-ді. Бұлардың әрқайсысы оның жырын өз естулерінше айтып жүрген. Бірақ олар Шернияз өлеңдерінің негізгі арнасын бұзбай сақтап отырған.
Шернияздың Алыш ақын айтуы арқылы жеткен өлеңдері, Баймағамбет сұлтанмен кездескендегі жыры бізге баспадан мәлім. Ол Мұстафин дегеннің жиып, құрастыруы бойынша, 1925 жылы, Москвада бөлек кітап болып басылып шықты.
Бұл басылуында Шернияз өлеңдері аңыз аралас баяндалады. Сол жинақтың соңында Алыштың өз атынан айтылатын бір өлеңі де бар:
Шернияз туралы Мәшһүр Жүсіп Көпеев те айтқан. Өзінің «Мес» деген кітабында ол Шернияздың Баймағамбетке айтқан өлеңдерінен деректер келтірген.
Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында тұрған Ыбырай деген ақынның да Шернияз өлеңдерін жырлап келгенін Сәбит Мұқанов растайды, Омарбек ақынның жырлау үлгілерінен көптеген үзінділер беріп, оны Алыш ақын вариантына салыстыра пікір айтады.
Сонымен, Шернияз туралы деректер 20-жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле бастады. 1925 жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін, Ташкент қаласында «Әдебиет терме» жинағы шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы І.Жансүгіров еді. Ол жетісулық Омарбек ақының айтуынан Шернияз өлеңдерінің біразын жазып алып, сол жинаққа енгізді.
1938 жылы жазушылар С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин орта мектептер үшін жазған хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін кіргізді. Ал С.Мұқанов өзінің 1942 жылы жазған «Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде» Шернияз шығармашылығына тұңғыш талдау жасады. Ақынның өмір фактілерін жиып, өлеңдерінен көптеген деректер жариялады. Республикалық газеттерде жарияланып жатты. Мысалы, Әлішер Т. Дегеннің «Шернияз - шешен» деген мақаласы 1940 жылы басылып шықты.
Кейін профессор Қ.Жұмалиев Шерниязды орта мектепке жазаған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар жинағының І томында сөз етті. Ақынның өмірі мен шығармашылығына талдау, анықтаулар енгізіп, пікірлер айтты. Зерттеушінің Шернияз туралы мақалары қазақ ССР ғылым академиясының «Хабарлары» (1959 ж 3-серия) мен М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институты шығарған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2 том, 1961 ж) кітаптарында да басылды.
Әдебиетші Б.Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның басына қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады. Ақынның 1807 жылы туып, 1867 жылы қайтыс болғанын анықтады. Бұл ақын өмірін зерттетушілер үшін өте қажет факті болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет