Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Жалаң және жайылма сөйлемдер



бет30/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
367983 3

Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жай сөйлем құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жай сөйлем сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы мүшелерден құралса, онда ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Ақбала тоқтай қалды (Нүрпейісов). Әңгіме үзіліп кетті (Әуезов).
Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің бірі немесе бірнешеуінен құралған сөйлем жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы: Күздің таңы баяулап атып келеді екен (Әуезов). Мөңке бұл күні балықтан кеш қайтты (Нүрпейісов).


Толымды, толымсыз, ықшамдалған сөйлемдер
Қазақ тілінде толымды, толымсыз сөйлемдерді ажыратуға түрліше критерийлер қойылып келді.
Дербес айтылғанда, мағыналық мазмұны толық берілген сөйлем толымды деп аталады. Ал дербес айтылғанда мағыналық мазмұны толық берілмеген, ой олқылығы сезілетін сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. Толымсыз сөйлемнің екі түрі бар: 1. Контекстік толымсыз сөйлемдер; 2. ситуациялық толымсыз сөйлемдер.
Мысалы: Биік лауазымға жетер жол кейде тым жақын көрінгенімен, аса жауапты әрі қатерлі. Жауаптысы – соңында халық. Олардың бары мен жоғы, бағы мен соры сенің қолыңда. Осындағы соңғы сөйлемді контекстен тыс алсақ, мағынасы, әңгіменің не туралы екендігі түсініксіз. Алайда тіліміздегі толымды, толымсыздық дегенді шартты түрде түсінуіміз керек, өйткені бір оқиға не кейіпкер жайлы толық ұғым алу үшін кейде бір кітап та жеткіліксіз болуы мүмкін.
Тіл білімінде толымды, толымсыз және ықшамдалған (кейде эллипсис сөйлемдер деп те атайды) сөйлемдерді ажырату мәселесінде қиындықтар туындап отырғаны рас. Өйткені бұл сөйлемдер (толымсыз және ықшамдалған) бір тілдік заңдылықтың – тілдік үнемдеу заңдылығының – нәтижесінде туындаған. Бірақ сөйлемнің толымды-толымсыздығын ажыратуда мағыналық ұстаным, ықшамдалу-ықшамдалмауын ажыратуда құрылымдық ұстаным межеге алынуы тиіс. Сонда тіліміздегі сөйлемдер мағынасы жағынан да толымды, құрылымы жағынан ықшамдалмаған – нақ толымды сөйлемдер; мағынасы жағынан толымды, бірақ құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлемдер; мағынасы жағынан толымсыз, әрі құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлемдер болуы мүмкін.
Мысалы: - Қиын... (1) Өте қиын ...(2) Бірақ сен мені тыңда, балам, - деді қария (3) Адамды ойша өлтіре көрме, тіпті қарғыс атқыр ұрыны да. (4) Осындағы 1,2 - сөйлемдер – мағынасы жағынан толымсыз, әрі құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлемдер; ал 3 - сөйлем – мағынасы жағынан да толымды, құрылымы жағынан ықшамдалған – нақ толымды сөйлем; 4 - сөйлем – мағынасы жағынан толымды, бірақ құрылымы жағынан ықшамдалған сөйлем болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет