Әлеуметтік ес функциясы. Адам өз тарихын білмей өмір сүре алмайды. Өткенінбілу, оны есте сақтау, кейінгі ұрпаққа сол кейінде жеткізу әлеуметтік қажеттілік. Әлбетте, тарих жай әңгіме, немесе ертегі емес. Тарих бір-бірімен қисынды түрде байланыстағы көптеген оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы. Сондықтан тарих халықтың өзін-өзі танудың негізгі құралы. Орыс тарихшысы В.О.Ключевский: «... изучая предков – узнаем самих себя. Без знания истории мы должны признать себя случайностями, не знающими, как и зачем мы пришли в мир, как и для чего мы живем, как и к чему должны стремиться...» деген болатын.
Т арих ғылымы пайда болған кезден ақ ол белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесіне сәйкес келгені белгілі. Кез-келген ғылыми танымның әлеуметтік мәні болады. Ал тарих ғылымының қоғамдағы әлеуметтік роль ерекше. Әсіресе ХІХ ғасырдың орта шенінде тарих ғылымының беделі, оның қоғамдағы орны және қажеттілігі тым жоғары болды. Бұл уақытты кейде тарихтың «алтын ғасыры» деп те атайды. Ол кездегі тарихи білім және ғылым қоғамдық қажеттіліке байланысты дамыды. Тарихшылар өз ғылымын қолданбалы дәрежеге дейін көтерді. Олар ел басқарып отырғандар, саясаткерлер мен саясатқа әсер етуші беделді азаматтар тарихи заңдылықтарды білуі қажет деп ойлады. Білімсіздік, әсіресе тарихи үрдістер мен қоғамның даму заңдылықтарын ескермеу әлеуметтік катастрофаға әкеліп соғыу мүмкіндігін ескертті. Белгілі ағылшын тарихшысы КоммеджерГ.С«Историография призвана удовлетво-рить широкий спектор социальных и индивидуальных потреб-ностей [Цитата мына кітаптан алындыМетодологические проблемы истории. / В.Н.Сидорцев и др. Под общ. Ред. В.Н.Сидорцева. – Мн.: «ТетраСистеме» 2006 – с. 139. ]деп атап көрсетті.
Тарихтың ғылым ретінде оның табиғатын айқындайтын негізгі әлеуметтік функциясы халықтың, жеке тұлғалардың өткенін ұмытпау, есте сақтау. Тарихтың атасы атанған көне грек тарихшысы Геродот «чтобы прошедшие события с течением времени не пришли в забвение и великие и удивления достойные деяния, как эллинов, так и варваров не остались в безвестности, в особенности же то, почему они вели войны друг другом» [История. – Л., 1972. с. 12.
] деп жазған болатын. Міне осы тарихшының жинап, ғылымға кіргізген деректері осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.
Қазіргі кезде тарих ғылымының әлеуметтік функциясы жөніндегі түсінік мүлдем басқаша. Бүгінгі тарихшылар алдында адамзат қоғамының ғасырлар бойғы саясат, шаруашылық және мәдениет саласындағы тәжрибелерін жинақтап, оларды келер ұрпаққа жеткізу. Егер өткен заманның сабақтарын ескермесек, оларды күнделікті ісімізде пайдаланбасақ алға жылжу да болмас еді. Сондықтан тарих өркениет пен ұрпақ арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Тарихқа көзқарас жеке тұлғаның өмірбаянынан тұрады. Бірақ оның тарихы шектеулі. Ол өз жөнінде мемуар жазғанда заманында болған барлық уақиғаларға тоқтала алмайды. Екіншіден ол сол өзі қатнасқан уақиғаларға өзінің көзқарасы тұрғысынан баға береді. Ал тарих қоғамның өткен жөнінде қалыптасқан, уақыттың тезінен өтіп көпшілікке белгілі болған, олар мойындаған фактілерден тұруы қажет.
Көбіне халықтың есінде белгілі бір тұлғалар қалады. Ақындар мен ғалымдар өз шығарған өлең-жырларымен, немесе ғылыми еңбектерімен із қалдырады. Батырлар мен әскербасылар ел қорғауда, жер қорғауда көрсеткен ерліктерімен халықтың есінде қалады. Ал енді белгілі билер мен шешендер ел есінде өздерінің дуалы сөздерімен, әділетті шешімдерімен қалды. Қара халықтың, кейбір өкілдері болмаса, тарихта рөлі орасан болғанмен, олардың көпшілігін біз білмейміз. Халқымызда «атың шықпаса жер өрте» деген мәтел бар. Қодар, Бекежан сияқты қанышерлерді білмейтін қазақ жоқ.
Халықтың қалың қатпарлы тарихы бәрі бірдей есте қала бермейді. Белгілі бір дәуір жөнінде бізге дейін мол мағлұмат жеткен. Ал енді халқымыздың бүтіндей бір үлкен дәуірі есте қалмаған. Мысалы, қазақ тарихының ХҮІІ ғасырдағы кезеңі жөнінде ауыз тұшытарлық ақпарат жоқ. Бір қызығы, халық басына қаралы күн туған дәуірлер ел есінде. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда өткен әрбір оқиға ел есінде.
Әлеуметтік тарихи сана да шектеулі әрі толық емес. Белгілі бір қоғамның тарихын бір немесе бірнеше тарихшы жиналып жазып шығуы мүмкін. Ал тарихи шығарманың толықтығы оның деректерінің молдығына байланысты. Тарихи уақиғалар мұрағат фондында сақталған құжаттарға негізделіп жазылады. Өкінішке орай құжаттары сақталған уақиғалар толық баяндалады да, жазылып қалған дерегі жоқ уақиғалар қоғамның тарихи жадында қалмайды. Сондықтан да кезкелген қоғамның толық тарихы жоқ.
Жазу-сызу өнері болмаған, немесе болса да кейінде үзіліп қалған қоғамның да тарихы жамау-жамау. Жазу өнері пайда болғанға дейінгі дәуірді тарих деп атаудың өзі қиын. Өйткені тек археологиялық деректерге негіздеп қоғамның толық тарихын қалпына келтіру мүмкін емес.
Отаршылдық бұғауындағы кейбір халықтың тарихын жаулап алушылар жазады «История почти пишется победителями и завоевателями и отражает их точку зрения, или, по крайней мере, версии победителей отдается предпочтение, и она берет верх»[ Открытие Индии. т. 2. М., 1989. с. 3] деп жазған болатын үнді елінің белгілі қоғам қайраткерлері Д. Неру. «Одна из найменее любезных черт победителя, - это намеренное разрушение вражских достижений и замалчивание – часто через смерть – вражских историков»[4] - деп тура көрсетті ағылшын ғалымы Г.С.Коммеджер. Сондықтан да халықтың тарихи жадымен ресми тарихи ұстанымдарының арасында әрдайым сәйкессіздік болады. Мысалы кешегі тәуелсіздікке дейін тіпті осы кездің өзінде қазақ тарихы жөнінде жазылған кейбір кітаптарда халықтың намысын қоздыратын кейбір фактілер әлі өріп жүр.
Қоғам тарихының толықтығы тарихшының қолында бар деректерге оның біліктілігіне байланысты. Кейде өте қажетті мұрағат деректері ғылымның игілігіне айналмайды. Кейбір мұрағат фондылары құжаттардың құпиялығына байланысты ғылыми айналымға кірмей отыр. Ал шетелдік мұрағаттар көбіне қатардағы тарихшыларға арман болып қалды.
Міне осы жоғардағы себептерге байланысты адамзат қоғамының тарихы толық жазылды, оның барлық проблемалары шешілді деп айту қиын.
Кез келген қоғам, әлеуметтік топ өз тарихын білуге мүдделі. Ұлы болсын, қызы болсын жеті атасын білуге міндеттеген қазақ қоғамы өз тарихын білуді елдіктін белгісі деп есептеді. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер», «Өткенге топрақ шашсаң келешек саған тас атар» деген мақалды өзінің өткенің қадірлеген халық қана тудырары белгілі. Соңғы жылдары әрбір ру мен ұлыстардың шежіресі жазылып, батырлар мен ақындарға, билер мен шешендерге ескерткіш орнатылып, ас беріліп жатқандығы құптарлық іс. Сондықтан да тарихтың негізгі міндеті қоғамның өткенін қастерлеп, бүгінгісін пайымдап, келешегін аңықтауы қажет.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақ тарихының қоғамға қажеттілігі ерекше көрінді. Барлық мерзімді баспасөз беттерінде халқымыздың өткен жөнінде мақалалар топтамалары жарық көре бастады. Мұндай құбылысты акад. М.Қ.Қозыбаев былайша түсіндірді. «Процесс пробуждения национального самосознания, духовного возрождения нации развивался ускоренными темпами, опережая разработку проблем истории, языка, литературы, нравственных категорий. В условиях фармирования исторического сознания оказалась востребованной в перву очредь отечественная история»[ Казахстан на рубеже веков: Размышления и пойски. В двух томах. Книга первая. – Алматы: Ғылым, 2000. с. 4.
Тарих ғылымының келесі бір кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі күнделікті өзгеріп жатқан қоғамдық құбылыстарға жеке адамның икемделуіне көмектесу. ХХІ ғасырда бүкіл әлем өз дамуының келесі бір деңгейіне көтерілді. Қазақстан сияқты бұрын соңды үлкен тарихи үрдістерге жеке бір тәуелсіз ел есебінде араласа алмаған елдер үшін жаһандану процессі қауіп төндіруі әбден мүмкін. Сондықтан қоғамдағы әрбір жеке тұлға өзін тарихи дамудың объектісі деп есептеуі қажет.
Тарих төрінен орын алатын қоғам қайраткерлеріне баға беру ғылымның негізгі міндеттерінің бірі. Өткен заманда өмір сүрген, қоғамның экономикалық, саяси дамуына, халықтың рухани байлығына үлес қосқан жеке тұлғаларды іріктеу, оларды дәріптеу, насихаттау біздің қасиетті борышымыз. Бұл тұста акад. М.Қ. Қозыбаев көзі тірісінде үлкен жұмыстар атқарды. Мысалы оның Мұхамед Хайдар Дулатидың қазақ топырағында қайта түлеп, оның шығармаларының қазақ тілінде басылып шығуы қазақ тарихшыларының мәртебелі міндеті еді. Немесе тарихшы болмаса да Ақжан Машанидің 1960-70 жылдары Әбунасыр Әл Фараби мұраларын терең зерттеп, оны өз халқына қайта қайыруы үлкен азаматтық ерлік еді.
Белгілі бір тарихи уақиғаларға баға беруде ғалымның аса бір іждаһатты міндетті. Әлбетте, бұл тарихшының жеке басының біліміне, біліктілігіне, көзқарасына байланысты. Кеңес тарихшылары кез келген қоғамдық құбылысқа партиялық, таптық тұрғыдан баға беруге шақыратын. Тәуелсіздік жылдары жарық көрген тарихи шығармаларда этноцентристік көзқарас басым болғандығы белгілі. Бүгінде қазақ тарихының отаршылдық дәуірін коммунистік көзқарасты негізге ала отырып баяндайтын болсақ жазған шығармамыз шыңдықтан алшақ болар еді.
Тарихи шындықты ашудың екі жағы бір. Екі халықтың арасында болған соғыстар, онда ерлік көрсеткен батырлар қандай баға алуы керек. ХІХ ғасырдың орта шенінде орыс отаршыларын қарсы халық бұхарасын ұлт-азаттық қозғалысқа көтерген Кенесары Қасымұлы қазақ тарихында жағымды кейіпкер, ал орыс тарихында ол басқаша баға алды. Керісінше Сібір халықтарын жаулап алып, байлығын талан-таражға салып тонаған қаңішер. Ермак орыс тарихында ұлттық батыр. Тарих ғылымының нәтижелерін өш алу үшін пайдалануға әсте болмайды.
Тарихтың мәртебелі міндеті әділеттілікті ту етіп, әлемдік тарихи процессті кешенді түрде зерттеу. Өткен заман туралы объективті қөзқарас қалыптастыру үшін қоғамның саясатын, шаруашылығын, әлеуметтік қатнастарын, халықтың рухани өмірін бір-бірімен байланыстыра отырып қарастыру қажет. Міне, осылай еткенде ғана тарихи процессті жүйелі түрде, ішкі құбылыстар мен сыртқы себептерді қабыстыра отыра зерттеу мүмкіндігі туады.
Өкінішке орай, әлем тарихында көптеген уақиғаларға объективті қөзқарас болмағандығы белгілі. Кейбір халықтардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі асыра бағаланғандығы белгілі. Керісінше бірлі-жарымды халықтар әлемдік тарихқа кіре алмай қалды. Содан барып ғылымда жұмыр жерді мекендеген адамзат тарихи халықтар және тарихтан тыс қолған халықтар деп екіге бөлінеді деген жаңсақ пікір қалыптасты. Ағылшын ғалымы А. Тойнби өзінің «Постижение истории» атты кітабында «несмотря на нерегулярные набеги на оседлые цивилизации, временные включающие кочевников в поле исторических событий, общество кочевников являются обществом, у которого нет истории»[– М., 1991. с. 617.]. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жарық көрген ғылыми еңбектер А.Тойнби тұжырымына соққы беріп, оның өміршең еместігін дәлелдеп берді.