Лекция тезистері түркістан 016 Лекция. ПӘнгекіріспе жоспары



бет1/85
Дата22.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#142611
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Лекция тезистері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ



«ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ»
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ


Түркістан 2016


1 Лекция . ПӘНГЕКІРІСПЕ



ЖОСПАРЫ:

  1. Тарих әдіснамасының оқужоспарындағы орны

  2. Тарих әдіснамасының пәні, мазмұны, міндеттері

  3. Терминдер мен түсініктер

  4. Ғылымның тарихы






Пән тарих ғылымының теориялық негіздері, және оның әдіснамасы деп аталатын екі құрамдас бөлімдерден тұрады. Бұл пәннің әр бөлімі бір бірі-мен тығыз байланыста. Бірін мегермей екіншісін түсіну мүмкін емес.
Тарих ғылымының теория­лық мәселелері ғылымда кенжелеу қалған сала-ларының бірі. Кеңес дәуірінен бізге жеткен тарих ғылы­мын­да­ғы теория­лық зерттеулер толығымен философ-ғалымдардың енші­сін­де болғаны бел­гілі. Бүгінде «Тарихи материализм» деп аталатын фи­лософия ғылы-мының бір тарауы мүлде ескерілмей қалған.
Ағылшын­ның белгілі ғалымы Эдварт Галетт Карр «...многие со-временные ис­торики мертвы в ввиду того, что у них нет теории. Но теория, ко­торой им не хватает, есть теория истории, а не какая либо пос­торонняя теория» деп жазды(Что такое история?)
Аталмыш пән тарихшы мамандарды дайындау процесінде ерекше орын алады. Өкінішке қарай, тарихтың әдіснамасы жөнінде ХІХ ғ. ба-сында негізгі ұғымдары қалыптасқанымен, оған осы күнге дейін мән беріл-мей келеді. Бүгінгі таңда тарихшы маманын дайындайтын факультет-тердің оқу жоспарларында бұл пән өз орынын таба алмай отыр. Бір қы-зығы тарихи зерттеулерде ғалым теорияларға сүйенгенмен, оны кейбір жоғары оқу орындарында оқытпайды.
Ғылымдатеория мен медодологияны бөлк- бөлек қарастырады. Оның қисыны жоқ сияқты. Өйткені бұл екуі егіз ұғым. Екуінің де мағанасы бір, синонимдер. Сондықтан біз пәннің атауын тек «тарих ғылымының теори-ясы» деуді жөн көрдік.



2.ТАРИХӘДІСНАМАСЫНЫҢПӘНІ, МАЗМҰНЫ, МІНДЕТТЕРІ



Осы мақсатқа жету үшін мына төмендегі міндеттерді іске асыру қажет:
1.
тарихтың пәнін оның салалары мен бөлімдерін,тарихи білімнің деңгей-лерін, тарихи сананың тұрлерін анықтау.

2.тарихтың ғылым болып қалыптасу белестерін анықтау, дамудың әр кез-еңіндегі тарих ғылымының деңгейлерін, тарихи ой-пікірдің эволюциясын, та-рихшылардың көңіл аударған проблемаларын, оларды қалай, қандай жолмен шешкендігін ашып көрсету.
3. тарих ғылымында теорияның алатын орнын анықтау. Тарихтың негізгі ғылыми проблемасы - таным теориясы. Оның ерекшеліктері және принцип-тері жазылатын тарихи шығармаларының объективтілігіне, шынайылы-ғына оқырманның сенімінен шығуына байланысты. Курсты оқыту барысы-ныда тарих ғылымының қоғамда атқаратын міндеттеріне де толығынан тоқталамыз. Тарих ғылымы гуманитарлы ғылымдар қатарына кіретін бо-ғандықтан, оның басқа ғылымдармен байланысын, сабақтастығын және олардың тарихқа әсерін, тарихтың оларға тигізетін әсеріне көңіл аудара-мыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет