84
Мемлекеттік жастар саясатын республикалық және өңірлік деңгейде тиімді жүзеге
асыру үшін келесі қағидаттарға сүйену қажет:
-
жастар саясатын әзірлеудің жинақтылығы мен жүзеге асырылуы,
ресурстардың топтасу бағдары (барлық жауапты және мүдделі тараптарды тарту, түрлі
әлеуметтік-экономикалық саланы қамту);
- ел дамуының әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі міндетіне арналған
жастар саясатына бағытталған әлеуметтік бағыт пен түрлі жастар тобының қажеттілігі;
- жастар саясаты саласындағы жабдықтаушы мен қызметті қолданушылар үшін
ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі;
- жастар саясаты саласындағы жоспарлау мен белгілі топқа қызмет көрсету кезінде
мақсатты топқа нақты сегментация беру;
-
жауапты
орындаушының
кәсіптілігі
мен
барлық
деңгейдегі
тең
орындаушылардың ұйымдылығы.
6.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы елдің
экономикалық дамуындағы емес, сонымен қатар, азаматтардың діни-мәдени өміріндегі
басымдықтарды күрделі өзгертті. Президент Н. Назарбаев
конфессионалдық қатынастар
саласындағы мемлекеттік саясатта ойланған бағытты таңдап алды.
Тәуелсіздік жылдарында қоғамдық қарым-қатынастар мемлекеттің этникалық және
конфессионалдық салаларындағы саясатпен нығайтылды. Өз кезегінде ол қоғамдық
сананың радикализмге қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастырды. Либералды заңдар,
діни толеранттылық және плюрализм осы саясаттың негізі болып табылады. Мемлекеттің
конституциясында елдің зайырлы екендігі, азаматтардың ар-ождан бостандығы
құқықтарына кепілдік, қандай да бір дінге қатысты
протекционизмнің болмауы,
конфессияларға байланысты толерантты қатынастар бекітілген.
Конституцияның бірінші бабына сәйкес Қазақстан демократиялық, зайырлы және
құқықтық мемлекет болып табылады. Ар-ождан бостандығы конституциямен
мойындалған адам құқықтарының ең маңызыдларының бірі.
Қазіргі таңда мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың үлгілері көп емес.
Олардың ішіндегі ең танымалдарын атап өтетін болсақ, оларға келесілері жатады:
Біріншіден, елдегі барлық конфессиялардың теңдігі үлгісі. Мән берілуі керек
мәселе ол конфессиялардың заңды және іс жүзіндегі теңдігі.
Екіншіден, оның негізіне бір діннің мемлекеттік болып танылуы салынған үлгі.
Мемлекеттік болып танылған дін елдегі басқа да діндердің алдында артықшылықтарға ие
болады. Артықшылықтар заң жүзінде және де-факто болуы мүмкін. Бұл үлгінің басқа да
нұсқалары бар: мемлекеттік дін ресми мемлекеттік болып танылуы мүмкін, сондай-ақ,
қарапайым мемлекетітк мәртебеге ие бола алады.
Үшіншіден, мемлекет бір немесе екі ресми дінге
бағдар ұстайтын мемлекеттік-
конфессионалдық қарым-қатынастардың үлгісі құрылады. Мысалы, Германияда
мемлекеттік қолдауға, дін қызметшілеріне қаржылай көмек беруге және т.с.с. байланысты
басқалардан жоғары деңгейде екі конфессия тұрады – католицизм және протестантизм.
Төртіншіден, мемлекет барлығына (немесе конфессиялардың көпшілігіне) тең
заңдық мәртебе береді, бірақ салықтық жеңілдіктер діни бірлестіктердің барлығына
бірдей көрсетілмей, тек мемлекеттік тіркеуден өткен және заңды тұлға мәртебесіне ие
болғандарға беріледі.
Бесіншіден, шаруашылық және білім беру қызметтерінің құқықтары мәртебесі тек
өмір сүру ұзақтығымен және елдің тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесімен мақұлданған
конфессияларға рұқсат берілетін үлгіні айтуға болады.
Мемлекеттік-конфессионалдық қарым-қатынастардың қазақстандық үлгісінің
негізіндегі маңызды қағидат болып діни толеранттылық табылады.
Нақты осы қағидат
Қазақстанға тұрақты және дамушы ел болуға көмектесті және көмектесіп жатыр, сонымен
қатар, мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың тиімді үлгісі ізделіп жатқан
85
шетелдік мемлекеттерге мысал болуға мүмкіндік беруде. Қазақстан елдің ішіндегі
конфессионалдық тұрақтылықты сақтау және нығайтумен қатар, әлемдік бейбітшілікті
орнатуға деген өз үлесін қосып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: