Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет2/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

Бақылау сұрақтары: 
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері 
2.Қазақстан Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзектілігін 
айқындау 
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері 
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасының талдануы 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010. 
2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: 
алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. 
– Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.
3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl 
Orda, 2015. – 328 стр.
4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 
2010. 
5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: 
Фолиант, 2007. – 344 с. 
 
 
 



Дәріс № 2. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық 
мемлекет құру идеяларының кезеңдері 
(2 сағат) 
1.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
2.Қазақ 
зиялыларының 
қалыптасуы: 
әлеуметтік 
құрамы, 
білімі, 
қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. 
3. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ 
Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. 
4.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.
5.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, 
барысы және негізгі кезеңдері.
6.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның 
Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.
7.1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның 
Алаш партиясын құру туралы шешімі.
1.XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда 
негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-
ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп 
жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын 
пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, 
алтын, темір жөне басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кәсіпорындары, 
негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. Мысалы, 1904 жылы 
Лондонда пайда болған Спаск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы 
Спаск-Успенск мыс кені мен заводын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін және рудниктерін 
түгелдей сатып алып, пайдаланды. 
Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі 
алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен 
орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір жолмен және су жолдарымен 
Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, 
Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізіліп отырды. 
Осы кезеңде Батыс Қазақстан өңірі мен Орал-Ембі аймағында мұнай шығару 
өнеркәсібі де біршама дамыды. Бірақ, ол кәсіпорындар толығымен шетел 
капиталистерінің билігінде қала берді. Тек, І912-1914 жылдардың өзінде ғана ағылшын 
капиталистеріне қарасты «Батыс-Орал мұнай қоғамы», «Орал-Ембі қоғамы», «Солтүстік 
Каспий мұнай компаниясы» өлкенің арзан жұмысшы күшін пайдаланып, бәсекелестіктің 
болмауына байланысты мұнайдың мол бай кен орындарын жыртқыштықпен пайдалана 
отыра, өздеріне өлшеусіз, ұшан-теңіз пайда әкеліп жатты. 
Осындай себептерге байланысты, Қазақстанның кен өнеркәсібі бұл кезеңде 
жергілікті капитал негізінде өсіп шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел 
капиталы жасады. Оның өнімі түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда 
XX ғасырдың басынан бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің 
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті. Өлке өнеркәсібінің 
біршама өсу жолын тұтас алып қарастырар болсақ, мұнда ауыл шаруашылық 
шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындардың атап айтсақ, теріден былғары жасайтын, май 
шыжғыратын, сабын қайнататын, арақ, спирт шығаратын, май шайқайтын және 
т.б. кәсіпорындардың белгілі дәрежеде роль атқарғандығы байқалды. 
XX ғасырдың басында да Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік 
өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына айналуында темір 
жолдардың салынуы маңызды роль атқарды. Өйткені, олар бір мезгілде артта қалған отар 
аудандарына, ең алдымен Орта Азия мен Сібірге Ресей капитализмінің ену құралына 
айналған болатын. Ал, шын мәнінде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресейдің 


10 
экономикалық игеруі осы аумақтардың терең түкпіріне темір жолдар салудан басталған 
еді. Темір жол желілері Қазақстан аумағында XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 
басынан ірі темір жолының салынуына байланысты тартыла басталды. Революцияға 
дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған 
Орынбор-Ташкент жолы болды. Сөйтіп, ғасыр басында одан кейін Троицк, Алтай және 
Жетісу темір жолдарын салу жұмыстары дами түсті. Әрине, өлкенің әлеуметтік-
экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды. Әсіресе, олар 
сауданың өркендеуіне өз ықпалын тигізді. Бұл темір жолдар өлкені Ресейдің өнеркәсіп 
орталықтарымен байланыстырып, оны жалпыресейлік экономикалық нарыққа тартты. 
Қазақстанның әр түрлі өнеркәсіп шикізаттары, мал шаруашылығы өнімдері, мал, астық 
сыртқа шығарылып, өлкеге фабрика-завод бұйымдары, тағы да басқа қажетті тауарлар 
әкелінді. Сонымен қатар, қазақ даласында пайда болған темір жол станцияларына 
сол кезеңде халықтың біршама көп шоғырлануына байланысты олар өлкенің әлеуметтік-
экономикалық және саяси-мәдени өмірінің ошақтарына айнала бастағанын көреміз. Осы 
кезеңде ірі темір жол станцияларындағы халықтың саны бірнеше мың адамға жетті. 
Мысалы, 1916 жылы Орынбор станциясында - 9720, Ақтөбеде - 3263, Шалқарда - 5300, 
Қазалыда - 3600, Перовскіде - 1852, Түркістанда - 2984 адам тұрды. 1906-07 жылдары 
Петропавл (Қызылжар) станциясындағы тұрғындардың саны 3 мыңнан асқан. 
Сөйтіп, осы кезеңде өлкедегі өнеркәсіптің біршама дамуы, темір жолдардың 
салынуы, су жолдарының пайдалана бастауы - Қазақстанда жалпы жұмысшы табын 
қалыптастырудың бірден-бір әлеуметтік-экономикалық негіздерін қалауға себеп болды. 
Өлкедегі мұндай өзгерістер ғасыр басында одан әрі дами түсті. Мысалы, 1913 жылғы 
өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Сонымен қатар, Қазақстанда 51 
мың жұмысшы еңбек еткен 675 фабрика-заводтың кәсіпорындары болды да, ол 
жұмысшылардың 28 мыңға жуығы ірі өнеркәсіп орындарында істеді. Тек теміржол мен су 
жолдарында 25 мыңнан астам жұмысшы еңбекпен қамтылды. Ал, бірінші дүниежүзілік 
соғыс жылдарында жұмысшылар саны ірі өнеркәсіп орындары мен транспортта өсе түсті. 
Сөйтіп, 1917 жылғы Қазан төңкерісі тұсында Қазақстандағы жұмысшылардың жалпы 
саны 90 мыңға жетті. 
Бірақ, жергілікті қазақ жұмысшылары көбінесе маусымдық жұмыстарға ғана 
тартылып, кәсіби мамандықтарының болмауынан тұрақты жұмыстармен қамтылмады. 
Тұрақты жұмыспен тек темір жол желілері мен тау-кен өндіріс орындары ғана біршама 
қамтамасыз ете алды. Сөйтіп, өлкедегі тау-кен өндірісі, завод кәсіпорындары мен 
транспортта ғана жұмысшылардың шоғырлануы жоғары болды. 
Соған қарамастан, әлеуметтік тұрғыдан өлкенің өнеркәсіп жұмысшыларының 
жағдайы Ресейдің өнеркәсібі дамыған аудандарымен салыстырғанда әлдеқайда ауыр 
болды. Оған кәсіпорын қожайындарының өктемдігімен белгіленген жұмыс күнінің 
ұзақтығы себеп болды. Мысалы, Ембінің мұнай кәсіпорындарында 12 сағатқа дейін, алтын 
өндірілетін кен орындарда 10-12 сағат, тұз өндірілетін кәсіпшіліктерде 14-16 сағатқа дейін 
созылды. Міне, осындай әлеуметтік теңсіздіктердің басымдылығын көрген және кәсіп 
иелерінің өздеріне алалаушылық жасап, құқықтарынан айыру шараларын басынан 
өткізген қазақ жұмысшылары ерекше ауыр жағдайда болды. Осының бәрі күрделеніп 
келіп, қазақ жұмысшыларын өздерінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси 
жағдайларын жақсарту мақсатындағы күреске итермеледі. 
2.XIX 
ғасырдың 
екінші 
жартысы 

XX 
ғасырдың 
басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болтан өзгерістер 
қазақ халқынын рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, 
құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды. Патша өкіметінін кертартпа саясаты 
халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ 
халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған 
соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. 


11 
Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында 
жаңа 
идеялардың, 
ой-пікірлер 
мен 
көзқарастардың 
қалыптасуын 
анықтап 
берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық 
өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, 
адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді.
Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа 
созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де 
мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим 
жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты 
тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы халықтың 
интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезең болып табылады. 
ХХ ғасыр басындағы дәуір шеңберінде қазақтың алдыңғы қатарлы жастары оқу-
білімге көптеп, шын ынтамен ағылып келе бастады. Олар сол кезеңдегі Ресейдегі 
өнеркәсіп, ғылым мен мәдениеттің көрнекті орталықтары Санкт-Петербургте, Мәскеуде, 
Казанда, т.б. қалаларда орта және жоғары оқу орындарында оқып білім 
шыңдады.Сонымен, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана 
Петербург университетінде 20-ға жуық қазақ студенттері оқыған. Б. Қаратай, Б. Құлман, 
Б. Сыртанұлы, А. Тұрлыбайұлы, М. Шоқай, Ж. Ақбайұлы және басқалар. Сондай-ақ, 
Мәскеу мен Санкт-Петербургтың басқа жоғары оқу орындарын Ә. Бөкейхан, Х. 
Досмұхамедұлы, М. Тынышпайұлы сияқты қазақ жастары бітірген. Яғни, қазақ 
зиялыларының басым көпшілігі Ресейдің бас қалаларында және сол сияқты Қазақстанмен 
көршілес Омбы, Том, Орынбор, Ташкент, Саратов, т.б. қалаларында оқып, алғашқы саяси 
әрекеттерге сол жерлерде араласып, қоғамдық-саяси көзқарастарын қалыптастыра 
бастады.Оқып-тоқып, қоғамдық сана-сезімі байи түскен ХХ ғасыр басындағы қазақ 
жастары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы 
ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ. Қазақ халқының Ресей патшасы үкіметінің тұсындағы 
әлеуметтік-саяси саладағы теңсіздік жағдайын танып- білген сайын іштей де, сырттай да 
шешуші қадамдар жасауға бекініс жасап отырды. Ол үшін қазақ халқының Ресей 
қоғамында өзге халықтармен қай салада да тең орын алуына жетісуі өте-мөте қажет деп 
бекінетін ілгергі лектегі қазақ жастары. Ал бұл мақсатқа жету үшін байтақ қазақ жерін 
мекен еткен қандастарымыздың қоғамдық сана-сезімін оятып, оларды әлеуметтік 
міндеттерді (жер-су дауы, т.б.) шешуден гөрі біртіндеп болса да саяси күрестерге шыңдау 
қажет деген қорытындыға тоқтады. 
Қазақ халқының орта ғасырлық мешеуліктен жаңа заманның көшіне еріп, 
өркениетті елдермен терезесі теңесуі үшін оқу-өнердің ауадай қажеттігін санасына сіңіру 
– кезек күттірмес міндет ретінде күн тәртібіне қойылды. «Айқап» журналы мен «Қазақ» 
газетін саяси мінбеге айналдырып, ұлт зиялылары халқына дәріс берді. Әлихан Бөкейхан, 
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дұлатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, 
Мұхаметжан Тынышбайұлы сынды саяси-рухани көсем тұлғалардың отты мақалаларынан 
күш алып, жігерін жаныды. 
Сол тұстағы қазақ зиялыларының көпшілігі жоғары оқу орындарының заң 
факультетін бітіріп, құқ туралы терең білім алу арқылы жерін, елін заңсыздықтан 
қорғамақшы болды. Ал бұл тұста қазақ даласында зорлық-зомбылық күшті белең алып 
тұрды. Қазақтың жер қайыстырған малы мен тасыған дәулеті оның көбеюіне себепші 
болған құнарлы жері ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Қараңғы халық 
заңсыздықтан азап шекті. Осындай жағдайда заңды білуге ұмтылу жұрттың алдына 
қойған үлкен арман- мақсат болды. 
Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған 
бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту 
(жәдитшілдік) жолы еді. Қазақ даласына бұл жол қырымдық татарлардың көрнекті 
ғалымы Ысмайыл Ғаспыралының (Исмаил Гаспринский) «Тәржімасы» арқылы тартылды 


12 
деуге болады. Алаш қайраткерлері Батыс пен Шығысты тең ұстаған, ғылыми исламды 
өміріне азық еткен Исмаил Гаспринскийді үлгі тұтты.
Ысмайыл Гаспыралы немесе Исмаил Гаспринский – ХІХ-ХХ ғасырлардың 
тоғысындағы бүтін түркі дүниесіне, жалпы адамзатқа ортақ аса ірі қайраткер, қаламгер, 
жазушы, ойшыл, ағартушы. Оның жаңашылдығы, түркі-мұсылмандар арасындағы 
ағартушылық-реформалық бастамалары сол кездегі ортақ отанымыз бен шетелдердің 
бірнеше буынын тәрбиеледі. Жәдитшiлдiк бағыт негiзiн салушы Шаһабуддин Маржани 
болғанымен, қазақ оқығандары И.Гаспринский еңбектерi мен оқулықтарын пайдалану 
арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға ұмтылды. И.Гаспринскийдiң осынау оқулықтары, 
танымдық кiтаптары, ағартушылық аудармалары ағартушының алдына қойған арман-
мүддесiнiң үдесiнен шыққанын көрсетедi.
«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Жәдидшілдік 
қозғалыстың түркі халықтары арасында тарауы мен дамуы ХХ ғасырдың 20-жылдарының 
өзінде ғылыми зерттеулерге арқау болды. 1920-1930 жылдар аралығында жарық көрген 
ғылыми зерттеулерде татар ағартушыларының, зиялыларының ғасыр басындағы азаттық 
қозғалысқа және 1917 жылғы қос революцияға қатысу барысы айқындалып, олардың 
қоғамдық-саяси қызметтеріне баға берілді. Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын 
ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда 
пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу 
құралы» атты кітабынан көре аламыз. 
Қазақ жастарының Уфа, Троицк, Қазан, Орынбор сияқты білім ордаларында 
ашылған Татар медреселерінде білім алулары ХҮІІІ ғасырдың соңғы жылдарында 
басталды. Медреседе ХІХ ғасырдың бастарында көптеген қазақ жастары білім алды. Осы 
уақыттарда Еділ- Орал аймағындағы Мұсылман дін адамдарының басқаруымен 
жүргізілген білім беру жүйесі Орыс үкіметінен ешқандайда көмек алмай өз күшімен 
өркендеген болатын. Орыстар Христиан қыла алмаған Татар және Башқұрт халықтарын 
еркін жіберуді ұйғарып, білім беру жұмыстарын дін адамдарына тапсырған болатын. ХІХ 
ғасырдың соңына дейін жалғасқан осы саясаттың арқасында әр ашылған мешіттің 
қасынан медресе ашылды.
Ресей ішкі істер министрлігінің назарында болған медереселердің ішінде Ресулие 
медресесі, Құсаиния медресесі және Ғалия медресесі болған. Осы аталған медреселер ең 
көп қазақ жастарының шоғырланған жері болды. Ресулие медресесі Тройцк қаласында 
ашылған. Директоры әйгілі дін адамы Шейх Зейнуллах Ресули. 1884 жылында ашқан 
медреседе татар, башқұрт және қазақ жастары білім алды. Сол дәуірдің жәдидшілдерінің 
бірі болған Ресули медреседе жаңа педагогикалық білім беру жүйесін құрды. Медресенің 
білім беру жүйесіне Ыбырай Алтынсарин және Қазақтың бай саудагерлері де оң қабақ 
танытқан. Зерттеуші Жемаладдин Велидов Ресулие медресесінде білім алған 
оқушылардың 10% қазақ және башқұрт оқушыларынан құралғанын айтады. ХХ ғасырдың 
басында Қазақстан ақпарат құралдарының арасында маңызды орны бар «Айқап» 
журналының шығарушысы Мұхамметжан Сералин және Екрем Алиов осы медреседе 
білім алған. Қазақ мәдениетіне әсер еткен тағы бір медресе Ахмет Қусайновтің 
Орынбордан ашқан медресі. Медресе 1890 жылы ашылған. Құсаиния медресесінде тек 
қана діни сабақтар емес, тарих, география, химия, зоология, Түрік және Орыс тілдері де 
оқытылған. Медресені Орыс мектептерімен жарысатындай дәрежеге жеткізген Құсаиния 
медресеге дәріс беру мақсатында сол дәуірдің атақты оқытушыларын жинап медресенің 
атын шығарған. Аталған медреседе дәріс алған Қазақ оқушыларының арасында 
Құдайберген Жұбанов, Шамғали Сарыбаев, Жұмабай Оразалин, Елемес Керменов, 
Хайреттин Балғынбаев, әйгілі әдебиетші Кенжеғали Ғабдуллинт. Қазақ оқушыларының ен 
көп шоғырланған медресесі Ғалия медресесі.Медресе Еділ – Орал аймағының жәдитші 
дін адамы Зиаддин Кемали (1873-1942) тарапынан құрылған. Уфа қаласында 10 қазан 
1906 жылы құрылған медресе “Медресе-и Алие-и Діние” атымен ресми түрде ашылған. 
Кемали бір жағынан медреседе директорлық қызметін атқарса, бір жағынан хадис, тәбсір, 


13 
сүннет және психология сабақтарын оқытқан. Дін сабақтарымен қатар математика, 
физика, химия және жаратылыстану пәндері оқытылған. Жәдитше білім берудің алғашқы 
құрушыларының бірі болған медреседе 1909жылы мен 1916 жылдар арасында 154-ге 
жуық қазақ жастары білім алған. Осы жастардың арасында Мағжан Жұмабаев, Ишанғали 
Арабаев, Мустафа Оразаев, Бекмұхаммет Серкебаев, Бейімбет Майлин, Абдолла Шоқаев 
т.б білім алған. Жоғарыда аты аталған медреселерден басқа қазақ жастарының білім алған 
медреселері Қызылжардағы Құснеддин Халфе, Вели Ахунд, Әзиз Молла, Орынбордағы 
Мұхаммедия медресесі және Османия медресесі Алғашында Еділ- Орал аймағында діни 
ойларды жаңарту негізінде туған жәдитшілдік, кейіннен Ресейде өмір сүретін мұсылман 
түркі халықтарының реформа және өзгеру талаптарын білдіретін бір термин ретінде 
қолданысқа түсті. Бұл ой Абдунасыр Құрсави мен Шахабеттин Мержанидің 
басшылығымен ойластырылған. Исмаил Гаспыралының “ тіл де, пікір де, іс те бірлік” 
сөзімен жәдитшілдік бір мақсатты көздеген ағым болып қалыптасты. Ресей 
империясының 
мұсылман 
түркі 
халықтарына 
жүргізген 
саясатына 
қарсы 
ұйымдастырылған жәдит қозғалысы ортақ бір тіл мен ділді қорғап қалуды көздеген. 
Жәдидшілік қозғалысы Ресей империясының қарамағындағы түркі халықтарына қалай 
әсерін тигізсе татарлар арқылы Қазақстанға да әсерін тигізіп отырды. Бұл қозғалыс 
Қазақстанда алғаш рет ХІХ ғасырдың соңғы жылдарында Қазақ ақын жазушыларының 
еңбектерінде жазыла бастады. Осы ақындардың ішінде усул-жәдидті жырлаған Абубәкір 
Кердері. Кердері татар жәдитшілдерінің ашқан усул-жәдид мектептерінің Қазақстанда да 
ашылу керектігін айтқан.
ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде 
білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия 
медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту 
мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - 
жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті 
арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей 
тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші 
жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар 
медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып 
“Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып 
жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп 
ағарту саласында қызмет атқара бастады. Алғаш рет усул-жәдит әдісімен дәріс беретін 
мектеп Семей қаласында ашылған. Бұл жылдарда Семей қаласы маңызды сауда және 
кәсіпорын орталығы болғындықтан ағарту саласына көмек беретін қоғамдардың пайда 
болуы және татар саудагерлері мен татар оқытушыларының қолдауымен Семей қаласын 
жаңа әдіспен дәріс беретін орталыққа айналдырды. Усул жәдид мектебінің ашылуы 
туралы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы хабарлап отырды. Жалпы Қазақстанда 1912 
жылы жаңа әдіспен дәріс беретін мектептердің саны 121 оқушы саны 1810ға дейін 
көтерілген. Усулу-жәдит әдісін қолдау мақсатында Мұқаммет Сәлім Кешимовтің 
“Қазақтарға өсиет”, “Кітаптарды тану” сияқты еңбектері жарық көрді. Кітап оқушылармен 
оқытушылардың көмекші құралы ретінде қолданылған. Кешимов қазақ балалары орыс 
тілінде білім алса ұлттық құндылықтардан жұрдай болып өседі деп санап балаларды орыс 
мектептеріне жіберуге қарсы шыққан.Осы мәселе төңірегінде Айқап журналына көптеген 
мақалалар жариялаған. Қазақ жәдитшілдерінің арасында Мұқамметжан Сералиннің 
еңбектерін атауға болады. Тройцк қаласындағы Ресулие медресесінде білім алған Сералин 
Мержанидің еңбектерін оқи отырып әлеуметтік, діни және әдет салттарды қорғай отырып 
Батыста дамыған білім мен жаратылыстанудың үйренуге болатындығын және осыларға 
қол жеткізу үшін Орыс тілін білу керек екендігін айтқан. Сералин медреседегі оқуын 
тәмамдап Қостанайдағы Қазақ-орыс мектебінде білім алған. Осы оқудан кейін Торғай 
уезінің Ырғыз қаласына қарасты ауылдық мекен жайға өз мектебін ашып жаңа әдіспен 
білім берген. Еділ - орал аймағындағы ақпарат құралдарынан қатты әсер алған Сералин 


14 
Қазақ мәдениетінде маңызды орны бар Айқап журналын 1911 жылы жарыққа шығарған. 
Исмайл Гаспыралының басшылығымен дамыған жәдитшілдікдің қазақтарға әсерін 
Сералиннің И. Гаспыралының өлімінен кейінгі жазған “Орны толмайтын өлім” атты 
мақаласынан аңғаруға болады. 20 ғасырдың бастарында жәдитшілдікпен бірге дамыған 
Түркішілдік ағымының симфолы ретінде Маған Жұмабаевты айта аламыз. Жұмабаев 1905 
жылы Қызылжар қаласының байларынан бірі Ыстанбулда университ оқыған 
Мұқамметжан Беришевтің ашқан медресесінде білім алған.Бұл медресе Солтүстік 
Қазақстанның ең маңызды білім ошағы болатын. Медреседе араб, парсы және түрік 
тілінде білім берілген. Сонымен қатар Түрік тарихы жан жақты тереңдетіліп оқытылған. 
1910 жылы Мағжан Жұмабаев медреседе бірге оқыған досы Бекмұқаммет Серкебаевпен 
бірге Уфа қаласындағы Ғалия медресесіне білім алуға келді. Бұл жылдарда Ғалия 
медресесінде Сәлімгерей Жантурин мен Әлімжан Ибрахимов сияқты ұстаздар тәлім 
берген. Жәдитші қайраткерлермен Уфада танысқан Мағжан шығармаларында Қазақстанда 
дамып келе жатқан Түрікшілдік ойын Қазақтардың менталитетіне қарай жаза бастады. 
Мағжанның өлеңдерінде 1910 және 1920 жылдарда Түрік әлемі туралы тақырыптар 
көптеп кездеседі. Осылармен қатар Ислам дінін жаңашалап жәдитше жазған Қазақ 
қайраткерлерінің бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Исламды қазақша айту Құранды қазақшаға 
аудару, сонымен қатар діни кітаптар жариялау сияқты қарқынды жұмыстар жүргізген 
Шәкәрім Құдайбердіұлы “Мұсылмандық шарты” атты еңбегінде Исмайл Гаспыралы 
туралы ойларын баяндаған. Жәдит қозғалысының арқасында Қазақстанда усул-жәдит 
медреселері ашылып, білім туралы хабарлар ақпарат құралдары арқылы жарияланып 
отырды. 
3. ХХ ғасырдың басындағы маңызды оқиға 1905 жылы 17 қазандағы Манифест 
болды. Қазақстандағы көптеген митингілерде ұлттық сипаттағы: орыс шаруаларының 
қоныс аударуын тоқтату, жерді қазақтардың меншігіне беру, мектептер ашу, діни 
бостандық, т.б. мәселелер көтеріле бастады. Қазақ қауымының рухани және саяси 
сұраныстарына толық жауап беру жолындағы қозғалысқа атсалысқан ұлттық 
интеллигенция 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық 
деңгейдегі орыс әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық-
саяси көзқарастарының қалыптасып, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905-1907 
жылдардағы орыс революциясы қоғамдық- саяси қызмет майданын таңдап алуларына 
шешуші ықпал жасады.
Патшалық Ресейде 1905 жылы 5 қаңтарда болған «қанды жексенбі» қазақ даласына 
тез тарап қала мен ауылдарда, елдің жиналыстарында патша саясатына қарсы 
наразылықтар шыға бастайды. Верный қаласының, Әулиеатаның, орал, Ақтөбе, 
петропавл, Семей жұмысшылары мен демократиялық бағыттағы еңбекшілері наразылық 
шеруге шыға бастады. Қазақ шаруаларының патша үкіметіне сенімсіздігі күшейе түсті. 
1905 жылғы 1 мамырда Қазақстанның көптеген қалаларында шерулер мен жиналыстар 
болды.Ірі бас көтеру Өспен руднигінде (Ақмола облысы) өтті. Дегенмен қазақ жеріндегі 
қозғалыстар бейбіт түрде өтті және ұлт-азаттық сипатта болды. 
1905 жылдың жазында азаттық қозғалысы жаңа сипат ала бастайды. Өлкеде 
жәрмеңкелердің ашылуына байналысты митингілер ұйымдастырылып, орыс, қазақ 
газеттері беттерінде саяси мақалалар көріне бастайды.Алғашқы петициялар 1905 жылғы 
сәуір айының басында Ақмола уезінде жазылды. Осындай мазмұндағы өтініш хатты Орал 
облысының Ілбішін, Гурьев уездерінің қазақтары да дайындап жіберді. Осы жылғы патша 
атына жазылған көптеген петициялар ішінен мазмұны жағынан Қоянды жәрмеңкесінде 
жазылған петиция (Қарқаралы петициясы) бірегейлігімен ерекшелінді. Мұнда барлығы 47 
пункт болып қазақ халқының діни-ағарту саласына рұқсат беру, қазақ тілі мен жер 
мәселелері, тау-кен ісі, мессионерлерге тыйым салу, қазақ депуттарының құқықтары 
сияқты бірқатар мәселелерді қамтыды. 
Қазақ халқы толықтай отарына айналған Ресей үшін де ХХ ғасыр бетбұрысты, 
күрделі оқиғалар мен елеулі өзгерістердің орын алуымен сипатталады. Соның ішінде 


15 
назар аударарлығы қоғамда буржуазиялық- демократиялық даму жолына көшіруге 
бағытталған өзгерістер болатын. Осы орайда Мемлекеттік Думаның шақырылуы сол 
дәуірдегі ірі саяси әлеуметтік оқиғаға айналды. Осынау жоғары заң шығаратын органның 
12 жыл (1906-1917 жж.) арасындағы қызметі Ресей тарихында, оның құрамына енген 
халықтардың өмірінде айтарлықтай із қалдырған демократиялық идеалдың зор көрінісіне 
айналды. Мемлекеттік Дума ғасырдың бас кезінде Ресейде құрылған партия 
фракцияларының және аймақтардағы ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің басын қосқан, 
Ресей империясындағы маңызы зор мәселелерді талқылайтын бірден-бір өкілетті форум 
болатын. Ол – Ресей Империясының алғашқы Парламенті рөлін атқара бастады.
Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы қазақ зиялыларының да саяси өсуіне 
ерекше ықпал етті. 1905 жылдың тамызында ІІ Николай патша заң шығарушы өкілетті 
орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифестке қол қойғанымен, манифест 
бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Ресей 
парламентінің шақырылатындығынан көзі қарақты қазақ өкілдері де құлағдар болып әрі 
депутаттыққа қазақтардың сайлануға құқы жоқ дегені олардың наразылығы мен ашу-
ызасын тудырды.Осы сәтте Әлихан Бөкейханов бастаған зиялылар саяси өмірге белсене 
кіріседі. Бұл туралы Әлихан Бөкейханов өзінің депутаттар сайлауға байланысты жазған 
естеліктерінде «Қазақ зиялылары үшін, қазақ саяси тобы үшін осы 1905 жылы жаңа кезең 
болғандығы ақиқат» деп жазды. Осылайша әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интеллигенциясы 
өз өкілдерін депутаттыққа сайлау керектігін батыл түрде ашық жеткізіп, өзіндік 
талаптарын қоя білді. Орта Азия мен Қазақстан аймағын қамтып өткен қуатты толқу 
патша үкіметінің халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. 
Бірінші Мемлекеттік Дума - Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-
монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 
ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. Думаның құқын кеңейту, 
саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау 
таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін 
талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде Дума патша 
жарлығымен таратылды. Екінші Мемлекеттік Дума- Ресей империясындағы мемлекеттік 
басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы 
жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 
күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. 1907 ж. 3-ші маусымда таратылды. 
Ұлттық мәселеге қатысты жайттарды өткір талап ете білудің нәтижесінде І 
Мемлекеттік Думаға қазақтардан өкілдер сайланған. І Мемлекеттік Думаға депутат болып 
Әлихан Бөкейхановтан басқа қазақ халқының тағы да бес өкілі сайланған. Олар: 1. 
Сәлімгерей Сейтханұлы Жантөрин – Уфа губерниясынан сайланған; 2. Алпысбай 
Қалменұлы Қалменов – Хан ордасының қазақтарынан сайланған; 3. Дәуіт Санжынұлы 
Ноян – Тұндұтов – Астрахан мен Ставрополь көшпелі тайпаларының атынан сайланған; 4. 
Ахмет Қорғанбекұлы Бірімжанов – Торғай облысын мекендеген қазақтардың өкілі;5. 
Шаймерден Қосшығұлов – Ақмола облысы қазақтарының өкілі. Осылардың 
Ш.Қосшығұловтан басқалары сайлау нәтижелері бойынша заңды түрде І Мемлекеттік 
Думаның мүшелігіне сайланғаннан кейін оның орыс тілін білмейтіндігі белгілі болып, 
«Мемлекеттік Думаны сайлау ережесінің» 55-бабына сәйкес келмегендіктен облыстық 
сайлау комиссиясы Ш.Қосшығұловқа байланысты сайлау қорытындыны бекітпей 
тастаған. Бұл сайланған азаматтардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметі мен 
сеніміне бөленген тұлғалар болатын. А.Қ.Бірімжанов Думаға депутат болғанға дейін сот 
қызметінде болған. С.С.Жантөрин – Уфа губерниясындағы халықтық мұсылман 
партиясының мүшесі болса, А.Қ.Қалменов – университеттік білімі бар (заңгер), Хан 
(Бөкей) ордасын басқару жөніндегі Уақытша кеңесте кеңесші қызметін атқарған. 
Д.С.Тұндұтов – ірі жер иесі, кезінде ханзада Николай лицейінде тәрбиеленіп, кейін 
шетелдердің әртүрлі университеттерінде дәріс тыңдаған. Ш.Қосшығұлов – Көкшетау 
молдасы, білімді Бұхарадан алған.Алғашқы Думаға депутат болуда әділетсіздік орын 


16 
алды. Мәселен, әр аймақтың қазағынан бір-ақ депутат сайлану керек деп, олардың 
құқықтары есепке алынбады. Соның салдарынан І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан 
депутаттыққа түскен Әлихан Бөкейханов көптеген кедергілерді жеңе отырып, депутат 
болып сайланды. Ол небары бірнеше ай ғана депутат болып, тіпті ол оның бірде-бір 
мәжілісіне қатынасып та үлгерген жоқ. Өйткені, ол І Дума өз жұмысын бастаған кезде 
Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен үш айлық мерзімге Павлодар 
абақтысына отырғызылған болатын. Торғай облысынан сайланған Ахмет Бірімжанов бел 
шеше жүріп атсалысып, І Думаның мінберінен Жер мәселесін көтеріп, жер мәселесі 
бойынша құрылған комиссияның құрамына қазақ депутаттарының өкілін енгізу қажеттігін 
ұсынды. Себебі, жер комиссиясында қазақ депутаттарына бірде бір орын бөлінбеген еді. 
Сондай-ақ, нәтижесінде мұсылман фракциясы жерге байланысты төмендегідей 
тұжырымдаманы қабылдады: «Өз күшімен егін егушілердің және мал бағушылардың жері 
арттырылсын. Халықтан кабинетке, монастырға және т.б. деп жерлер алынғанда тура 
бағасы берілсін. Қызметі үшін сыйға берілген жерлер халыққа кері қайтарылсын. Жерді 
пайдалану әр уәлияттың өзіне берілсін. Қоныс аудару тоқтатылсын».
Сонымен Ресейдің І Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Думаның 
аз уақыт жұмыс істегеніне қарамастан мұсылман депутаттары Ресей парламентіне 
мұсылман халықтарының жағдайы жайлы шындықты жеткізуге мүмкін болғанның бәрін 
істеді. Осылайша қазақ депуттарының Мемлекеттік Дума арқылы шешеміз деген үлкен 
үміттері жүзеге асырусыз қалды.
1907 жылғы ІІ Мемлекеттік Думасының құрамына бұл жолы Қазақстаннан 14 
депутат, олардың 6-ы қазақ ұлтының өкілдері болды. Олар: Шәймерден Қосшығұлұлы – 
Ақмола облысынан; Ахмет Бірімжанов – Торғай облысынан; Темірғали Нүрекенов – 
Семей облысынан; Тілеулі Алдабергенұлы – Сырдария облысынан; Мұхамеджан 
Тынышбаев – Жетісу облысынан; Бақытжан Қаратаев – Орал облысынан; Бақтыгерей 
Құлманов – Астрахан губерниясынан. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, 
небары 104 күн ғана жұмыс істеді. Осы аз уақыттың өзінде қазақ депутаттары бірқатар 
шаруаларды атқаруда белсенділік танытты. Мәселен, Б.Қаратаев ІІ Мемлекеттік Думада 
Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін оң іс еместігін 
айтып, арнайы баяндамасында былай келтіреді: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды 
түсінуге тиіссіздер! Бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін 
беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жеке меншік 
баспаналарынан да қуып шығарып жатыр». ІІ Думаның қазақ депутаттары 1907 жылғы 
наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір 
күнкөріс көзі – мал шаруашылығы. Ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір 
жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлдебір жанға жайлы, қызығы мол бос 
серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады». 
Міне, Ресейдің І және ІІ Думасына сайланған қазақ депутаттары алдымен өз 
ұлтының дербес саяси күш ретінде көріне алатындығын, өз құқын қорғай алатын ұлт 
екендігін дәлелдеуінің өзі үлкен жетістік болатын. Тіпті Думаға қатысудың өзі 
тарихымызда аса маңызды рөл атқарды. 
4.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 
38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ (Германия, 
Австрия-Венгрия, Италия). Антанта (Англия, Франция, Россия). 
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды. 
Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. 
Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.Империалистік 
державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. 
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті 
(потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық 
жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, 
соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды 


17 
шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті 
халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік 
соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 
10-ға жуық салығы енгізілді: 
1. 40899244 пут мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз
3. 3 млн. пут мақта майы
4. 229 мың пут сабын
5. 300 мың пут ет
6. 473928 пут балық
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды
9. 14 мың киіз үй салынды 
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ 
салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының 
азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр 
болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. 
Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір 
өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің 
өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан 
экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. 
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары 
орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. 
Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 
200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия 
тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. 
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа 
үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 
40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды 
жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы 
қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери 
тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі 
мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, 
соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
5. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының азаттық 
қозғалысы жылнамасының жарқын беттерінің бірі. Ол әлемдік империалистік соғыстың 
шиеленіскен уақытында, Ресейде шаруалар мен жұмысшылар қозғалысының белең алған 
кезінде өтті. 
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші 
дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да
аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл 
шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе 
көбейді. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Ресейден 
шаруаларды жаппай қоныс аудару саясаты, қазақ шаруашылығының құлдырауы, 
азаматтық құқықтың шектелуі Қазақстанда ұлттық қатынастың шиеленісуіне алып келді. 
19-43 жас аралығындағы барлық бұратана ер адамдарды майдандағы тыл
жұмысына алу мен әскер үшін қорғаныс құрылыстарын салу жұмыстарына шақыру 
жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, 
оларды отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Бұл 
жарлық қазақ даласын ауыр жағдайға душар етті. Әскерге шақыру шөп дайындау, егін 
ору, малды қоңдандыру уақытымен тұспа-тұс келді. Еңбекке жарамды ер адамдарды 
әскерге алу, шұрайлы жерлерді орыс қоныс аударушыларына тартып алып беру тоқырап 


18 
тұрған қазақ шаруашылығын одан әрі күйзелте түсті. Тыл жұмысына алу қазақ және Орат 
азияның басқа халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты қозғалысының 
басталуына түрткі болды.Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық 
сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті 
жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал байларға қарсы бағытталды.
Бұл қозғалысты еңбекші халыктың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ 
жасақтарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей 
ордасында Сейтқали Мендешев, Абдрахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мынбаев,
Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтов, Жетісуде - Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ 
Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.
Қозғалыс стихиялы түрде басталып 1916 жылғы шілденің аяғы мен тамыз айының 
басында барлық Қазақстанды қамтыған көтеріліске ұласты. Оны басу үшін патша өкіметі
жазалаушы экспедициялар жіберді. Көтерілісшілер патша әскерлеріне қарсы кескілескен 
ұрыстар жүргізді. Осы шайқастарды жүздеген қазақ жігіттері өздерінің батыр 
бабаларының ерлік дәстүрін жалғастырып, есімдерін өшпес даңққа бөледі. Торғай
өңірінде Кенесарының қолбасшыларының бірі Иман батырдың немересі Амангелді, 
оның жауынгер серігі Кейкі батырдың аттары аңызға айналды. Үлкен қолбасшылық
дарынымен бүкіл қазақ халқына танымал болған Амангелді бастаған Торғайдағы 
көтеріліс 1917 жылғы ақпан революциясына дейін жалғасты. 
25 маусымдағы жарлық бойынша Қазақстан мен Орта Азиядан алынатын 400 
мыңдай адам болса, соның 240 мыңы қазақтар. Сол жарлықтан кейін барлық жерлерде 
тізім жасала бастады. Бұл тізімнің кейбіреулері үлкен қарсылыққа тап болса, кейбір 
болыстықтарда осы тізімді жасауға қолдау көрсетушілер де болған. Ал, қара жұмысқа 
алынғандардың өздері кетер кездерінде талаптарын айтқан. Бұл талаптың бірі, қара 
жұмысқа баратындар 1916 жылы 27 шілдеде Түркістан өлкесіндегі Черняев уезінде үлкен 
жиылыс өткізіп, осы жиылыста 25 талап қойған екен. Ол талапта: «Біріншіден, бізді 
барған кезде қыстық киіммен қамтамасыз етсін. Екіншіден, сол жерді білетін жолсерік 
тағайындалып берсін. Үшіншіден, барған жұмыскерлерді жан-жаққа шашыратпай, бір топ 
қылып орналастырып, тиісті жағдайдың бәрін жасасын. Төртіншіден, біз барған жерімізде 
мұсылман халқы болғандықтан, өзіміздің дінімізді, ділімізді ұстаймыз, соған байланысты 
бір діннің ісін білетін имамдар тағайындалып, сол жерге жіберілсін. Ең бастысы, 
бесіншіден орыс тілінде жақсы білетін, бізді түсінетін адамды жұмысқа бірге жіберіп, 
біздің қасымызда жүріп бағыт-бағдар беріп, біздің жағдайымызды патша үкіметіне 
жеткізіп тұрса», – деп өздерінің талаптарын қояды. Бұл талаптың ішінде, тағы да айта 
кететіні, жұмысшылар барып, ол жерге орналасқаннан кейін, отбасымызбен 
хабарласуымыз керек дейді. Осы жағдайда оларға барлық мүмкіншіліктер жасалып, пошта 
ақылы емес, тегін болса деген талаптарын айтады. Әрине, бұл талаптардың бірі 
орындалды да, екіншісі көп жағдайларда орындала қойған жоқ. Біздің ұлт зиялыларымыз 
да екіге бөлінді. Бірі қантөгіске қарсы шығып, бостан-босқа қырылып қалмауды ойлады. 
Бұл Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтардың көзқарасы. Екіншісі, кейіннен 
мемлекеттік құрылымда жұмыс істеген Сейітқали Меңдешев, Тұрар Рысқұлов сияқты 
азаматтар (ол кезде жас болатын) керісінше көтеріліске шығып, патшаға қарсы тұру керек 
деген пікір ұстанды. 
Ә. Бөкейханов бастаған топ, 1916 жылы 7 тамызда Орынборда үлкен жиналыс 
өткізген. Осы жиналыста Торғай, Орал, Ақмола, Жетісу облыстарының жұмысшыларынан 
өкілдер сайлап алып, сол жерде патша үкіметіне өздерінің басты-басты талаптарын қояды. 
Бұндағы ең үлкен басты талап – барған қазақтарды отыз-отызға бөліп, артель құрып, сол 
арқылы тізімге алып, не бір мекемеге тіркеп, ақы берсе деген болатын. Яғни, істеген қара 
жұмыстарына ақы төленсе дегенді меңзеді. Одан барғаннан кейін қазақтарға діни 
мейрамдар мен өздерінің өткізетін іс-шараларына тыйым салынбаса деген талап қояды. 
Келесі бір талабы жұмысшыларға лайықтап киім беру, әсіресе қыста суық түсуіне 
байланысты киіммен қамтамасыз етуін міндеттеді. Міне, осындай өздерінің басты 


19 
талаптарын жоғары жаққа жібереді. Біздің қазақтар ол жаққа барғаннан кейін көбі ағаш 
шеберлері болған, ұсталар болған. Олар көпірлер, жолдар және барактар салумен 
айналысты. Ең басты, негізгі істеген жұмыстары – окоп қазу болды. Алғашқы күннің 
өзінде 7 қыркүйекте мың адам Минскінің түбінде жол қатынасын салуға жіберілген. Сол 
сияқты көп мәліметтер бар. Бірақ, тылға жіберілгендердің мәліметі толық емес. Қолда бар 
мәліметтерге сүйенсек, 1916 жылдың қазан-қараша айларында Батыс өңірде Солтүстік 
майданға – 18 мың қазақ, Батыс майданға да – 18 мың қазақ, ал, Оңтүстік-Батыс майданға 
– 9 мың қазақты жіберген екен. Олардың әрқайсысын топ-топқа, яғни, партияға бөліп (ол 
жерде топты партия деп атаған), орналастырған екен. Мұнда, әрине, қиыншылықтар 
болды. Себебі, бұрын жол жүріп көрмеген жұмысшылар жолдың жүру азабына тап болды, 
онда жұқпалы аурулар тарады. Көбінің кетіп бара жатқан жолда қаза табуына 
байланысты, жолдың жиегіне жерленулеріне тура келді. Тізім жасалғанда көптеген 
әділетсіздіктерге жол берілді. Мысалы, жарлық бойынша 19 бен 43 жас арасы деп 
көрсетілгенмен, 16 мен 50 жас арасындағы ер адамдар қара жұмысқа алынып жатты. Тіпті, 
аурушаң, керең, мылқау, бір жақ көзі көрмейтін, жұмысқа жарамсыз адамдардың 
майданға алынуы қиыншылық тудырды. Осы туралы Әлихан Бөкейханов баяндама 
жасаған болатын. Жұмысшылар ол жақта үш түрлі жерде орналасты. Біріншісі, белуардан 
қазған топырақтың үстін тепелеп жапқан үйде 100-200-ге жуық адам тұрды. Екіншісі, бұл 
арнайы салынған барактар, үшіншісі, палаткалар. Осы палаткаларда тұрғандардың 
арасында киімдерінің кептірілмеуінен суық тиіп ауыруы, өкпе қабынуы, жұқпалы ау-
руларға шалдығуы жиі кездесті. Бастапқы кезде ақы төленгенімен, кейіннен соғыстың 
үдеп кетуіне байланысты ақылары да берілмей, үйлерінен әкелген тамақтары да бітіп, 
киімдерінің тозуына байланысты жағдайларының ауырлап кету фактілері де кездесті. 
Әлихан Бөкейханов, Мырзағазы Есболов бастаған көптеген зиялылар 1916 жылы, 23 
желтоқсанынан 1917 жылдың 12 қаңтары аралығында бүкіл Батыс өңірі, Минскінің 
түбіндегі 9 корпустағы қазақтардың топтарын аралаған екен. Жағдайларының қандай 
болғанын көзімен көріп, Мәскеуге барып, сол жерде үлкен баяндама жасаған. Қазақ 
жұмысшыларының 
жағдайларын 
жеңілдетуді, 
демалысқа 
жібертуді, 
ақысын 
төлеуді, майдангерлердің барлығына бірдей қылып жағдайларын жасап беруін өтінген. 
Кейіннен осы ұсыныс «Қазақ» газетінде 1917 жылдың 20 қаңтарында «Жұмысшылар 
жайында» деген тақырыпта жарияланған. 
Көтерілістің негізгі факторы, негізгі себебі - жер мәселесі. Одан кейін, әлеуметтік-
экономикалық езгі. 25 маусым күнгі жарлық соңғы тамшы ретінде, халықтың бұрқ етіп 
шығуына әсер еткен болатын. Өйткені, жерін алды, малын алды. Енді, жанын аламыз 
дегенде, халық көтеріліске шыққан болатын. Көтерілістің тағы бір себебі, орыс 
отаршылдық әкімшілігі. Өйткені, ол да бұратана халыққа менсінбей қарап, екінші сорт 
ретінде бағалады. Одан кейін, жергілікті халықпен келімсек орыс шаруаларының 
арасындағы қарым-қатынас. Ол да үлкен шиеленіскен мәселе болатын. Кезінде үйі жоқ, 
күйі жоқ жер сызған шаруалар осында келіп бірден байып шыға келді. Мұның бәрі 
көтерілістің негізін қалады. Ал, көтеріліс «маусым жарлығынан» кейін шықты. Жетісуда 
таза орыс уезін құру туралы жоба жасалған. 
Кеңестік кезеңде 1916 жылғы көтеріліске байланысты зерттеулерде айтыс-тартыс 
оның әлеуметтік-таптық сипатына байланысты жүрді. 1926 жылы көтерілістің он 
жылдығына байланысты Т.Рысқұлов «Восстание туземцев Туркестана 1916 году» атты 
мақаласын жариялап, большевизм идеологтарының аяғын басқандай қарсылық тудырды. 
Оларға ұнамағаны Т.Рысқұловтың Орта Азия халықтарының 1916 жылғы 25 маусым 
жарлығына байланысты кенеттен және жаппай көтерілуін «бұратаналардың көтерілісі» 
ретінде бағалауы, яғни көтерілістің жаппай ұлттық сипат алғандығына басымдылық беруі 
еді. 
Т.Рысқұлов аталған еңбегінде 1916 жылғы патша жарлығына байланысты 
жергілікті халықтардан соғыс қажеттілігіне жұмысшылардың алынуын көтерілістің 
шығуына түрткі болған оқиға ретінде қарастырып, ал көтерілістің негізгі себебі 


20 
«патшалықтың Түркістанды 50 жыл бойы тоқтаусыз отарлық қанауға алуы болды» деп 
көрсетті. Түркістан Ресей үшін «айтарлықтай кең қанау объектіне, өз өнімдерін өткізетін 
базарға және шикізат көзіне, сондай-ақ еркін үлестіріп, иемденуге болатын мол жері бар 
өлкеге айналды», - деп жазды.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының мемлекеттік дербестігі мен территориялық 
тұтастығы үшін жүргізіп келе жатқан ұлт-азаттық қозғалысының табиғи жалғасы, кезекті 
көрінісі, жалпыұлттық ауқымда көрінген тарихи қозғалыс болды және ол отаршылдық 
езгіге қарсы бағытталды. Сол себептен де, бүкіл Қазақстан аумағын қамтып, ұлттық 
мемлекетті сақтау үшін талпынған ең ірі көтеріліс ретінде төл тарихымызда сақталды. 
6. Ресейдегі патша билігіне қарсы екінші көтеріліс ретіндегі 1917 жылы 24 ақпанда 
Петроградта болған буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша 
өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктері тұтқынға алынды. Ресей 
империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 
жылғы Ақпан революциясы Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің 
патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық 
күресінің жеңісімен аяқталды.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы қуанышпен қарсы 
алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: "…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, 
сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған 
жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш" - деп жар салды. Ақпан 
революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік 
жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде 
саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. 
Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Ақпан төңкерісінің 
қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны 
қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды 
патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді 
басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. 
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос 
өкімет орнады. Бұрынғы патша чиновниктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық 
ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкіметтің органдары мен бірге халықтық 
өкіметтің жаңа органдары жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Кеңестері 
құрылды. Патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси 
күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет 
қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша 
үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін 
көздейтін Кеңестер құрылды.
Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына 
мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі 
қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін 
зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын. Ақпан төңкерісінің қазақтар үшін 
қаншалықты маңызды болғанын А.Байтұрсынов: “Алғашқы революцияны қазақтар тура 
түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша 
өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруында және, екіншіден, оларды өзімізді 
басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді”, - деп түсіндіреді. 
Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің 
біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары 
мен топтары өз әсерін тигізді.
7. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның қоғамдық-саяси 
өмірінде белсенділіктің айтарлықтай арта түсуіне облыстық, уездік қазақ комитеттері 
үлкен әсер етті. Мысалы, 1917 жылдың 10 наурызында - Оралда (төрағасы - Әлібеков); 
11-наурызында 

Семейде (төрағасы - Р.Мәрсеков); Омбыда (төрағасы - 


21 
Е.Итбаев); наурыздың аяғында - Верныйда (төрағасы - И.Жайнақов) құрылған және т.б. 
облыстың қазақ комитеттері "Қазақ" газетінің көмегімен бірден-ақ қазақтардың облыстық 
съездерін дайындауға кірісті. Олар съездерге дайындалу барысында облыстық қоғамдық 
және 
басқа 
комитеттермен 
де,
Уақытша
үкіметтің
органдарымен 
де 
ынтымақтастық жасады. Мысалы, Ә.Бөкейханов - Торғай облысы бойынша, 
М.Тынышбаев Жетісу облысы бойынша (эсер А.Шкапскиймен бірге) Уақытша 
үкіметтің 
комиссарларыболды. 
Ал, 
А.Байтұрсынов, 
М.Шоқаев,
М.Дулатов, Ж.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, А.Бірімжанов, Ә.Кенесарин, 
Р.Мәрсеков, тағы басқа қазақ зиялыларының өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті 
органдарында жұмыс істеді. Осындай байырғы қазақ халқының, әсіресе, ұлт 
зиялыларының саяси белсенділігі өскен жағдайда 1917 жылдың көктемінде: Торғай 
(Орынбор қаласы, 2-8 сәуір, 300-ден астам делегат, төрағасы - А.Байтұрсынов), Жетісу 
(Верный қаласы, 12-13 сәуір, 81 делегат, төрағасы - И.Жайнақов), Орал (Орал қаласы, 19-
22 сәуір, 800-ден астам делегат, төрағасы - Ж.Досмұхамедов), Ақмола (Омбы қаласы, 25 
сәуір-5 мамыр, 150-ге жуық делегат, төрағасы - А.Тұрлыбаев) қазақ облыстық съездері 
өткізілді. Бұл съездер ұлт азаттығын, жер мәселесін, діни, мәдени, қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік-экономикалық және басқа да проблемаларды шешу жолындағы күрестегі қазақ 
қоғамының қалың топтарының стратегиялық міндеттерін белгілеуге ұмтылуымен қатар, 
олардың осы мақсаттарға жетудегі тактикалық бағыттарын жасау жолында өздерінің 
одақтастары мен қарсыластарын да ашық көрсетуге тырысты. Облыстық съездердің 
ішінде Торғай съезі көлемі мен қабылданған шешімдері бойынша айрықша ерекшеленді. 
Съезд жұмыстарына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Қалменов, М.Шоқаев, 
М.Жұмабаев және басқа да сол кезеңдегі жас қазақ ойшылдары шешуші ықпал жасады. 
Соның арқасында съезд шешімдерінде "Алаш" қозғалысының бағдарламалық талаптары 
өз көрінісін тапты. 
1917 жылы 21- 26 шілдеде Орынборда болған "Бүкіл қазақтық" съезде
"Алаш" партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оған Әлихан Бөкейханов,
Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Мұстафа Шоқаев, Мұхамеджан 
Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, т.б. кірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет