7. Партияның X съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен,
экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Съезд шаруашылық мүддені іске
қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни «Соғыс коммунизм»
саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады.
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке
капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік
кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді. Сауда
бостандығы жүзеге асырылды, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат
берілді. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып,
28
сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл
шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы
еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары
жойылды. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары
арқылы жүзеге асырылатын болды. Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет
көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді.
Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең
маңыздысы — азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім
болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін
қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-
түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге
байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды.
Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы
болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып,
қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін етеуге мүмкіндік алды. Осыған
байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп
өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды.
ЖЭС-тіің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті.
Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. 0сы жағдайға байланысты ЖЭС-тің
алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның XIIсъезі (1923 ж. сэуір)
ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің
тек ақшалай түріне толық көшірілді.Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша
реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы
жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы
Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына — Ойыл,
Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы
кездеп жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20—23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ,
осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын
тигізді.
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су
реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің
аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты
нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте құрделі мәселелердің біріне айналған еді.
Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган
- Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру
мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті
қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып
алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос
жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға
қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және
Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім
қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені
жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды.
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті "Қазақстанда негізгі
еңбекпен жерді пайдалану туралы" заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң
бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға
сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы
жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет
болды.Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей аумағын
түгел қамтыған "Жер кодексін" қабылдады. Осы кезден бастап жер туралы бүкіл
мәселенің бәрі мемлекеттің идеологиялық құндылықтарына негізделген құқыққа ие
болды. Бұл кодекс бойынша жермен тұрғылықты халық қамтамасыз етілуі керек болды.
29
Сонымен бірге автономияларға қосымша ұсыныстар мен негіздемелер жасауға рұқсат
етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі
аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз
етілмеді.
Кеңес үкіметі патшалық үкіметтің жер мәселесіндегі отарлық саясатын жойғысы
келгенімен, іс жүзінде жерді пайдалануды таптық тұрғыдан шешті. Соның нәтижесінде
жергілікті қазақ халқы мен қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Осы жағдайлар
жер және жерге орналастыру мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық
саясат шеңберінде азық-түлік салғыртының азық-түлік салығымен алмастырылуы 3—4
жыл ішінде қазақ ауылы мен деревнясын дағдарыстан шығара бастады. 1925 ж. егістік
жердің көлемі 3 млн. гектар болса, 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті, яғни бұл 1913
жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса,
1927 ж. астықтың жалпы түсімі 104 млн. пұтты құрады. 1925 ж. мал саны 1922 ж.
салыстырғанда екі есе өссе, 1925—1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды.
Сөйтіп, Кеңес үкіметінің елдің өнеркәсібін қалпына келтіру мақсатында
жүргізілген шаралары кейін республика экономикасына орталықтың үстемдігінің
мейілінше күш алуына әкелді. Өндіріс орындарын орталықтанған трестерге біріктіру,
сонымен бірге өндіргіш күштерді региондарға орналастыруда кемшіліктерге жол ашты,
яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады.
ЖЭС аясында Республиканың халық шаруашылығында болған өзгерістер елдің
дағдарыстан шыққанын, экономикалық дамуда жаңа үрдістің кең етек жайғанын
көрсетеді. Елдің шаруашылық жүйесі нарықтық экономика қатынасына біртіндеп енді.
Өлкенің экономикасы көп укладты сипатқа ие бола бастады, яғни әртүрлі меншік
түрлерінің қатар өмір сүру мүмкіндігі пайда болды. Меншіктің әртүрлі түрлерінің
қалыптасуы, олардың арасындағы бәсекелестік пен ұдайы өндірістегі бірін-бір
толықтыруы халық шаруашылығының алға даму бағытын айқындады.Большевиктер
таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында
мемлекеттің экономикаға араласуы шектелді. Мемлекет белгілі мөлшерде ғана
көпукладты ұдайы өндірісті кредит, салық жүйелері аркылы ғана реттеп отырды.
Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді.
Ұзақ әлеуметтік даму барысында қалыптасқан дәстүрлі тауарлы шаруашылық
мемлекет тарапынан ендірілген мұндай реттеуші бақылауға сәйкес келмеді. Мемлекет
тарапынан жүргізіліп отырған мұндай саясат ұсақ ауыл шаруашылық өнімдерін
өндірушілер тарапынан қарсылық тудырды. Олар өндірген өнімдерін төменгі бағамен
сатудан бас тартты. Алайда бұл қарсылықты мемлекет өзі жүргізіп отырған саясаттың
кемшілігінен деп есептемеді. Керісінше ол қарсылықты тап жауларының іс-әрекеті деп
бағалады. Мемлекет тарапынан жеке шаруа қожалықтарына қарсы бақылауды күшейтті.
Ұсақ тауар өндірушілерді әкімшілік жолмен бақылау мен ығыстыру саясаты сауданы
шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді.
Мұндай жағдай "соғыс коммунизм" саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін
жандандырды.
Экономикалық
даму
жүйесіне
әкімшілік
тұрғыдан
араласу
большевиктердің негізгі жұмыс әдісіне айналды. Таңдау мүмкіндігі, еркіндік,
шаруашылық еріктілік туралы заңдар тек қағаз жүзінде қалып отырды. Экономиканы
жоспарлы түрде дамыту идеясы күш алды. Дағдарыстардың бәрі осы жоспарлаудағы
кемшіліктерден деп есептелді. Жергілікті партия және кеңес органдары кооперацияны
басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан
жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес
болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы
жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін
халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен
дамуын қамтамасыз етті. Бұл ЖЭС аясында қалыптасқан көпукладты ұдайы өндірістік
жүйенің қатар даму барысын шектеді, яғни 20-жылдардың аяғында ұсақ тауар
30
өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады,
яғни ЖЭС тоқтатылды.
8. Кеңес өкіметі өзінің билігін Ресейдің империялық езгісін тартқан Орталық Азия
мемлекеттеріне де орната бастайды. Ол кезде Орталық Азия мемлекеттері аумағының
басым бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына бағынышты болатын.Жалпы Түркістан
АССР-і 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені барша қауымға мәлім. Сондықтан да осы
аралықтағы Түркістан республикасының конституциялық дамуын шартты түрде үш
кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең 1918 жылдың 30 сәуірінен 1918 жылдың 15 қазанына дейінгі
аралықты қамтиды. Яғни, Түркістан республикасының ресми түрде құрылуынан бастап
алғашқы конституция қабылданғанға дейінгі кезең. Бұл аралықта конституцияның рөлін
1918 жылы 30 сәуірде қабылданған Түркістан республикасын құру туралы Ереже
атқарады.
Екінші кезең 1918 жылдың 15 қазанынан 1920 жылдың 24 қыркүйегіне дейінгі
аралықты қамтиды. Яғни, Түркістан республикасының алғашқы негізгі заңының әрекет
ету аралығы. Бұл конституция Кеңес өкіметінің қалыптасу кезеңін көрсетеді. Асығыс
қабылданған конституция өтпелі кезеңнің бет-бейнесін көрсетеді.
Үшінші кезең 1920 жылдың 24 қыркүйегінен 1924 жылдың желтоқсан айына
дейінгі аралықты өамтиды. Яғни, Түркістан рсепубликасының екінші рсеми
конституциясының әрекет ету аралығы. 1924 жылғы желтоқсандағы Түркістан АССР-ін
тарату туралы шешім қабылданғанға дейінгі аралықта әрекет етті.
Достарыңызбен бөлісу: |