Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет9/49
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#79862
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Байланысты:
Лекция тезистері

 
3. Большевиктер ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру 
арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар 
кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше 
экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді. 
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) және Халық Комиссарлар Кеңесі 
(ХКК) 1926 ж. 20 мамырда "Жерге орналаспай жерді пайдаланатын көшпелі және 
жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу 
туралы" заң қабылдады. Оған сол кездегі Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және 
Орталық Атқару Комитеті төрағасы қызметін уақытша атқарушы Н. Нұрмақов қол қойды. 
1927 ж. 3 ақпанда бұл заңға ішінара толықтыру енгізілді. Онда шабындық және 
жайылымдық жерлер жан басына қарай бөлінетінін, мұндай бөлініс мүмкін болмаған 
жағдайда үй басына қарай бөлінетіні туралы атап көрсетілді. Бұл жұмысты жоғарыдан 
жүргізу Қазақстанның Егіншілік халық комиссариатына тапсырылды және бұған жоғарғы 
қарқын беру үшін губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше 
жедел "бестіктер", ал болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер жанынан 
"үштіктер" ұйымдастырылды. Конституциялық тұрғыдан мұндай заңсыз құрылған бұл 
"бестіктер" мен "үштіктер" құрамдары жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық 
кеңестерде бекітілді. Шабындық және жайылымдық жерлерді бөлу науқанына 
байланысты құрылған бұл төтенше және заңсыз органдар Кеңес үкіметінің басқа да 
шараларын жүзеге асыруда таптырмас әдіс болды. Қазақстанда большевиктер 1926—1927 
жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлерді 
бөлді. Бөлінген шабындық жердің 61,6 %-ін кедейлер, 8,8%-ін ауқаттылар алды. Ал 
жайылымдық жердің 59,3% кедейлерге, 31,7% орташаларға және 9% ауқатты 
қожалықтарға берілді. 
Ф.Голощекин бастаған Қазақстан большевиктерінің қазақ қоғамына байланысты 
жүргізген бұл шаралары қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жеңісін қамтамасыз ете алмады. 
Оның себебі, бұл реформа алғашқы кезден-ақ қате тұжырымдарға негізделген еді. 


35 
Біріншіден, қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүйесі сақталып отырған жағдайда 
шабындық және жайылымдық жерлерді жай бөліске салу еш нәтиже бермеді. Екіншіден, 
шабындық және жайылымдық жерді бөлудің өзі дәстүрлі егін шаруашылығы 
жүйесіндегі заңдылықтар жетегінде қалып қойды, яғни шабындық және жайылымдық 
жерлерді бөлу шаруа қожалығындағы отбасы мүшелерінің санына байланысты 
жүргізілді. Ал қазақтың дәстүрлі шаруашылығында, керісінше, жерді малдың санына 
қарай иемденді, яғни көшпелілер үшін жайылымға сұраныс мал басының санына және 
оның құрамына байланысты болды. Үшіншіден, жартылай көшпелі аудандардағы жер 
бөлінісі нәтижесінде жерге ие болған шаруалар үшін бұл кезеңде ол жерлерден келер 
пайда жоқ еді. Себебі, ауылдағы кедей шаруалардың қожалықтары ғана емес, тіпті орта 
шаруа қожалықтары да бұл кезеңде ауылшаруашылық құрал саймандарына, егетін тұқым 
және т.б. заттарга өте зәру болды. Мысалы, 1928 жылы республикада 1927 жылғы есеп 
бойынша 800 мың қазақ шаруа қожалықтары бар болғаны 124 мың өте қарапайым еңбек 
құралдарына ие болды. Олар 54 мың соқа, 0,5 мың тұқым себетін машина, 13,5 мың шөп 
шабатын шалғы, 9,4 мың тырма т.б. Бұл еңбек құралдары сан жағынан алғанда көлге 
тамған тамшыдай ғана еді және оның сапасы да өте төмен болды. Тіпті әлеуметтік 
тұрғыдан келгенде Петропавл округінде еш құрал-сайманы жоқ шаруа қожалығының
мөлшері 95,5%, ал орта шаруа қожалықтары 83,2 % болса, Павлодар округінде 99,45% 
және 85,8 5%, Қызылорда округінде 72,95% және 69,15% болған. Шаруашылық 
құралдардың жетіспеуі, әрине, кедей қожалықтарын өз үлесінен бас тартып, бөлінген 
жерлерді бұрынғы иесіне қайтаруға мәжбүр етті. 
4. Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру 
саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты
күйзеліске ұшырады. 
Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының 
ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен 
қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан 
өлкелік комитетінің VIПленумында 1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, 
содан 1933 жылы 4 млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды. 
Ұжымдастыру саясатының зардаптары қазақ халқының басына үлкен апат әкелді. 
Күшпен ұжымдастырылған және материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылықтар 
күйзеліске ұшырап, нәтижесінде 1932—33 жылдары халық аштыққа ұшырады. Сол 
кездегі мәліметтерге қарағанда аштық жайлаған аудандарда халық баудай түсіп қырылған. 
Аштықтан өлген адамдарды жинап, көмуге мүмкіндік болмаған. Аштықтың салдарынан 
адам етін жеу фактілері де өте көп болған. Осындай жантүршігерлік көріністер туралы 
мәліметтерді зерттеушілер тэуелсіздік алғаннан кейін архив қойнауынан алып жариялады. 
Аштыққа ұшыраған қазақтар босқын болып, елден шет аймақтарға үдере көшті. 
Қазақстаннан шет аймақтарға кеткен қазақ босқындарының ауыр да жанкешті тұрмысы 
туралы да деректер жеткілікті. Зерттеушілер 1930—1932 жылдары шетелге кеткен 
қазақтар санын, қайтып келгендерді шығарып тастағанда 1,3 млн. адамға жеткізеді. 
Қазақтардың аштықтан қырылуы және шет аймақтарға үдере көшуі нәтижесінде 
халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Мысалы, 1937 жылдың 
басында халықшаруашылығы есебінің бастығы М. Саматовтың Л. Мирзоянға берген 
мәліметі бойынша 1930 жылдың 1 маусымы мен 1933 жылдың 1 маусымы аралығында 
халық саны 2 есеге кеміген. 
Қазақ халқының ауыр жағдайын Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамының 
баяндама хаттарынан және Ресейдің басшы мемлекет қайраткері ретінде жергілікті 
жерлерден Мәскеуге келіп түсіп жатқан басқа да мәліметтерден хабардар болған Т. 
Рысқүлов, көп кешікпей-ақ Сталинге хат жазады. Аштыққа байланысты жоғарғы партия 
мен үкімет басшыларына жазылған хаттар қатарын О. Исаевтің және "Бесеудің хаты" 
толықтырады. 


36 
5. 1920 ж. 26 тамызда құрылып алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталған, РКФСР 
құрамына кірген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы - бұрынғы КСРО құрамында 
болған одақтас республикалардың бірі болып 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға 
айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде 
РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, 
шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі 
жағынан 
РКФСР-ден 
кейінгі 
екінші, 
халқының 
саны 
жағынан 
РКФСР 
мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды.
Елдегі қуғын-сүргін мен қорқыныш күш алып тұрған жағдайда КСРО жаңа 
Конституциясының жобасы талқыланып, 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. 
Конституция елде социализм орнағанын жария етті. КСРО жаңа Конституциясы одақтас 
республикалар санын көбейту мүмкіндігін арттырды. Соған сәйкес Закавказ республикасы 
таратылды. Азербайжан, Армян, Грузин республикалары енді КСРО құрамына тікелей 
енді. Қазақ және Қырғыз автономиялық республикалары одақтас республикаларға 
айналды. Қазақ республикасының мәртебесінің өзгеруіне байланысты жаңа Конституция 
жасау қажет болды. 1937 жылы 3 ақпанда жаңа Конституция жобасын ҚазОАК-нің 
Президиумы қолдады. 1937 жылы 21—26 наурызда Алматыда Қазақстан кеңестерінің X 
съезі өтті. 1937 жылы 26 наурызда съезд ҚазақКСР-ның Конституциясын бекітті. 
Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы органы төрт жылға сайланатын Қазақ КСР Жоғары 
Кеңесі болды. Жоғарғы Кеңес өзінің Президиумын сайлады және республика үкіметі — 
Халық Комиссарлар Кеңесін (ХКК) құрды. Конституцияда республика аумағының 
тұтастығы негізделді. Қазақ КСР-ның әрбір азаматы КСРО азаматы болып табылды. 
6. Кеңес мемлектінің жазалауға арналған жүйесінің тарихындағы, осы уақытқа 
дейін лайықты түрде зерттелмеген қасіретті парағын КСРО Халық Комиссарлары 
Кеңесінің 1930 жылғы 7 сәуірдегі «Еңбекпен түзеу лагерьлері туралы» ережені бекіту 
жөніндегі қаулысы ашады. Осы қаулыны қабылдау әміршілдік-төрешілдік басқару 
әдістерін бекітумен, соның ішінде елдің қоғамдық-саяси және халық шаруашылығы 
тыныс-тіршілігінің барлық салаларында қисынсыз қуғын-сүргін тетігін кеңінен 
пайдаланумен сабақтасады. 1922 жылы КСРО ХКК жанынан біртұтас қоғамдық орган-
Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (БМСБ-ОГПУ) құрылды. 
ОГПУ-дың тікелей күш-жігерімен Соловецкий лагері, ГУЛАГ-тың (Лагерьлер Бас 
басқармасы) болашақ бөлімшелерінің үлгісі құрылған еді. 
Лагерді Солтүстікте, Оралда, Қиыр Шығыс пен Орта Азияда ұйымдастыру 
көзделді. 1930-1930 жылдар арасында бірқатар лагерьлер, Беломор-Балтық (канал 
құрылысы), Темниковский (ағаш дайындау), Қарағанды (ауыл шаруашылығы өндірісі), 
Вишерский (ағаш дайындау және целлюлоз-қағаз комбинатын салумен) және Қиыр 
Шығыс лагерьлері ұйымдастырылды. Олардың әрқайсысы нақты шаруашылық міндетті 
шешу үшін құрылды. Кейінгі жылдары Дмитровский, Сібір, Дальстрой, Свирский және 
т.б. лагерьлер қосылды. Жалпы еңбекпен түзеу Бас басқармасы мен НКВД (КСРО ІІМ) 
колониялары кезінде Кеңес Одағында 63 лагерь болды, онда қамалғандардың саны 
2 199 535 адамға дейін жетті. 
Кең ауқымдағы өнеркәсіп құрылысы, соғыстан бұрынғы жылдарда табиғи 
байлықтар мен жаңа кен орындарын игеру арзан жұмыс күшін ұлғайтуды қажет етті. 
Тоталитарлық режимнің жазалау саясатының күшеюіне байланысты Солтүстікте, Оралда,
Қиыр Шығыста, Сібірде, Орта Азияда және КСРО-ның басқа да аймақтарында еңбекпен 
түзеу лагерьлерінің желісі кеңейді. Егер 1940 жылы КСРО НКВД Лагерьлерінің Бас 
басқармасы (ГУЛАГ) 53 лагерьді қамтыса, ал 1947 жылы оның саны-56, 1954-61-ге жетті. 
Қамалғандардың саны да арта түсті: 1939 жылы-179 мың, 1940 жылы-1 млн 344,4 мың, 
1950 жылы-1 млн 416,3 мың, 1953 жылы-1 млн 727,9 мың адам болды. Әрі қылмыстық 


37 
кодекстің 58-бабы бойынша сотталған тұтқындардың саны 15-тен 20 пайызға дейін 
ауытқып отырды.
Қазақстан аумағында 1931 жылы Қарағанды лагері (Карлаг) болды. Әр жылдары 
саяси айыппен қуғындалған мыңдаған тұтқындар ГУЛАГ-тың осы алып лагері арқылы 
өтті. Қазақстан аумағында бұдан басқа Степной, Песчаный, Луговой, Дальний деп 
аталатын лагерьлер де жұмыс істеді. Ақмола облысының аумағында АЛЖИР-Отанын 
сатқан опасыздар әйелдерінің Ақмола лагері ашылды. Аталғандардың арасында КСРО 
НКВД Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Карлаг) маңызды орын алды. Карлаг басқармасы 
НКВД лагерінің Бас басқармасына ғана бағынатын еді және оның құрамы Әкімшілік 
шаруашылық; есепке алу-бөлу; бақылау-жоспарлау; мәдени-тәрбие; кадрлар жабдықтау, 
сауда, қаржы, көлік бөлімдерінен тұрды. 
АЛЖИР лагері 30 мың га жерді Есіл мен Нұра өзендерінің аралығын алып жатты. 
Су шыққанға дейін 40 метрге дейінгі тереңдікте шурфтарды бұрғылау керек болатын. 
Лагерьде ер кісілер жоқтың қасы еді, сондықтан барлық ауыртпалық тұтқын әйелдердің 
иығына түсті.
1920-жылдардың аяғы мен 30-жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп 
қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл 
тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы 
саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол 
халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын 
қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай "үлкен террор" 
ұйымдастырылды. 
1937—1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы 
атылды десе, басқа деректер 1930—50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға 
ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады. 
Отызыншы жылдардан қалыптаса бастаған әкімшілдік-әміршілдік жүйе, ел 
өмірінде жүзеге асырылған өзгерістер кезінде жіберілген бұрмалаушылық мен қателіктер 
бұл қарсыластарды, оппозицияны туғызбай қоймады. Бұл Сталиннің жеке билігіне қауіп 
төндірді. Ол құтылудың жолын іздеді. Осы жылдары И.В.Сталин Кеңес Одағы 
социализмге қарай ілгерілеген сайын тап күресі күшейе берді деген қағида ұсынды. Бұл 
жаппай репрессияға алып келді.Қасіретті қуғындардың екінші кезеңі 1937 жылы 
басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып Т.Рысқұлов, С.Қожанов, 
О.Жандосов, ақын – жазушылардан С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгүров, тағы басқа 
ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдарі ұсталды. Сол жылы Қазақстан 
бойынша 106 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылып кетті. 
7. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ 
АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. 
Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына 
орналастырылды. Ресейдің ішкі 
аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен 
басқа 
республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 
мың адамға жетті. 
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге 
асыруда 
көптеген 
кедергілер 
кездесті. 
Ал 1937—1938 жылдары 
немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны 
қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде 
босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек 
немістерге де келді. 
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші 
толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып 
кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе 
бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. 


38 
Дегенмен 1936 жылғы 
көшірілгендер 
мен 1940—1941 жылдары 
көшірілген 
поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк 
осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген 
поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына 
алғашқылардың 
бірі 
болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—
1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-
қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың 
көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы 
эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп 
жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты 
халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын 
беруден тайынған жоқ. 
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар 
тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен 
игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен 
қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — 
Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын 
шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, 
Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық 
институты 
жабылды, корей 
тіліндегі оқулықтар 
жойылды.70 
корей 
ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік 
Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар 
балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты. 
КСРО-ның 
ұлт саясатында 30-жылдардағы 
қуғын-сүргінге иран ұлты 
да 
ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында 
тұрып 
жатқан 
ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына 
көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 
1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық 
Алматы облысы аудандарына орналастырылды. 
Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. 
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей 
империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан 
қүрамында 1923жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. 
Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз 
халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер 
Армения, 
Әзірбайжан 
аумағынан 
көшіріліп, Орталық 
Азия мен 
Қазақстанға 
қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату 
жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары 
тәркіленіп 
алынды. 
Өздері 
НКВД-ның 
катаң 
бақылауында жүк вагондарымен 
әкелініп, пен аудандарға бөліп орналастырылды. 
8. 1941 жылы маусым айының 22-де Германия бастаған соғысы барлық Кеңес 
халықтар сияқты Қазақстандықтардыңда тыныштығын бүзды. Соғыстың бірінші күнінен 
Қазақстанда әскери бөлімдер құрыла бастады. Алғашқылардан болып Панфилов
қолбасшылығындағы 316-атқыштар дивизиясы құрылды. Республикада барлық сала 
әскери жолға қайта құрылды. Ол кездегі негізгі үран: «Барлығы жеңіс үшін, барлығы 
майдан үшін» болды. 
Қазақстандықтар Москва маңындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. Сталинград,
Курск шайқастарында қазақстандықтар ерлікпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 
123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды. 


39 
Қазақстандықтар партизан қозғалысына белсена қатысты. Украина мен Белорусь 
партизан отрядтарында 3000 –дан ортық қазақстандықтар болған. Берлин үшін болған 
соғыста, Рейхстагқа жеңіс туын тігуге лейтенант Қошқарбаевтың взводы, басқада 
қазақстандықтар қатысқан. Европа антифашистік қозғалыстарында және Берлин үшін 
болған қырғын шайқаста қатысқан 150 қазақстандықтар Кеңес Одағының батыры атағын 
алды.  
Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 1 млн. 200 мың қазақстандықтар 
шақырылған. Қазақстанда жасақталған әскери бөлімшелердың ішінен неғұрлым жақсы 
соғысқан 5 құрама гвардияшіл деген құрметті атақ алды. Көрсеткен ерлігі үшін 500-дей 
қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олардың ішінде қазақ халқының 
данқты қыздары Мәншүк Мәмедова, Әлия Молдағұловалар, екі рет Кеңес Одағы Батыры 
болған Т.Ж.Бигельдинов, С.Луганский, Н. Беда, И. Павлов және атақты командир, Кеңес 
Одағы Батыры атағы ең соғы болып 1990 жылы берілген Бауыржан Момышұлы болды. 
Майдандағы ерлігі үшін 97 мың қазақстандықтар ордендермен, медалдармен 
марапатталды. 
ҰОС-ы майдандарын және мемлекеттің орталық аудандарын қамтамасыз етуде 
қазақстандықтар өз үлесін қосты. 
КСРО-нің батыс аймақтарын, соның ішінде бірқатар астық өндіретін аудандарын 
немістер басып алған жағдайда Қазақстан елдің астықты аудандарының біріне айналды.
1942 жылда Қазақстаннің егіс алаңы 1940 жылдағыдан 1 мпн. гектарға артты. Ыбрай
Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Анна Дацкова сыяқты еңбек ерлері шықты. 
Республикада соғыстың алғашқы күнінен мемлекет қорғаныс қорына қаржы жинау 
басталды. Жұмысшылар мен қызметшылар жексенбіліктер ұйымдастырып, тапқан 
қаржысын қорғаныс қорына аударып отырды. Бұл қорға Қазақстандықтар өз жеке 
қаржыларынан 1 млрд. сом қаржы жинаған. Республика еңбекшілері «Қазақстан 
колхозшысы», «Қазақстан комсомолы» т.б. танк бірлеспелерін , самолеттар құруға 
қаржы фонддарын құрды, оған 723 млн. сом жинаған. 
Атақты балуан Қажымұқан Мұнайтпасов өзінің жираған ақсасына әскери самолет 
дайындатып, майданға жіберген.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы 
үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс 
елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының 
күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдруды талап етті. Қазақстан 
еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет