Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет38/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70
 
4.Білім  -  қоғамды  әлеуметтік,  мәдени-ғылыми  прогреспен  қамтамасыз  ететін 
ғажайып  құбылыс,  адам  үшін  де,  қоғам  үшін  де  ең  жоғары  құндылық.  Оның  ең  негізгі 
қызметі  -  адамның  менталитетін,  адамгершілігін,  шығармашылық  қабілетін 


69 
 
қалыптастыру,  дамыту.  Осыған  орай  егеменді  еліміз  өзінің  дамуының  ең  басты  алғы 
шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. 
Білім  беру  сатыларының  сабақтастығын  камтамасыз  ететін  білім  беру  процесінің 
үздіксіздігі,  оқу  мен  тәрбиенің  бірлігі,  білім  беруді  басқарудың  демократиялық  сипаты, 
білімнің,  ғылымның  және  өндірістің  интеграциялануы,  ақпараттануы,  оқушыларды 
кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т.т.  – білім 
беру  саласындағы  мемлекеттік  саясаттың  негізгі  принциптері.  Сонымен  қатар  Қазақстан 
Республикасының  ғылым  және  ғылыми-техникалық  саясат  тұжырымдамасында  да 
ғылымды  демократияландыру,  интеграциялау,  инновациялық  процестің  білім,  ғылым 
саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген. 
Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты-ұлттық білім моделін жасау. 
Ұлттық  білім  үлгісінің  негізгі  бағыты-адамды  қоғамның  ең  негізгі  құндылығы 
ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму 
ерекшелігіне  мән  беру,  сол  арқылы  оның  рухани  жан-дүниесінің  баюына,  саяси 
көзқарасының,  шығармашылық  еркіндігі  мен  белсенділігінің,  кәсіби  іскерлігінің 
қалыптасуына  жағдай  жасау,  мүмкіндік  беру.  Яғни,  XXI  ғасырдың  маманы  – 
жаратылыстану  мен  гуманитарлық  ғылымдар  бойынша  ой-өрісі  кең,  жан-дүниесі  бай, 
ұлттық  менталитеті  жоғары,  кәсіби  білікті  маман,  адамдармен  дұрыс  қарым-қатынас 
жасай  алатын,  басқаның  пікірімен  санасатын,  кез  келген  ситуациядан  шығудың  жолын 
таба  алатын,  жауапкершілік  сезімі  жоғары,  қоғамда  белгілі  бір  рөл  атқаратын, 
қайталанбайтын  дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі  - жоғары білімде. 
Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді 
тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, 
тірегі  ретінде  тану,  соған  мүмкіндік  жасау  қажет.  Ұлттық  үлгідегі  жаңа  парадигманың 
негізгі  бір  мәселесі  –  білімгерге  іргелі  де  терең,  тиянақты  да  жүйелі  білім  беру.  Іргелі 
білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-
тәсілдерін  білуге,  өзін-өзі  дамытуға,  өз  бетімен  білім  алуға,  ізденуге  іштей  қажеттілігін 
туғызу. 
Еліміздің  егемендік  алып,  қоғамдық  өмірдің  барлық,  соның  ішінде  білім  беру 
саласында  жүріп  жатқан  демократияландыру  мен  ізгілендіру  мектепті  осы  кезге  дейінгі 
дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. 
Білім  мазмұны  жаңа  үрдістік  біліктермен,  ақпаратты  қабылдау  қабілеттерінің 
дамуымен,  ғылымдағы  шығармашылық  және  нарық  жағдайындағы  білім  беру 
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда: 
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана 
отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу
 •  Білімнің  статистикалық  үлгісінен  ақыл-ой  әрекетінің  динамикалық  құрылым 
жүйесіне көшу; 
•  Оқушыға  орташа  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,  саралап  оқыту 
бағдарламасына көшу. 
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, 
дүние  жүзілік  қауымдастықтағы  орны  мен  салмағы  сол  елдің  технологиялық  даму 
деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы 
елдегі  білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне 
келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және 
мәдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр.  Ендеше  қазіргі 
заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. 
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың 
мәселелері  де  сан  қырлы.  Қазіргі  кездегі  Республикамызда  қолға  алынған  білім  беру 
жүйесін  реформалау  ісі  осы  саланың  экономикалық-ұйымдық,  құқықтық,  құрылымдық 
жақтарын  түбегейлі  өзгертуге  бағытталған  біртұтас  кешенді  шаралармен  тығыз 


70 
 
байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын 
айқындаушы дәйекті факторлар: 
 •    Қазақстан     Республикасының      тәуелсіз     егеменді  мемлекет  болып 
қалыптасуы; 
•   экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту; 
•   ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр. 
Кез  келген  диалектикалық  даму  үрдісі  секілді  нарықтық  экономика  жағдайына 
байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның 
өзі  мамандардан  кәсіби  икемділік  пен  ұтқырлықты,  сан  қырлы  шығармашылық  қызмет 
пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді. 
Білім  беру  реформасын  одан  әрі  тереңдете  жүргізу  жаңа  замандық  база  жасауды 
қажет  етіп  отыр.  Ең  алдыменен,  ел  экономикасының   нарықтық  жаңа  кезеңіне  өту 
барысындағы  білім  жүйесін  қалыптастыратын  заң  баптары  керек  болды.  Азаматтардың 
білім  алу  құқығын  айқындайтын  Қазақстан  Республикасы    Конституциясының    30-
бабының    қағидасын  толығырақ    мазмұндап,    білім    берудің    мемлекеттік    емес 
секторларының  орны  мен  рөлін,  шетелдік,  халықаралық,  діни  білім   беру 
ұйымдарының  
құқықтық 
негіздерін  
нақтылап, 
білім 
      
мекемелерінің      
жаңа      
әлеуметтік-экономикалық 
жағдайдағы    қызметтік    міндеттерін    белгілеу    қажеттілігі туындады. 
 
5.2010  жылы  1  ақпанда  Қазақстанда  "Интеллектуалды  ұлт  -  2020"  мемлекеттік 
бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 
2008  жылы  30-қаңтарда  "Болашақ"  бағдарламасының  стипендиаттарына  арналған 
форумда  мәлім  еткен  еді.  Оның  негізгі  мақсаты  -  қазақстандықтарды  жаңа  формацияға 
тәрбиелеу,  Қазақстанды  бәсекелестікке  қабілетті  адам  капиталына  бай  елге  айналдыру. 
Бұл  мемлекеттік  бағдарлама  үш  басым  бағыт  негізінде  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Бірінші 
басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. 
 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасымен  өмірге  келген  «Интеллектуалды 
ұлт-2020»  жобасының  атқарар  рөлі  өлшеусіз.  «Мен  «Интеллектуалды  ұлт-2020»  ұлттық 
жобасы  идеясымен  бөліскім  келеді.  Оның  негізгі  мақсаты  –  қазақстандықтарды  жаңа 
формацияға  тәрбиелеу.  Қазақстанды  бәсекелестікке  қабілетті  адам  капиталына  бай  елге 
айналдыру»,  деген  еді  Елбасы.  Жобаның  басым  бағыттары  ретінде  негізгі  үш  бағыт 
айқындалды.  Интеллектуалды  адам  капиталын  қалыптастырудың  бірінші  алғышарты 
ретінде  Мемлекет  басшысы  білім  беру  сапасын  өскелең  талаптарға  сай  дамытуды  атап 
көрсетті.  «Интеллектуалды  ұлт»  жобасының  екінші  басым  бағыты  ретінде  ғылымды 
дамыту  және  еліміздің  ғылыми  әлеуетін  арттыру  мәселесі  күн  тәртібіне  қойылды. 
Жобаның үшінші бағыты ретінде инновациялық даму жүйесіне басымдық берілуде. Енді 
осы  үш  басым  бағыттың  қазіргі  таңдағы  ахуалын  саралап  көрейік.  Тәуелсіздік  алған 
ширек  ғасыр  ішінде  еліміздің  білім  саласы  реформадан  кенде  болып  көрген  емес.  Бір 
кездері  әлемдегі  ең  озық  үлгі  ретінде  танылған  кеңестік  білім  беру  жүйесінен 
ауылымызды  аулақ  салып,  архивке  аттандырдық.  Ол  заңды  да  шығар.  Ақпараттық 
технология  ғарыштап  дамыған  жаһандану  жағдайында  көненің  көзіндей  болған  кеңестік 
білім беру жүйесінің заман сұранысына жауап бере алмағаны анық. Алайда, ең өкініштісі, 
ұзақ жылдар  бойы халқымызды  ағарту саласының өзегі болып  келген сол кеңестік  білім 
беру  жүйесінің  орнын  алмастыратын  тиімді  де  озық  үлгіні  әлі  де  таба  алмай  келе 
жатырмыз.  Соңғы  кезеңде  Білім  және  ғылым  министрлері  екі-үш  жылда  бір  ауысады. 
Жаңадан тағайындалған министр білім саласында өзінің реформаларын жүргізе бастайды. 
Келесі  келген  министр  бұл  бастамаларды  жылы  жауып  қойып,  өзінің  көңіліне  қонған 
өзгерістерді енгізеді. Сөйтіп, «апам да аң-таң, мен де аң-таңмын» дегендей, жүздеген мың 
мұғалім жаңа министр енгізген өзгерістердің қыры мен сырын түсінуге ден қояды. Міне, 
дәл қазіргі күні де еліміздің 300 мыңдық мұғалімдер корпусы Білім және ғылым министрі 


71 
 
Ерлан Сағадиев енгізген білім берудің жаңартылған мазмұнын жүзеге асыруға жұмылған. 
Әлемдік  өркениет  шоғырында  ат  төбеліндей  ең  дамыған  отыз  елдің  қатарына  ұмтылған 
Тәуелсіз Қазақстанның бағдарға алған шоқ жұлдызы – «білім – ғылым – инновация». Осы 
жылдар  ішінде  еліміздің  білім  саласында  жетістіктер  болмады  деп  ауызды  құр  шөппен 
сүрткен де жарамас. Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің бүкіл мектеп жасына 
дейінгі  тәрбие  мекемелерін  қамтыған  «Балапан»  бағдарламасы,  интеллектуалды  ұлт 
қалыптастырудың  негізі  болып  табылатын  20  Назарбаев  зияткерлік  мектептерін  ашу 
бастамасы білім саласындағы бірегей жетістіктер екендігі даусыз. Әлемдік сапа дәрежесі 
мен  инновациялық  білім  беруге  негізделген  жаңа  үлгідегі  интеллектуалды  мектептердің 
мақсаты  экономикалық  және  әлеуметтік  өмірдің  барлық  саласына  бәсекеге  қабілетті 
болашақ кадрларын тәрбиелеу болып табылады. Мемлекеттің интеллектуалды әлеуетінің 
негізі,  бәсекеге  қабілеттілігінің  басты  көрсеткіші  –  сапалы  білім,  сындарлы  ғылым. 
Жоғары оқу орындары (ЖОО) жүйесі – қазақстандық білікті кадрларды қалыптастыратын 
және  еліміздің  интеллектуалды  әлеуетін  дамытатын  орта.  Бұл  жүйе  қаншалықты  тиімді 
жұмыс  істесе,  елдің  экономикасы  да  соншалықты  дәрежеде  дамитын  болады.  Бүгінде 
Қазақстандағы ЖОО-лар 200-ден астам мамандық түрі бойынша кадрлар даярлайды екен. 
1990  жылдан  бері  елімізде  ЖОО-ларда  оқитындар  саны  үш  есе  артты.  Сөйтіп  Қазақстан 
ЖОО-лар  саны  жағынан  әрбір  миллион  тұрғынға  шаққанда  Ұлыбритания,  Германия, 
Жапония сияқты көшбасшы елдердің өзін басып озыпты. Ең өкініштісі, ЖОО жүйесіндегі 
сандық  көрсеткішке  сапалық  дәреже  мүлде  сәйкес  келмейді.  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  мәліметі  бойынша,  елімізде  ЖОО  бітіргендердің  50  пайызы  ғана  алған 
мамандықтары  бойынша  еңбек  етеді.  Қазақстанда  тек  педагог  кадрларын  даярлайтын  89 
ЖОО  (оның  33-і  мемлекеттік,  56-сы  жекеменшік)  бар  екен.  Жыл  сайын  осы  оқу 
орындарын бітіретін 34 мың түлектің тек 10 мыңы ғана мектепке келіп, мұғалім болады. 
Ал  заңгерлер  мен  экономистерді  даярлайтын  ЖОО-лар  қанша,  бұл  оқу  орындарынан 
«мүйізі қарағайдай» диплом алып шығатын «мамандар» қанша десеңізші?! Қазір еліміздің 
ЖОО-лары  даярлап  жатқан  бакалаврлар  мен  магистрларды  еңбек  рыногы  жұмыспен 
қамтамасыз ете ала ма? Біздің экономикамыз үшін жыл сайын ЖОО-ларды тәмәмдайтын 
мыңдаған экономистер мен қаржыгерлер қажет пе? Жыл сайын Үкімет бюджеттен бөлетін 
миллиардтаған теңге гранттардың өтемі қайда? Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды, 
бүгінгі күнге дейін еліміздің білім беру саласы мен еңбек рыногының арасында ешқандай 
байланыс  болмай  отыр.  Еліміздің  жоғары  оқу  орындары  еңбек  рыногының  сұранысын 
зерттеп,  экономикамыздың  қажетін  өтеуге  толық  дәрежесінде  қызмет  атқарып  отырған 
жоқ.  Бұл  мәселелер  төңірегінде  біз  Батыстың  дамыған  елдерінен  әлі  де  көп  нәрсені 
үйренуіміз  керек-ақ.  Мәселен,  өркениетті  Еуропа  елдерінде  мектеп  түлектерінің  тек  20 
пайызы  ғана  жоғары  білім  алуға  ден  қояды.  Жоғары  білімсіз  де  қоғамға  қажетті  нағыз 
кәсіби  мамандық  иесі  болуға  болады.  Білікті  мишинист,  іскер  шаштараз  да  қоғамның 
қозғаушы  күші  болуға  лайық.  Жалпы,  білім  мен  біліктілік  ұштасқанда  ғана  экономика 
жемісті болмақ. 
1999 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да 
жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Осы жаңа модельге сай 
білім беру жүйесі 4 деңгейге: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, 
жоғары  кәсіби  білімге,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіби  білім  беруге  бөлініп,  1997 
жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім беру жіктемесіне мейлінше сәйкестендірілді. 
Мектеп  жасына  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  шеңберінде  5  (6)  жасар  балаларды 
міндетті  түрде  мектепалды  даярлықтан  өткізу  көзделген.  Бұл  -  мектепке  оқуға  қабылдау 
барысында балаларға бірегей бастау мүмкіндігін тудыратын маңызды шара болмақ. 
Жаңа  модельге  сәйкес  орта  білім  беру  жүйесі  жалпы  орта,  бастауыш  кәсіби  және 
орта білім беруді қамтиды. 
Базалық  білім  мектеп  қабырғасында  беріледі.  Тоғызыншы  сыныпты  бітіргеннен 
кейін  оқушылар  тек  кәсіптік  мектептерде  ғана  емес,  сонымен  қатар  кәсіби  орта  білім 
беретін оқу орындарында да оқуын жалғастыра алады. 


72 
 
Жоғары  кәсіби  білім  беру  құрылымы  үш  сатыдантұрады:  жоғары  базалық  білім 
(бакалавриат), 
жоғары 
арнаулыбілім, 
жоғары 
ғылыми-педагогикалық 
немесе 
мамандандырылған білім (магистратура). 
 
6. 
Бүгін  өткен  жүз  жылдықтың  60-шы  жылдарында  кеңінен  таралған  тұтыну-
шылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идеологиясы бүл-
діруші  болғанына  бүгін  бүкіл  әлем  ерекше  көз  жеткізіп  отыр.  Ол  әлемнің  дамыған 
елдерінде  жаппай  әлеуметтік  масылдық  туындатты  және  жаһандық  дағдарыстың  басты 
себептерінің  бірі  болып  табылады.  Тек  бүкіл  әлемде  ғана  емес,  сондай-ақ  тіпті  дамыған 
елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға 
болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады. Бұл 
жерде  ешқандай  өзіндік  идеология  ойлап  шығарылмайды.  Ақыр  аяғында,  әлемдік 
өркениеттің  барлық  құндылықтары,  барлық  экономикалық  және  мәдени  байлықтар 
виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан біздің 
әлеуметтік  жаңғырту  саясатының  негізіне  шынайы  өндірістік  еңбекті  қоюға  тиіспіз. 
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтін көкжиекте ойлап табылмаған. Бұл - 
практикалық, прагматикалық идея.  
Бүгінде  еңбек  -  ХХІ  ғасыр  жағдайындағы  шешуші  ұлттық  фактор  ретінде, 
жаһандық  бәсекелестік  жағдайында,  -  алдыңғы  кезекке  ілгерілетілуі  тиіс.  Әлеуметтік 
жаңғырту  бүгінде  ықтимал  сынақтар  мен  тәуекелдер  туралы  анық  түсінік  болуын  талап 
етеді.  Және  мұны  тек  барлық  деңгейдегі  мемлекеттік  қызметшілер  ғана  емес,  сондай-ақ 
әлеуметтік  жаңғыртулар  бағытталып  отырған  бүкіл  қоғам,  барша  халық  түсінуге  тиіс. 
Бірінші. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңғырту барынша синхронды жүруі тиістігін 
ескеруіміз қажет. Жаңа өндірістер, білім беру мен ғылымның жаңа жүйелері, орта тапты 
дамыту,  әлеуметтік  кепілдемелерді  кеңейту  қазақстандықтар  санасында  үлкен  өзгерістер 
қалыптастыруы тиіс. Ал бұл әлеуметтік қатынастың барлық жүйесін дер кезінде түзетуді 
талап  ететін  болады.  Екінші.  Шетелдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғанындай,  жаңғырту 
үдерістері  азаматтар  белсенділігінің  күшеюімен,  олардың  шығармашылық  әлеуетінің 
ашылуымен қосарлана жүреді. Сондықтан, адамдардың өзінің құқықтары мен бостандық-
тарын  белсенді  қорғауға  деген  ұмтылыстары  кеңейіп,  қоғамның  өзін  өзі  ұйымдастыру 
дәрежесі  жоғарылайтын  болады.  Үшінші.  Қазақстанда  мемлекет  -  әлеуметтік  жаңғырту 
үдерістерінің  бастамашысы  және  басты  қозғаушы  күші.  Бүгінде  қоғамда  жалпы  білім 
беретін мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет - шетсіз-
шексіз  донор  емес,  азаматтар  әл-ауқатының  өсуі  үшін  жағдай  туғызатын  әріптес  деген 
ұстаным  қалыптастыру  маңызды.  Мемлекеттің  стратегиясы  әлеуметтік  қорғаудан 
әлеуметтік  прогреске  бағытымен  құрылады.  Бұл  масылдыққа  жол  жоқ  дегенді  білдіреді. 
Тек  осындай  жағдайда  ғана  Қазақстан  қоғамы  патернализм  инерциясын  еңсере  алады. 
Төртінші. Әлеуметтік жаңғырту жолындағы айтарлықтай кедергі әлеуметтік инфантилизм 
секілді  кең  тараған  құбылыс  болып  табылады.  Оның  негізінде  90-шы  жылдардағы 
«жабайы  капитализмнің»  өтпелі  бастапқы  кезеңінде  «жабысқан»  еңбекке  өңі 
айналдырылған,  теріс  көзқарас  жатыр.  Бұл  игілікке  жетудің  алдамшы  формуласы  -  «аз 
жұмыс  істеп,  көп  табу»,  «ауадан  ақша  жасау»  және  тағы  басқаларды  абсолютке  көтерді. 
Әлеуметтік  инфантилизммен  зорайтылған  дөрекі  тоғышарлық  жаңғыртудың  тежегіші 
болуға қабілетті. Бесінші. Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырту БЭК шеңберіндегі интегра-
циялық  үдерістер  аясында  жүруде.  Қазақстан  тәуелсіз  даму  жылдарында  әлеуметтік 
саланы  реформалаудың  бірқатар  параметрлері  бойынша  ТМД  елдерінің  алдын  орап,  өз 
әріптестерінен  ілгері  озып  кетті.  Бұл  зейнетақы,  банк,  несие-қаржы  жүйелері,  ТКШ, 
ішінара білім беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларына қатысты. Біз көп 
жағдайда  масылдық  деңгейін  төмендеттік.  Сондықтан  Қазақстанға,  әлеуметтік 
реформалардың  көшбасшысы  ретінде,  өзіне  бастамашылдық  алып,  біздің  еуразиялық 
интеграция бойынша барлық әріптестеріміз үшін тартымды болып табылатын әлеуметтік 
жаңғыртудың біртұтас моделін жасау маңызды.  Жаңғырту саясатын құруда  барлық сын-


73 
 
қатерлерді жай ғана есепке алып қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар 
қабылдау маңызды. Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: мен бірінші 
кезекте  өз  басымдағы  инерцияны  жеңу  үшін  не  істедім?  -  деп  сұрауы  тиіс.  Әлеуметтік 
жаңғырту: мақсаты, міндеттері, қағидаттары Жолдау-2012 әлеуметтік саладағы жаңғырту 
үдерістеріне  қуатты  серпін  берді.  Алайда,  іс  жүзінде  әзірше  проблематикалардың  ең 
үстіңгі  «қабаты»  ғана  «ашылды».  Осы  себепті,  олар  одан  әрі  шешуді  қажет  етеді. 
Сондықтан,  әлеуметтік  жаңғыртудың  барлық  мемлекеттік  органдар  басшылыққа  алуы 
тиісті барлық үдерістерін түсінудің біртұтас пішінін айқындау маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет