Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет9/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2 (1)

 
7.  Партияның  X  съезі  (8  наурыз,  1921  ж.)  көтерілісшілерді  айыптағанмен, 
экономикалық  саясатты  өзгертуге  мәжбүр  болды.  Съезд  шаруашылық  мүддені  іске 
қосудың  жаңа  жүйесін  жасаудың  шараларын  белгіледі,  яғни  «Соғыс  коммунизм» 
саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. 
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке 
капиталды  өндіріске  ендіруге  рұқсат  берді.  Мемлекеттік  жерлер,  кішігірім  мемлекеттік 
кәсіпорындар белгілі мерзімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға берілді. Сауда 
бостандығы  жүзеге  асырылды,  яғни  мемлекеттің  бақылауымен  жеке  саудаға  рұқсат 
берілді. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналып, 


28 
 
сонымен  қатар  мемлекеттік  және  кооперативтік  сауда  да  дамуы  тиіс  болды.  Жеке  ауыл 
шаруашылық  қожалықтарына,  жеке  меншіктегі  кішігірім  кәсіпорын  иелеріне  жалдамалы 
еңбекті  пайдалануға  рұқсат  берілді.  Еңбекке  деген  міндеткерлік  және  еңбек  армиялары 
жойылды.  Өндіріс  орындарын  жұмысшы  күшімен  қамтамасыз  ету  еңбек  биржалары 
арқылы  жүзеге  асырылатын  болды.  Елдегі  ақша  жүйесін  нығайту,  ақысыз  қызмет 
көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. 
Жаңа  экономикалық  саясаттың  аясында  қабылданған  міндеттердің  ішіндегі  ең 
маңыздысы  —  азық-түлік  салғыртын  азық-түлік  салығымен  алмастыру  туралы  шешім 
болды.  Азық-түлік  салғырты  кезінде  шаруа  қожалықтары  өндірілген  өнімнің  өзін 
қамтамасыз  етуге  қажетті  үлесінен  артығын  мемлекетке  тапсыруға  міндетті  еді.  Азық-
түлік  салығының  ендірілуі,  яғни  белгіленген  мөлшердегі  ғана  салықты  өтеуге 
байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. 
Бұл  ендірілген  салық  жүйесіндегі  өзгеріс  өндіруші  шаруа  қожалықтарына  өте  қолайлы 
болды.  Себебі,  олар  өндірілген  өнімнің  белгілі  мөлшерін  ғана  мемлекетке  тапсырып, 
қалған  өнімді  сатуға  немесе  өзінің  басқа  қажеттерін  етеуге  мүмкіндік  алды.  Осыған 
байланысты  енді  шаруа  қожалықтары  егістік  көлемін  ұлғайтуға,  сөйтіп  өнімді  көп 
өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға   ынталы болды. 
ЖЭС-тіің аясында нарықтық қатынастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. 
Ал  ол  болса  ақшаның  тұрақтануына  әсерін  тигізді.  0сы  жағдайға  байланысты  ЖЭС-тің 
алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның XIIсъезі (1923 ж. сэуір) 
ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің 
тек  ақшалай  түріне  толық  көшірілді.Осы  жылы  ақпан  айында  Кеңес  үкіметі  ақша 
реформасын  жүргізіп,  кеңестік  ортақ  жаңа  ақша  өлшемі  тұрақты  сомды  енгізді.  Осы 
жағдайлар  Қазақстанда  жәрмеңкелік  сауданың  кең  өрістеуіне  жол  ашты.  1926  жылы 
Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына  — Ойыл, 
Қоянды,  Қарқара,  Темір,  Көкшетау,  Атбасар  жәрмеңкелерін  жатқызуға  болады.  Осы 
кездеп  жәрмеңке  саудасының  жалпы  айналымы  20—23  млн.  сомды  құрады.  Сондай-ақ, 
осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының  дамуына ықпалын 
тигізді. 
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су 
реформасы  болды.  Реформаның  негізгі  міндеті  1920  жылы  құрылған  ҚАКСР-нің 
аумағында  қазақ  жерлерін  біріктіру  болды.  Патшалық  биліктің  жүргізген  саясаты 
нәтижесінде  Қазақстанда  жер  мәселесі  өте  құрделі  мәселелердің  біріне  айналған  еді. 
Осыған байланысты Қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізші жетекші орган 
-  Жер  комитеті  құрылды.  Ол  қазақ  автономиясы  аясында  қазақ  жерлерін  біріктіру 
мақсатымен  1921  жылы  7  ақпанда  декрет  қабылдады.  Қазақ  АКСР-нің  Жер  комитеті 
қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып 
алынып,  пайдаланылмай  тұрған  Семей,  Ақмола,  Торғай  және  Орал  облыстарындағы  бос 
жатқан  жерлер,  олардың  1917  жылға  дейін  алынғанына  қарамастан  қазақтарға 
қайтарылады.  1921  жылы  19  сәуірде  Жер  комитеті  кезінде  патша  үкіметінің  Сібір  және 
Орал  казак  әскерлерінің  тартып  алған  жерлерін  қазақтарға  қайтару  туралы  шешім 
қабылдады.  Осы  декретке  сай  қазақтар  Ертіс  өзені  бойында  177  мың,  Орал  өзені 
жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды. 
1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті "Қазақстанда негізгі 
еңбекпен жерді пайдалану туралы" заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң 
бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға 
сәйкес  құжатталған  жағдайда  ғана  оны  пайдаланушы  сол  жердің  иесі  болады.  Ал  даулы 
жерлерге  заңға  негізделген  съездің  немесе  жер  органдарының  шешімі  қажет 
болды.Алайда осы негізгі заңнан соң 1922 жылы 30 қазанда Кеңес үкіметі Ресей аумағын 
түгел  қамтыған  "Жер  кодексін"  қабылдады.  Осы  кезден  бастап  жер  туралы  бүкіл 
мәселенің  бәрі  мемлекеттің  идеологиялық  құндылықтарына  негізделген  құқыққа  ие 
болды.  Бұл  кодекс  бойынша  жермен  тұрғылықты  халық  қамтамасыз  етілуі  керек  болды. 


29 
 
Сонымен  бірге  автономияларға  қосымша  ұсыныстар  мен  негіздемелер  жасауға  рұқсат 
етілді. Бұл кодекс отырықшы-егіншілікпен айналысатын аудандарды қамтыды да, көшпелі 
аудандар мүлде кірмей қалды. Соның салдарынан қазақ қоғамы жермен толық қамтамасыз 
етілмеді. 
Кеңес  үкіметі  патшалық  үкіметтің  жер  мәселесіндегі  отарлық  саясатын  жойғысы 
келгенімен,  іс  жүзінде  жерді  пайдалануды  таптық  тұрғыдан  шешті.  Соның  нәтижесінде 
жергілікті қазақ халқы мен  қоныс аударушылардың құқығы теңестірілді. Осы жағдайлар 
жер және жерге орналастыру мәселесін шешуді өте қиындатқанымен, жаңа экономикалық 
саясат  шеңберінде  азық-түлік  салғыртының  азық-түлік  салығымен  алмастырылуы  3—4 
жыл  ішінде  қазақ  ауылы  мен  деревнясын  дағдарыстан  шығара  бастады.  1925  ж.  егістік 
жердің  көлемі  3  млн.  гектар  болса,  1928  жылы  4  млн.  гектарға  жетті,  яғни  бұл  1913 
жылдың (4,4 млн. га) деңгейіне жеткендігін көрсетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналса, 
1927  ж.  астықтың  жалпы  түсімі  104  млн.  пұтты  құрады.  1925  ж.  мал  саны  1922  ж. 
салыстырғанда екі есе өссе, 1925—1928 ж. аралығында жыл сайын 5%-ке артып отырды. 
Сөйтіп,  Кеңес  үкіметінің  елдің  өнеркәсібін  қалпына  келтіру  мақсатында 
жүргізілген  шаралары  кейін  республика  экономикасына  орталықтың  үстемдігінің 
мейілінше  күш  алуына  әкелді.  Өндіріс  орындарын  орталықтанған  трестерге  біріктіру, 
сонымен  бірге  өндіргіш  күштерді  региондарға  орналастыруда  кемшіліктерге  жол  ашты, 
яғни Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімге шикізаттық сипатын айқындады. 
ЖЭС  аясында  Республиканың  халық  шаруашылығында  болған  өзгерістер  елдің 
дағдарыстан  шыққанын,  экономикалық  дамуда  жаңа  үрдістің  кең  етек  жайғанын 
көрсетеді.  Елдің  шаруашылық  жүйесі  нарықтық  экономика  қатынасына  біртіндеп  енді. 
Өлкенің  экономикасы  көп  укладты  сипатқа  ие  бола  бастады,  яғни  әртүрлі  меншік 
түрлерінің  қатар  өмір  сүру  мүмкіндігі  пайда  болды.  Меншіктің  әртүрлі  түрлерінің 
қалыптасуы,  олардың  арасындағы  бәсекелестік  пен  ұдайы  өндірістегі  бірін-бір 
толықтыруы  халық  шаруашылығының  алға  даму  бағытын  айқындады.Большевиктер 
таптық мүддені қорғау принциптерінен ажырамаса да, жаңа экономикалық саясат аясында 
мемлекеттің  экономикаға  араласуы  шектелді.  Мемлекет  белгілі  мөлшерде  ғана 
көпукладты  ұдайы  өндірісті  кредит,  салық  жүйелері  аркылы  ғана  реттеп  отырды. 
Экономикалық өмірдің нақты дамуын қамтамасыз ететін мұндай саясат өте орынды еді. 
Ұзақ  әлеуметтік  даму  барысында  қалыптасқан  дәстүрлі  тауарлы  шаруашылық 
мемлекет  тарапынан  ендірілген  мұндай  реттеуші  бақылауға  сәйкес  келмеді.  Мемлекет 
тарапынан  жүргізіліп  отырған  мұндай  саясат  ұсақ  ауыл  шаруашылық  өнімдерін 
өндірушілер  тарапынан  қарсылық  тудырды.  Олар  өндірген  өнімдерін  төменгі  бағамен 
сатудан  бас  тартты.  Алайда  бұл  қарсылықты  мемлекет  өзі  жүргізіп  отырған  саясаттың 
кемшілігінен  деп  есептемеді.  Керісінше  ол  қарсылықты  тап  жауларының  іс-әрекеті  деп 
бағалады.  Мемлекет  тарапынан  жеке  шаруа  қожалықтарына  қарсы  бақылауды  күшейтті. 
Ұсақ  тауар  өндірушілерді  әкімшілік  жолмен  бақылау  мен  ығыстыру  саясаты  сауданы 
шектеуге, яғни ЖЭС-тің шектелуіне әкелді. 
Мұндай жағдай "соғыс коммунизм" саясаты тұсындағы әкімшілік басқару әдістерін 
жандандырды. 
Экономикалық 
даму 
жүйесіне 
әкімшілік 
тұрғыдан 
араласу 
большевиктердің  негізгі  жұмыс  әдісіне  айналды.  Таңдау  мүмкіндігі,  еркіндік, 
шаруашылық  еріктілік  туралы  заңдар  тек  қағаз  жүзінде  қалып  отырды.  Экономиканы 
жоспарлы  түрде  дамыту  идеясы  күш  алды.  Дағдарыстардың  бәрі  осы  жоспарлаудағы 
кемшіліктерден  деп  есептелді.  Жергілікті  партия  және  кеңес  органдары  кооперацияны 
басқаруда  әкімшілік  әдіске  жиі  сүйенді.  Алайда  экономиканы  мемлекеттің  тарапынан 
жоспарлы  түрде  дамыту  мен  әкімшілік  басқару  әдістері  нарықтық  қатынаспен  сәйкес 
болмады.  Соған  қарамастан  таптық  идеологияны  ту  еткен  Кеңес  үкіметі  экономиканы 
жоспарлы  түрде  дамыту  идеясына  сүйеніп,  1925  жылдың  аяғында  өнеркәсіп  өндірісін 
халық  шаруашылығының  жетекші  саласы  етіп  белгіледі  және  оның  жоғары  қарқынмен 
дамуын  қамтамасыз  етті.  Бұл  ЖЭС  аясында  қалыптасқан  көпукладты  ұдайы  өндірістік 
жүйенің  қатар  даму  барысын  шектеді,  яғни  20-жылдардың  аяғында  ұсақ  тауар 


30 
 
өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, 
яғни ЖЭС тоқтатылды. 
 
8. Кеңес өкіметі өзінің билігін Ресейдің империялық езгісін тартқан Орталық Азия 
мемлекеттеріне  де  орната  бастайды.  Ол  кезде  Орталық  Азия  мемлекеттері  аумағының 
басым бөлігі Түркістан генерал-губернаторлығына бағынышты болатын.Жалпы Түркістан 
АССР-і 1918-1924 жж. аралығында өмір сүргені барша қауымға мәлім. Сондықтан да осы 
аралықтағы  Түркістан  республикасының  конституциялық  дамуын  шартты  түрде  үш 
кезеңге бөлуге болады. 
Бірінші   кезең   1918  жылдың   30  сәуірінен  1918  жылдың  15  қазанына  дейінгі 
аралықты  қамтиды.  Яғни,  Түркістан  республикасының  ресми  түрде  құрылуынан  бастап 
алғашқы  конституция  қабылданғанға  дейінгі  кезең.  Бұл  аралықта  конституцияның  рөлін 
1918  жылы  30  сәуірде  қабылданған  Түркістан  республикасын  құру  туралы  Ереже 
атқарады. 
Екінші   кезең   1918  жылдың  15  қазанынан  1920  жылдың  24  қыркүйегіне  дейінгі 
аралықты  қамтиды.  Яғни,  Түркістан  республикасының  алғашқы  негізгі  заңының  әрекет 
ету  аралығы.  Бұл  конституция  Кеңес  өкіметінің  қалыптасу  кезеңін  көрсетеді.  Асығыс 
қабылданған конституция өтпелі кезеңнің бет-бейнесін көрсетеді. 
Үшінші  кезең  1920  жылдың  24  қыркүйегінен  1924  жылдың  желтоқсан  айына 
дейінгі  аралықты  өамтиды.  Яғни,  Түркістан  рсепубликасының  екінші  рсеми 
конституциясының  әрекет  ету  аралығы.  1924  жылғы  желтоқсандағы  Түркістан  АССР-ін 
тарату туралы шешім қабылданғанға дейінгі аралықта әрекет етті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет