6.2. Есептеудің графикалық әдісі
Сызықты емес тізбектер графикалық және аналитикалық екі әдіспен есептеледі. Графикалық әдіс жиі қолданылады. Графикалық есептеу кезінде сызықты емес тізбектің тоғы мен кернеуі тізбекке кіретін элементтердің вольт-амперлік сипаттамасынан анықталады.
Тармақталмаған тізбекте (сур. 6.2) вольт-амперлік сипаттаманы сызықты емес элементтердің сипаттамаларымен анықтау қажет. Негізінен U(I) U1 (I) U2(I),
мұндағы U1 He1 элементіндегі кернеу;
U 2 He2 элементіндегі кернеу.
Тізбектің вольт-амперлік сипаттамасын элементтердің вольт-амперлік сипаттамаларының абсциссаларын қосу арқылы анықтайды (сур. 6.3).
Cур. 6.2. Тармақталмаған тізбек Cур. 6.3. Тізбектің ВАС-сы
Сызықты емес элементтердің тармақталған қосылуында (сур. 6.4) Кирхгофтың бірінші заңы бойынша тоқ мынаған тең:
I(U) I1(U) I2(U).
Cур. 6.4. Тармақталған тізбек Cур. 6.5. Тізбектің ВАС-сы
Сонымен, тізбектің вольт-амперлік сипаттамасын элементтердің вольт-амперлік сипаттамаларының ординаталарын қосу арқылы анықтайды (сур. 6.5).
Егер электр тізбегінде сызықтық емес элементтер араласып қосылатын болса, онда есептеу былай жүргізіледі:
барлық тармақталған (тармақталмаған) бөліктердің вольт-амперлік сипаттамалары анықталады;
барлық тізбекті тармақталмаған (тармақталған) деп қарастырады.
Егер сызықтық элемент сызықтық емес элементпен қосылған болса, вольт- амперлік сипаттамасын сол әдіспен анықтайды (сур. 6.6).
Сур. 6.6. Сызықтық элемент Сур. 6.7. Тізбектің вольт-амперлік
сызықтық емес элементпен сипаттамасы
қосылған тізбек
Жұмыстық нүктені Кирхгофтың екінші заңының көмегімен анықтайды:
E U2 IR1 ,
мұндағы U 2 сызықтық емес элементтегі кернеу.
Бұл теңдеу I және U координаттарында түзумен берілген. Егер
I 0
болса, онда U2 E , егер
U2 0 болса, онда
I E .
R1
Жұмыстық нүкте сызықтық емес элементтің вольт-амперлік
сипаттамасы мен тізбек теңдеуін анықтайтын түзу қиылысында орналасады (сур. 6.7).
Достарыңызбен бөлісу: |