Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері



бет13/109
Дата19.05.2023
өлшемі252,53 Kb.
#94850
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция

4.Мұғалімнің зерттеушілік іс-әрекетінің әдістері.
Ғылыми-қолданбалы білімдер жүйесі мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру алдыңғы қатарлы озат педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, үйрену, тарату және пайдалану, мектеп практикасына педагогика ғылымының жаңалықтарын ендіру, педагогика ғылымы мен практикасының өзара байланысын орнату, сондай-ақ, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында білім беру саласындағы педагогикалық шығармашылық пен жаңашылдықты енгізу, инновациялық педагогикалык технологиялардың қыры мен сырын меңгеруді үйрету болып табылады. Бұлардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып кетейік.
1) Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс - мұгалімнің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың алғышарты.
Әдістемелік жұмыс мұғалімнің өзін-өзі дамыту барысында өзінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға педагогикалық әсерінің қажетті мүмкіндігін қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты мұғалімді педагогикалық шығармашылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін-бірі толықтыруы ретінде анықтайды.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс өзара бір-бірімен тығыз байланысқан 2 бөліктен тұрады:
-оқу-әдістемелік жұмыс - педагоггарды оқу жоспары мен бағдарламасын құруға бағыттап, оқушыларды үздіксіз жалпы білім беруге даярлау идеясын жүзеге асырады, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын қамтамасыз етеді;
-ғылыми-зерттеушілік жұмыс - оқушылардың оқу материалын мең­геру механизмдері мен заңдылықтарын айқындауға, педагогикалық ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен техникасын меңгеруге көмектеседі, білім беру мазмұнының жаңаруына байланысты жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды меңгеру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау критерийлерін анықтау жолдарын үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет