3.Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының төсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы- сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.
Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.
Аралас сабақтың принциптері 1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.
2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.
3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Жауапкершілік принципі.
1. Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады.
2. Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы.
3. Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек.
4. Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек.
5. Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады.
6. Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны құрметтеу керектігін естен шығармау.
7. Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін ешуақытта жазалауға болмайды.
8. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді.
"Жауапкершілік" оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғаның өз іс-әрекетін бақылай білуі.